Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
«Отбасы» туралы түсініктерін кеңейту.
Отбасының адам үшін маңыздылығын жан – жақты ашу;
Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым – қатынасының дамуына ықпал ету;
Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-оқушылардың бойында «Отбасы» , отбасындағы қарым қатынасы, өзінің орны, міндеттерін білуге үйрету;
- оқушыларға өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге, әдет – ғұрып менгерту;
- өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту;
Көрнекіліктер:
ұлағатты сөздер, суреттер, үлестірмелі парақшалар, отбасы ағашы, презентация.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз.
Видео «Менің отбасым»
1. «Тіл өнері» - мақал - мәтелдің жалғасын табу
Ананың көңілі балада, ...
Тәрбие басы - ...
Ұяда не көрсең, ...
Балалы үй базар, ...
Ата көрген оқ жонар , ...
... – ананың бауыр еті, көз нұры.
Әке - асқар тау, ...
Дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы жүргізіп көрсетіңіз: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің ; тал бесік; баласыз үй қу мазар; бала;
ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді таны
тң келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен Томириске тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.)
IV. Мақал – мәтелдің жалғасын тап
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Ұлың – қымбат,
Немерең – ыстық.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Балалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде шуақ бар.
V. Поэзия минуты
Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел –отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті.
Балалардың отбасы туралы жыр шумақтарын оқуы.
VI. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасымның тарихы» тақырыбындағы слайд көрсету.
VII. Ойын: «Біз екеуміз бірге…»
Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру
Бауырласқан жанымыз
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар.
Х. Қорытынды
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын діңгегі
Достарыңызбен бөлісу: |