Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлеу білуге тәрбиелеу. Қыз бала -жолдасының жары, келін, ана



бет1/2
Дата10.09.2024
өлшемі28.22 Kb.
#503563
  1   2
тақырып пси


Мақсаты:  қыздар қауымымен сырласа отырып,
олардың тәрбиесіне көңіл бөлу,
эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді
үйрету, олармен пікірлесе отырып,
өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса,
соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.
Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа,
қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлеу
білуге тәрбиелеу.


Қыз бала -жолдасының жары, келін, ана
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп,
«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына
ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи
ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да
айтарлықтай әсерінің бар екені рас.
Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін – өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай – ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп – білім берумен қатар тағылымды тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.
Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйді арманысың.
Дәл қазір алдымызда сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, - дей келе сұрақ - жауап бөліміне шақырамын .

1. Халық арасына бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген. Соларды атап өтсеңіз?


2.Қазақ халқында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз?
3. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз?
4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз?
5. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз?
6. Анасы қыз баланы жастайынан қандай міндеттерге үйретеді?
7. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз?
Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі – жайнаған осы жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел – сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халық аузында қыздар туралы мақал – мәтелдер аз емес. Сол мақал – мәтелдерді атаңыздар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет