Тәрбиенің әдістері дегеніміз



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі21.38 Kb.
#464570
түріСабақ
1   2   3
тәрбие әдістері

Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.
Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау
Тәрбие құралдары дегеніміз оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары: 

  • Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);

  • заттар (ойыншыңтар);

  • рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);

  • бұқаралық ақпарат құралдары;

  • педагогикалық ықпал жасау құралдары.
    Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
    Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):

- этикалық әңгіме;
- әңгімелесу;
- пікірталас;
- дәріс;
- өнеге;
- көндіру.




Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері. [3]
Педагогикалық талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежеу қызметі бар.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі.
Жаттығу - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке қалыптастыру. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру. Олар белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданады.
Үйрету әдісі баланың мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Үйрету, жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау беру, машықтандыру, тапсырма.
Арнайы тәрбиелік жағдайлар құру – жеке адамның жағымды әрекеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып, мектеп арасындажарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға, оқушыға тапсырма беру арқылы іске асырылады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Этикалық әңгімені - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдау жасату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
· әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік
тәжірибесіне сәйкес болуы;
· әңгіменің қызықты, әсерлі болуы, жарқын мысалдар келтірілуі;
· оқушыларды әңгімеге тарту, олардың өз ойларын білдіре алулары;
· әңгіме барысында көрнекіліктер қолдану;
әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
· мазмұндау тілінің әдеби сауатты болуы.
Пікірталас –бұл оқушылардың пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста оқушы тақырып бойынша өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдай білуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы – ол оқушылардың ойланусезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді.
Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Жарыс – балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Мадақтау оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау.
Жазалау – жағымсыз әрекеттердің алдын алу, оларды тежеу, өзінің, жолдастары мен басқа адамдардың алдындағы кінәсін түсіну үшін қолданылады. Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
Бақылау, өзін-өзі бақылау және өз-өзіне баға беру әдістері:
Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрі бар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау, т.б. жеке адамның тәрбиелілігін зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады.
Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға, оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді.
Тәрбие әдістерін анықтауда мынадай көрсеткіштер есте ұсталынуы тиіс: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау; сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шет елдердегі жағдайларды бағалай білу.
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі - тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық үрдісте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. 1. Абайдың психологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі ауыл мектебі. Қ. Тәлімұлы.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III (01.01.19 жылы өзгерістер мен толықтырулар)

  3. Кожахметова К.Ж. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы. 2000.

  4. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық Тараз ТарМУ 2003

  5. Мектептің тәрбие үдерісін басқарудағы тиімді әдіс-тәсілдер. әдістемелік нұсқаулық /құраст.Н.Тайтанова. – Алматы, 2019. – 48 бет

Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев. И.С.Марынко. Г.И.Щукина. В.А.Сластенин.т.б. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11 - ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді. Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа белінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет