«тереңдетілген басқару есебі»



бет1/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136945
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК042-18-3.1.31/01-2013



«Тереңдетілген басқару есебі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№3 басылым




«ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН БАСҚАРУ ЕСЕБІ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6N0508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013






Мазмұны

















1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

4

3

Тәжірибелік сабақтар

4

4

Магистранттардың өздік жұмыстары

5




4

5

47



54



  1. ГЛОССАРИЙ

Басқару есебі – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.

Калькуляция - өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың ақшалай бейнедегі көрінісі.

Бюджеттеу - өндірістегі қысқа мерзімді жоспарлау.

Жалпы өнім – есептік кезеңде шығарылған барлық дайын өнім құнынан өз өндірісінін жартылай фабрикаттар құнын алып тастағандағы өнімдер құны.

Товарлы өнім – есептік кезенде шығарылған, өз өндірісінің және тапсырысшының материалдарынан жасалған, техникалық бақылаудан өтіп, қоймаға тапсырылған өнімдер құны.

Дайын өнім - өндірістің барлық стадияларынан өткен, техникалық талаптар мен стандарттарға сай келетін, пайдалануға дайын қоймаға өткізілген немесе сатуға арналған өнімдер.

Жартылай фабрикаттар - өндеудің алғашқы этаптарынан ғана өткен, әлі де өндеуді қажет ететін бұйымдар.

Калькуляция -өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік кұны.

Алдын ала жасалатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, кызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологаясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады

Бағдарланған шешімдер — алдың-ала белгіленіп, дайын процедурасы бой-ынша жүретін, дәстүрлі және стандартталған шешімдер.

Бағдарланбаған шешімдер — стандартталған емес, әлсіз құрылымдық жағдайындағы жаңа шешімдер үшін, әдеттегі мәселелерді шешуде қолданады.

Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Маржиналды табыс – бұл өнімді сатудан түскен түсім мен айнымалы шығындар бойынша есептелген, толық өзіндік құнның арасындағы айырма.

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі.

Өндірістің зиянсыздығы- өндірісте не табыс, не зиян болмағанда қалыптасатын жағдай.

Шығындар – белгілі бір материалдық игілік алу үшін жұмсалатын ресурстар.

Релевантты шығындар – ұйымда басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын өндірістік шығындар жиыны.

Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.

Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.

Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Шартты – тұрақты шығындар - өнім шығару көлемі өзгергенде шамасы өзгермейтін шығындар.

Шартты - ауыспалы шығындар - өнім шығару көлеміне сәйкес азайып немесе көбейіп отыратын шығындар.

Көпшілік өндіріс – үздіксіз ұзақ уақыт ағымында бір түрлі өнім шығаратын өндіріс типі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.

2 ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1 тақырып: Тереңдетілген басқару есебінің ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілері, белгісіздік жағдайындағы іс - әрекеттер теориясы

Дәріс сұрақтары:

1. Басқару есебінің функциялары.

2. Басқару есебін ұйымдастырудың әлеуметтік аспектілері.

3. Өнім циклі мен бәсекелестік ортасының өзгерісі.

4. Тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру және менеджментке жаңа жолдар.

5. Орта өзгерісінің басқару есебіне жүйелік әсері.

1. Бүгінгі тандағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді. Баскарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялык) кұру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды кұрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді. Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т. б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанда қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналды. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінін қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдық өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.


Басқарушы есептің ролі




Басқарушы есептің екіжақты атқаратын ролі


1. Ұйымдардың барлық мүдделерін қамтитын жүйенің опеациялары



Өндірістік есеп жұйесі шеңберіндегі өзіндік қызметтер операциялары


1.1 Мәселенің қойылуы



Мәселені шешуге арналған ұйымдастыру жұмыстары

Нәтижелерін бағалау






Басты мәселелер қатарына мыналар жатады:

  • Сату (өткізу);

  • Нарық үлесі;

  • өнімнің құрылымы;

  • табыс деңгейі;

  • акциядан түскен таза табыс;

  • басқарудың тиімділігі;

  • қоршаған ортаның факторлары;

  • диверсификация және тәуелділік;

  • жалақының сапалығы

Осы фразадағылар мына мәселелерді қамтиды:

  • әрбір басқарушының нақты талаптарына жауап беретін кері байланыстың жекеленген жолдарын дайындау;

  • өңделмеген мәліметтердің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар мақсаты бағытталған хабар нысанына қарай ақпараттар мен мәліметтерді беру;

  • ауытқу мен проблемалардың жай констатациясының орынан, түзету әрекетін енгізу бойынша нұсқаулар дайындау;

  • мәліметтерді жинау мен таратудың орталықтандырылмаған жүйесін жасау;

  • бухгалтер-талдаушы өз тәжірибесін басқарушыларға олардың міндеттері мен жоспарларына тұрақты бақылау үшін көмек көрсету;



Басқарушы есептің басты басқаратын аясы және осы этапқа кіретіндер:

  • Қажет ресурстардың үздіксіз болуын қамтамасыз ету;

  • Ресурстардың пайдалануын бақылау жасау;

  • Қойылған міндеттерді шешуге байланысты жұмыстардың аралық сипатын дер кезінде және бойынша дәл өлшеу;

  • Басшылардың шешімді жасау және түзетулерді енгізу әрекеттерін орындау барысында, оларға қажет мәліметтер мен нұсқауларды беру;

  • Басқарушылар үшін нұсқауларды дайындау және істің аралық шолуы барысында оларға көмек көрсету.

Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалтерлер



ассоциациясының (Аmerican Ассоuntinq Аdsociatien) түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқыңдады. Отандық экономикада басқарушы есепті жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып карағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы-талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мсн орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жрспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің, бір бөлігін беру орын алды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономикаңың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың рөлін дәлелсіз төмендетудің салдарынан — кесіпорынның техникалық өнеркәсіптік-каржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отаңдық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспорды жасаудың тәртібін еске салады. Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық талдау басқарушы есепте, нақты шығындардың сметалықтан ауытқуларын талдау кезінде пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылып жатқан бухгалтелік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикалық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Басқару іс-әрекеті тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі-бухгалтерлік есептің жеке жүйешесі ретінде қадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі. Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып- білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көрсететін кез келген. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін. Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді көздейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді. Желілік емес өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорының басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі.

Жоспарлау. бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі қаржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметтері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы керек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.

Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес. Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады. Бухгалтер-талдаушы жоспарлы көрсеткіштерден болатын кейбір өндіріс нәтижелерінің ауытқу жағдайлары туралы менеджерді хабардар еткенде, бақылау мен реттеу процесінде үлкен рөл атқарады. Басқаша айтсақ бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады. Бухгалтер-талдаушы дайындаған есептер, бір жағынан, жауапкершілік орталықтары басшыларының қызметін әділетін бағалауға мүмкіндік береді; екінші жағынан, менеджерлер мен басшыны қай учаскелерде жоспарлық көрсеткіштерге жету мүмкін болмағаны туралы хабардар етеді.

Іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу). Басқару есебі ақпарат пен есеп алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы. Жоспарлар жүзеге асыруға жауапты менеджерлерге жеткізіледі, оның үстіне, бұл ақпарат әр түрлі бөлімшелердегі менеджерлерге өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Сметаны орындау жөніндегі бухгалтерлік есептер менеджерге маңызды ақпарат ұсынады, ол басшылықты қаншалықты табысты атқарып отырғаны және ауытқушылықтар жөнінде басқару тәсілдері көмегімен қандай сұрақтарды қарастыру қажет екендігі жайлы тұжырымдар жасайды.

Ынталандыру. Бухгалтер-талдаушы жасайтын бюджет менеджерлерге жоспарлы көрсеткіштер туралы анық түсінік-таныстыру беріп, олардыұйым жұмысты алдына қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыра алуға жетелеуге, ынталандыруға тиіс. Бюджетті атқару туралы есептер еңбек өнімділігінің орындалған көрсеткіштеріне түзету енгізуді дәлелдеуге және нақты нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыру арқылы қандай көрсеткіштерге жетуге тиісті екендігі жайлы ақпарат беруге ынталы. Бұнда басқа, бухгалтер-талдаушы ұйым қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға мүмкіндік жасайды және болуы ықтимал басқару проблемалары және жан-жақты қарастыруды талап ететін мәселелер аумағын анықтауға үлкен көмек көрсетеді. Кәсіпорындағы бухгалтер-талдаушының кәсіби іс-әрекеті арқасында жеке қызметтері арасындағы ақпарат пен есеп беруді алмасу мен менеджерлердің бақылау мен реттеу процестерін атқаруы үшін негіз жасалады. Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріншіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді.
3. Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқарушылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географикалық, территориялық орналасуы әрқилы тұтынушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.

Жекелеген сегмент бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.

Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:



  • әр өнімнің пайдалылығын қадағалау;

  • әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау;

  • нақты пайданың болжалдыдан ауытқуын анықтау;

  • шығын құрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып тастау;

  • жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі;

  • бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.

Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы алу үшін өндіріс көлемі қандай болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтау қажет.

Өнім бірлігінің сандық есебі залалсыздық нүктесін есепсіз–ақ теңестіруге негізделеді:

Қалаулы пайданы алу үшін = Тұрақты шығын + Қалаулы табыс

сатылған өнім бірлігінің саны Өнім бірлігінің бағасы
Есептеудің тікелей әдісі теңестіру бірден – бір негізі болып табылатын жалпы табыс әдісі деп аталады.

Жалпы табыс = Өнімді өткізуден - Өзгермелі

(маржиналдық табыс) түскен түсім шығын

Мына фактіге назар аударған жөн: шешім белгіленген өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай – ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.

Қауіпсіздік аймағы = Жоспарланған сату – Залалсыздық нүктесінде өткізу
Қауіпсіздік шегінің = Жоспарланған сату + Залалсыздық нүктесінде өткізу

коэффициенті Жоспарланған сату

Залалсыздық нүктесі қауіпсіздік алаңын көрсетеді.

Жалпы талдаудан соң әрбір өнім немесе өнім ассортимент пайдасының жеке салым кестесі жасалады.

Өнім пайдалылығы = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы * 100 %

(рентабельность) Өнім бірлігінің бағасы

Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқайда кең тарау үшін сегментті есептің көп сатылы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай – ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының құрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.

Сондықтан әрбір бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.

Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаның және таза табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.

Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.

Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.


4. Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яки оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне мүлде әр түрлі әсер етеуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді. Осы кезге дейін Қазақстсінда аталған мәселе өз дәрежесінде ескерілмей келеді, ал бухгалтериядан алынатын ақпарат, кәсіпорыннын, шаруашылық жағдайын тиімді басқаруға қолайлы болып келе бермейді. Қазақстандағы әрекет етуші бухгалтерлік есеп жүйесі салық пен алымдар бойынша мемлекеттік кіріс Министрлігі мен қаржы Минситрлігінің мақсаттарына бейімделген, бірақ шаруашылық субъектісін ұтымды басқарудың қажеттілігі өз дәрежесінде ескерілмеген. Негізінен мемлекеттік органдар үшін іске асырылып жүрген бухгалтелік есеп жүйесі, мақсатқа лайықты деген пікірмен қелісуге болады. Сондықтан, бүгінгі тандағы мемлекеттік оргаңдарында қабылданып жатқан бухгалтерлік есеп беру нысандарының (формасының) мәселесін қозғамай-ақ, шаруашылық субъектілерін басқару жөнінде дәйекті шешімдер қабылдау үшін, қажет болатын басқарушы есеп жүйесі бойынша шаруашылық субъектісінің басшылығының нұсқауымен жүргізу болады. Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз көзқарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан олардың көзқарастары да өз деңгейінде танылған жоқ. Бухгалтер, ақпарат беретін бірыңғай аппараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерірінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етуші жүйе ретінде танылды.

Бәрімізге белгілі, басқарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес - бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалтерлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақталады), жедел-техникалық, статистикалық есеп, жоспарлау, бақылау мен экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақылаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды роль атқарады. Ол нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі және де бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда басқарушы есептің табиғатын, тереңірек олардың фунциональдық ерекшеліктерін жете түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді басқару мүддесіне толық сай келетін әдістерін көре білу қажет.

Осыдан келіп, біздің пайымдауымызша, өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен "басқарушылық шешімдерді жасау" мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:

Бірінші бабы мынадай басқару элементтерінен тұрады:

а) мәселеленің қойылуы (ақпараттар жинау, басқаруды синтездеу,


жоспар құру, шешім қабылдау, яғни басқаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты


бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтканда бұл, біріншіден, бірінші
бағыттың бастапқы екі элементін бір біртұтас бүтінге үйлестіруді,
екіншіден, қол астындағыларды оқыту және оларды даярлауды
білдіреді);

в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) кұру, запастарды басқару және т. б.

Демек, басқарушы есептің ролі — бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру. Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді шешу үшін, басқарушы есептің өзіндік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы есептің роліне басты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел басшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді қажет етеді.

Яғни, болашақта кәсіпорыңды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жағдайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бүл, біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды. Екіншіден, шаруашылық субъектісіне қажетті қаржылық және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбүр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюнктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдақтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б. Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.

Осының барлығының нәтижесінде шаруашылық субъектісіде, бір жағынан, басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардын нәтижелерін бағалау үшін, толық және дер кезінде акпараттардың болуына деген кажеттілік туындайды. Басқа жағынан, шаруашылық субъект өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе салуға ниеттенуге) сәйкес акпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге, нарық жағдайында салықтық аударылымдардын дұрыстығы туралы мемлекетке есеп беру қажеттілігі сақталады.


5. Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есеп есеп жүргізушілік пен статистикалық қызметінен гөрі, шаруашылық субъектінің қызметі туралы ақпараттарды беру, өңдеу, жинаудың, сондай-ақ, мүдделі жақтардың өздерінде бар ақша қаражаттарын қалай ұтымды инвестициялау керектігі жөніндегі талабына жауап беретін, және олардың қабылдаған шешімдерінің негізділігіне көздерін жеткізетін құралына айналды.

Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана бухгалтер-талдаушы ғана ие, себебі ол шаруашылық субъектінің экономикасын үғынуға қабілетті, қаржылы-есептік мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды.

Бүтіндей сірә, шаруашылық субъектінің қаржылық сәттілігі, ұйымдастыру деңгейіндегі басқарушы есептің жүйесіне тура пропорционалды болып келеді.

Осыдан, ең бастысы — мақсаттарды таңдау, сосын басқарушы есептің осы роліне қайшы келмейтін сәйкестікте әрекет ету варианттарын таңдау және оны қолдана білу. Менеджерлер әр заматта акпараттарға зәру болады, егер олар бухгалтер-талдаушылар дайындаған ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын болса, онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Басқарушы есепті дұрыс ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін жете түсіну болып табылады. Дәлірек айтсақ, оптималды шешімдерді қабылдаумен басқарушы есептің ролі тығыз байланысты, онда ол іс әрекеттің баламалы варианттарын дайындау үшін қарапайым және қисынды негіз жасауға мүмкіндік береді. 3- суретте шешімді қабылдау процесінің моделі және үлгісі көрсетілген. Бастапқы бес кезеңі шешімді қабылдау мен жоспараудың процесін көрсетеді. Осының ішінде жоспарлау негізінен шешімді қабылдаудағы іс әрекеттің баламалы варианттарын таңдауда ең үлкен роль атқарады. Соңгы екі кезең таңдап алынған баламалы варианттарын жүзеге асыру мақсатымен, нақты көрсеткіштерді түзету мен бағалаудан қалыптасатын тікелей басқару процесін көрсетеді Енді біз бұл кезендерді жеке-жеке қарастырып көрейік.

Еске сала кетейік, дұрыс шешім қабылдамас бұрын, әрбір әрекеттің варианттары бойынша басымдылығын бағалай отырып, шешімді қабылдаушыларға мақсаты мен негізгі бағыты туралы анықгауға барынша мүмкіндік беру керек. Осыдан, шешімді қабылдау процесінің бірінші кезеңі — мақсаттарды анықтау және мәселелерді ұйымдастырудан тұрады. Компанияның мақсаттары мен мәселелері неден туындайды және соның ішіңде максималды табысқа қол жеткізу мақсатын негіздеуде әр түрлі аргументтердің ұсынылуы жөнінде қызу пікір таластың болғаны жөн.

Мақсаттарды анықтағаннан кейін бухгалтер-талдаушы іс-әрекеттің (немесе стратегияның) баламалы варианттарын іздестіреді, сондықтан ШС басшысына төмендегі іс-әрекеттің варианттарының біреуіне немесе бірнешесіне сүйену ұсынылады:



  • қолданыста жүрген нарық жағдайына бейімделген өнімнің жаңа түрлерін сатуға дайындау;

  • өнімді сату үшін тыңнан жаңа нарығын іздестіру, яғни ол үшін жаңа өнім түрлерін дайындау;

  • өндірілген өнім түрлері бойынша, өздігінше жаңа нарыкты жасау, (игеру)

Баламалы варианттарды іздестіруде бухгалтер барлық мүмкін болатын баламаны анықтауы керек. Мысалы, басқарушы офиске қызмет көрсетуде өзінің мәселелерін шешу үшін мынадай шығындарды қысқарту баламаларын анықтайды:

  • запастар, материалдар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды жақсарту;

  • нысандарды және басқа да баспа материалдарын стандарттау;

  • көрсетілген мерзімінен тыс жұмыстарды қысқарту;

  • қызметкерлердің еңбегін тиімді пайдалану;

  • контор (кеңсе) жұмыстарын автоматтандыруды дамыту;

  • материалдарды ысырап қылу мен ұрлықты болдырмау үшін бақылауды жақсарту.

Әр түрлі іске кірерде олардың кұндылығын ескеретін, творчестволық ойлай білетін басшы, осы кезенде белсенді түрде идеяларды немесе ойларды іздейді және өз қарамағындағыларға өзінің нұсқауларын береді. Ол айқындалған (табылған) балама саны көбейген сайын, мәселелерді табысты шешу үшін мүмкіндіктердің көбейгенін білдіреді.

Баламаларды салыстыра отырып, басқарушы бірінші кезекте: ақша мен адамдарға деген қажеттілігін, инвестицияның қайтарымын, талап етілетін уақытын, басқа бөлімшелердің мұқтаждары, еңбек қатынастарына әсер етуін, қолда бар артықшылықтарын пайдалануын және басқа да осы сияқты іске қатысы бар факторларды қарастыру керек. Тандап алынған баламаларды іске асыруда, олардың іске асатындығын қайта тексеру керек, яғни реализм тағы да жоспардың шешілетін мәселелерге сәйкестігін бағалаудың шешуші кілті екендігіне көзін жеткізу керек. Осы мәселелерді және жоспарды ұсынып отырған басқарушы да, оның басшысы да оларды қарауға және бекітуге міндетті. Олар бұл жоспарларды жақтау кезінде, оны тағы да зерттеуі керек, ол үшін оның мына ретте сәйкестігін қараған жөн:



  1. Қалыптастырылған жоспардың күтілуі қаншалықты негізделген, яғни қойылған мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар ма? Егер олай болмаса, онда жоспарлар мен мәселелер бұл сұраққа жауаптың жағымды болатындай етіп қайта қаралуы тиіс.

  2. Тәжірибеде бар барлық баламалар анық анықталды ма және бағаланды ма?

  1. Барлық негізгі кезеңдердің орындалуының нақты уақытша графигі ұсынылды ма?

  2. Ұсынылған графикке сәйкес жоспарды іске асыру барысында, оны сандық өлшеуге мүмкіндік бар ма?

  3. Жоспардың іске асырылуына қатысы барлар үшін түсінікті ме?

  4. Активтерді пайдаланылудан түсетін қайтарымдарды оңтайлатуға мүмкіндік бар ма?

Таңдап алынған іс-әрекеттердің баламалы бағыттары бюджетті жасаудың жол сілтейтін нүктесі болып табылады. Смета -бұл әкімшіліктің қабылдаған әр түрлі шешімдерін жүзеге асырудың қаржылық жоспары. Смета түсімдері және қолма-қол ақшалардың кері ағылуы, сатудан түскен табыстар мен шығындар ескеріледі. Сметаларда болашақ нәтижелер мен ұйымның ниеті шоғырланған нысанда, біртұтас құжатқа жинақталып көрсетіледі. Бұл кұжат қорытынды қаржылық смета деп аталады және табыстар (кірістер) мен шығыстардың сметалық шоттарынан, қолма-қол ақша қозғалысының есеп айырысуы мен баланстан тұрады. Сметаны жасау барысында ұйымның әрбір бөлімшесі, әкімшіліктің жормалданған шешімдерін жүзеге асыру туралы өздерінің ролің білгені жөн.

Қызметтің нәтижесін бақылау (мониторинг) үшін бухгалтер сметаның орыңдалуы жөнінде есеп беруді дайындайды және белгілі бір шешімдерді орындауға жауапты менеджерлерге ұсынады. Сметаны жасау кезінде бухгалтер-талдаушы қысқа мерзімді жоспарларды дайындауға баса көңіл аударады және өткен кезең нәтижелері туралы мәліметтердің қалыптастыруына да жауапты, себебі олар болжау көрсеткіштерін жасауға қажет болады. Одан баска, ол жұмыс графигі мен сметаларды жасау процедурасын белгілейді, ұйымның барлық бөлімшелерінің қысқа мерзімді жоспарларды дайындауын үйлестіреді және осы жоспарлардың тығыз өзара үйлесімділігін қадағалап отырады. Сосын ол бұл жоспарларды жоғарыдағы басшының бекітуі үшін, барлық ШС бойынша жалпы жинақгалған қаржылық сметаларын жасайды.

Сөйтіп бухгалтер-талдаушының көз қарасы тұрғысынан сметалар өздерінің қарапайым нысанында, бірлесіп қарастырылған барлық басқарушылардың жоспарлары мен мәселелерінің, жоспарлы (мақсатты) кезеңде бүтіңдей ұйымның табыстары мен шығыңдарына әсер ететіңдей, ақшалай көрсетілген бірліктің сандық көрінісі болып табылады.

Ерекше атап өтетін жайт, бұл табысты әрекет етуші субъектілердің, сметаны жоспарлауда қажетті шараларды таңдау, яғни барлық басқарушылық команданың бірлескен жұмыстарының нәтижесі ретінде, міндеттемелерді жасау үшін пайдалы екеніне көздері жету керек. Бизнес қадамы осы процестің жалпы тізбегінде деп айтуға мұқтаждық жоқ, бірақта ол барлық қажетті қадамдарды (шараларды) өзіне кіргізуі керек



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет