Көк тамырға дәріні жіберу, мақсаты, техникасы, асқынулары
Мақсаты:
Дәрілік ерітіндіні күре тамырға жіберу, дәрілік зат 1-2 минут ішінде әсер етеді. Нақты мөлшерде жіберу. Дәрінің мөлшері бір рет егілгенде 10-20 мл.
Қарсы көрсетпелері:
Дәрілік затқа аллергия, тері мен тері асты шел қабатының зақымдануы, күре тамырдың қабынуы.
Егілетін орны:
Шынтақ иіні, қол ұшының беткі күре тамырлары, аяқтың беткі күре тамырлары, бассүйек күмбезінің беткі күре тамырлары.
Жабдықталуы: шприц 10 немесе 20 мл, ине ұзындығы 40 мм, стерильді астауша, пинцет, стерильді салфетка, дәрілік зат, 70% спирт, мақта шариктері, бұрау, валик.
Іс- әрекеттер:
1. Қажет заттарды дайындап, науқасқа манипуляция мақсатын түсіндіру.
2. Бет перде, қолғап кию.
3. Пакетті ашып, шприцты жинау, ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен 2 рет өңдеу.
4. Қажет мөлшерде дәріні ампуладан алу, инені ауыстыру ауасын шығарып, иненің қалпағын кигіздіру. Шприцты астаушаға салу.
5. Науқасты отырғызу немесе жатқызу.
6. Иық пен шынтақ иінін ашамыз. Шынтақ иінің астына жастықша қоямыз.
7. Иықтың үштен екі бөлігіне резиналық бұрау қойып, шынтақ иінін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртеміз. Науқас қолын ашып жұмып жұмыс істеу керек.
8. Сол қолдың екінші саусағымен тамырды бекітіп ұстаңыз. Иненің қиылысын жоғары қаратып, әуелі теріні, сосын көк тамырды тесеміз.
9. Науқастың қолын былғамас үшін, иненің астына мақта шаригін қоямыз. Шприцтің поршенін жәй өзімізге қарай тартып көргенде, қан болса, онда көк тамырға түскеніміз.
10. Ерітіндіні жәйлап жібер алдын резеңке бұрауды шешіп, жұдырығын ашып ерітіндіні жайлап жібереді.
11. Дәріні жібергеннен соң спиртке малынған мақта шаригімен басып инені алу қажет. Науқастың қолын 1-2 минутқа бүгу керек.
Асқынулары: гематома күре тамырға дұрыс түспегенде, тері астына қанның ұюы, оған жартылай спиртпен компресс қою керек. Некроз (тітіркендіргіш дәрі тері астына кеткенде) 10% кальций хлорид. Тромбофлебит (күре тамырды қайта қайта тескеннен). Ауа эмболиясы, асептика ережесі бұзылғанда сепсис
Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған кездегі медбикенің атқаратын іс- әрекеттері:
1. Қолды сабындап жуу. Электроқұрғатқыш немесе орамалмен құрғату.
2. Қолды спиртке батырылған мақта шариктерімен өңдеу (біреуі алақанды, екіншісі алақанның сыртқы бетін). Қолды саусақтар ұшынан бастап білезікке қарай бағытта өңдеу.
3. Қолғапты киіп, емделушінің шынтақ сүйегінің астына жастықшаны
салыңыз.
4. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыңыз; қолғапты спиртпен өңдеңіз.
5. Емделушінің жұдырығын “ашып-жауып” жұмыс істеуін сұраңыз.
6. Теріні спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеңіз.
7. Шынтақ иінінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек. (бұл жағдайда емделушінің қолы жұдырыққа түюлі).
8. Көк тамырға иньекция жасап керекті мөлшерде қанды алыңыз (5-10мл).
9. Бұрауды алып, емделуші жұдырығын ашуын сұрау керек.
10. Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені
шығарып алу керек.
11. Емделушіден 5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз.
12. Қанды пробиркаға салып жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |