Биология • экожүйелер • Қоректік тізбек 1 1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.26 Mb.
#487151
  1   2   3   4   5   6
kktwig-orektik-tizbek



Қоректік тізбек
БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ҚОРЕКТІК ТІЗБЕК
1
1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер
• Қоректік тізбек дегеніміз не?
• Ұсынылатын фильмдер

- Мұхиттағы қоректік тізбек
 
- Қоректік тізбек дегеніміз не?
• Қоректік желі дегеніміз не?
 Лашындар – кішкентай құстармен
қоректенетін жыртқыштар
Қоректік тізбек экожүйедегі қоректену қарым-қатынасын сипаттайды. 
Мысалы, орман экожүйесінде ағаш жапырақтарын жұлдызқұрттар 
жесе, жұлдызқұрттарды өз кезегінде торғайлар жейді, ал торғайларды 
қаршығалар жейді. Бұл қоректік тізбекте ағаштар продуценттердің рөлін 
атқарады, себебі олар фотосинтез деп аталатын процесс арқылы қорек 
жасап шығару үшін, күн сәулесінің энергиясын қолданады. Қоректік 
тізбектің жоғарғы сатысындағы барлық өзге ағзалар ағаштар жасайтын 
қорекке сүйенеді. Жұлдызқұрттар секілді ағаштармен қоректенетін 
ағзаларды бірінші реттік тұтынушылар немесе шөпқоректілер деп 
атайды. Ал шөпқоректілермен қоректенетін торғайларды екінші реттік 
тұтынушылар немесе етқоректілер деп атаса, қаршығаларды үшінші 
реттік тұтынушылар немесе жоғарғы деңгейдегі етқоректілер деп 
атайды.
Қосымша сұрақ
С1. Трофикалық деңгей дегеніміз не?
Трофикалық деңгей қоректену деңгейін көрсетеді. Продуценттер бірінші трофикалық деңгейден, шөпқоректілер 
екінші трофикалық деңгейден, ал етқоректілер үшінші деңгейден орын алады, және солай жалғаса береді.
ДИАГРАММА 01:
Шынайы экожүйелердегі қоректік тізбектер бір-бірінен 
оқшауланбайды, керісінше бір-бірімен тығыз байланыста 
болады. Оларды қоректік желілер деп атайды, және олар 
экожүйедегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді. 
Қаршығалар торғайлармен қатар, басқа да кішкентай 
құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді, ал 
олар өз кезегінде әртүрлі қорек көзімен қоректенеді, 
бірақ кейбір қорек көздері үшін олар басқа ағзалармен 
бәсекеге түседі. Сондай-ақ, кейбір ағзалар бір 
трофикалық деңгейге ғана қызмет етпейді, сондықтан 
оларды талғаусыз қоректенетін ағзалар деп атайды. 
Қосымша сұрақ
С2. Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы 
білудің маңызы неде?
Экожүйедегі түрлер өзара тығыз байланыста 
болғандықтан, кейде бір популяциядағы шағын 
өзгеріс басқаларына зор және күтпеген әсерін тигізуі 
мүмкін. Сондықтан адамның іс-әрекетінің экожүйе 
қызметіне қалай әсер ететінін білу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет