Терінің вирустық аурулары Вирустық этиологиясы анықталған ауруларға


Жұқпалы моллюск / MOLLUSCUM CONTAGIOSUM /



бет3/3
Дата18.12.2023
өлшемі25.94 Kb.
#486846
1   2   3
Вирустық тері аурулары

Жұқпалы моллюск / MOLLUSCUM CONTAGIOSUM /
Этиологиясы.Қоздырғышы фильтірленуші вирус. Инкубациялық кезеңі 15 күннен бірнеше айға созылады. Балабақшаларда эпидемиялық таралуы мүмкін.
Клиникасы. Теріде тығыз, сәл жылтыр, жарты шар тәрізді, калыпты терінің түсіндей немесе қызғылт, түйреуіш басынан бұршақтың үлкендіндей түйіншектер пайда болады. Олардың ортасында кіндік тәрізді шұңқыр байқалады. Пинцетпен қысқанда түйіншектен эпителийдің мүйізденген клеткаларынан осы ауруға тән, сопақтау денелерден тұратын, ақ түсті ботқа тәрізді қоспа шығады. Түйіншектер бір – бірден немесе көптен түзілуі мүмкін және олар сезімсіз болады. Көбінесе бетте, қабақта, мойында, қолдың сыртында, ересек адамдарда жыныс мүшелерінде, шапта, қарында орналасуы мүмкін. Емсіз 2-3 айға созылып, өзі – өзінен қайтуы мүмкін.
Емі. Түйіншектің ішіндегісін қысып алып, йодтың 2% тұнбасын жағады. Электрокаустика, диатермокоагуляция қолданады. Егер бөртпе көп болса антибиотиктер (террамицин, биомицин) метисазон, гамма – глобулин, бонафтон, риодоксол, дезоксирибонуклеаза т.б. дәрілер ұсынылады. Ауру балаларды оңашалайды. Оның пайдаланған заттарын (орамал, ойыншық, төсек орнын) залалсыздандырады. Бөлмелерде дымқыл уборка жасалады, ауасы тазартылады.

Қызғылт теміретке / PITYRIASIS ROSEO GIBERT /
Бұл ауру жұқпалы ауруларға жатқанымен қоздырғышы әлі анықталмаған. Ф.Броктың пікірі бойынша бұл вирустық ауру. Көбінесе көктемде және күзде кездеседі. Ауру продромалдық белгілерден басталады: дене қызуы жоғарылап 37,5-38о С дейін, басы ауырып, әлсізденуі мумкін. Денеде симметриялы орналасқан диаметрі 2-3см көлемінде қызғылт таңба пайда болады. Көбінесе кеудеде орналасады, дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Бірнеше күннен кейін орта жағы өзгере бастайды, тері қоңырқайланып, мүйізденген қабаты жиырылып кебекті қабыршақпен жабылады, вйналасында жіңішке қызғылт қоршау болады. Бөртпе шығардан 5-6 кун бұрын кеудеде « аналық » деп аталатын бляшка пайда болады, кейін теріде ұсақ бөртпе шығады. Бөртпе кеудеде, арқада, аяқ-қолда болуы мумкін. Ауру 4-8 аптаға дейін созылады. Кей жағдайда орнында лейкодерма қалуы мүмкін. Әдетте бұл ауру қайталанбайды. Тітіркендіретін мәнбірлерге: сулы процедуралар, терлеу, тығыз, қатты киім кию, әр түрлі күшті майлар қолдану, күн сәулесі жатады.
Емі. Антибиотиктер (эритромицин, левомицетин), кальций препараттары, витаминдер А,С. Жергілікті емге индеференттік май, крем, болтушкалар қолданылады. Бөртпе кеткенше шомылуға болмайды, әсіресе жөке сабынмен ысынуға болмайды, ыстықта, далада, ыстық цехтарда жұмыс істеуге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет