Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
Мақсаты: өмірлік маңызды органдардың функцияларын қалпына келтіру.
Керекті құралдар: эпинефрин, атропин, амиодарон, 0,9% натрий хлориді еріт. 4% натрий бикарбонаты, лидокаин.
Диагностикалық шаралар:
1) санасын анықтау; санасы болмаса 103 шақыру.
2) ұйқы артерияларынан пульсті анықтау;
3) кеуде қимылына қарап тынысын анықтау,көз қарашықтарының мөлшері мен жарыққа реакциясын анықтау.
Тактика:
Қысып тұрған киімдерін, белбеуін босатады. Басы мен денесін қатты жерге жатқызады. Аяқтарын 30-40° -қа көтерсе, қанның жүрекке қайтуы артады.
САВ реанимация бағдарламасы:
С стадиясы:
Төс сүйегіне 1 минутта 100 рет компрессия жасайды. Сонда 18-20 секундта 30 компрессия және 2 рет вентиляция болуы тиіс.
А стадиясы: вентиляция-дем беру. Ауыз қуысын бөгде заттан, протезден, құсықтан тазалайды.
Сафардың үштік әдісін орындайды:
1. Басын кері шалқайтады.
2. Астыңғы жағын(иегін) ілгері жылжытады.
3. Ауызын ашады
В стадиясы:
«Ауыздан ауызға», немесе Амбу қапшығымен өкпелеріне - 1 рет терең үрлеп дем береді. «Көремін, естимін, сеземін» амалын орындайды. Егер ауа өкпесіне кетсе, 2-ші рет үрлейді. Егер кетпесе, басын кері шалқайтып, тыныс жолын ашады, үрлеп дем беруді қайталайды.
Кеуде компрессия мен дем үрлеу арақатынасы құтқарушылар санына байланыссыз 30:2 болуы керек. Мұны 1 цикл деп атайды. 5 цикл 1 периодты құрайды. 1 период шамамен 2 минутқа созылады. Осыдан соң 10-15 секундқа үзіліс жасайды, мұны стоп-анализ деп атайды, яғни, науқастың жағдайын, А/Қ, пульсін, тынысын тексереді және құтқарушылар орын алмастырады. Тағы да 30:2 арақатынаста тірілту шарасын жедел жәрдем келгенше немесе тірілгенше жалғастырады.
4. Тірілту шараларының тиімділігі көрсеткіштері(критерилері):
а/ жалпы белгілері пайда болса: цианозы азайып, терісі қызара бастаса, көз қарашықтары тарыла бастап, жарыққа реакциясы қалпына келсе, көз алмасы қимылдаса;
б/ гемодинамикалық белгілері: науқастың систоликалық қан қысымы 70-80 мм.с.б.б көтерілсе, өздігінен тыныс ала алса, пульсі ұйқы артериясы ғана емес, шеткі артерияда да пайда болса,
в/ ЭКГ-да жүрек жиырылуы көріне бастаса жүрек-өкпе реанимациясын тоқтатуға болады.
Дәрілері: адреналин (эпинефрин) (0,1%) к/т 1,0 мл (1 мг) +10 мл NaCl еріт. лидокаин 1,5 мг/кг. + 20 мл 5% глюкоза; натрий бикарбонаты 2 мл 4% еріт. /1 кг салмағына.
Мына сұрақтарға жауап бер:
1.Клиникалық өлім деген не?
2. САВ тірілту бағдарламасы деген не? 1 период неден тұрады?
3.Тірілту шарасы кезінде берілетін дәрілер қандай?
Жүрек кенет тоқтап қалған кезде реанимация шараларын жасау кезінде автоматты сыртқы дефибриллятор табылса, шараны тоқтатып, дефибриллятордың электродтарын кеуде торына жапсырып жұмысқа дайындайды. Дефибриллятор көмегімен жүрек ритмін талдайды. Егер қ.фибрилляциясы/қ.тахикардиясы анықталса автоматты режимде бір электр импульсі беріледі. Бұдан әрі реанимация шараларын жалғастырады-2 минуттай, содан соң жүрек ритміне анализ жасайды.
Кеңейтілген реанимация алгоритмі
Зардап шегушінің жүрегі тоқтаған, тынысы жоқ
30:2 реанимация шарасын бастау
Дефибриллятор электродтарын жапсыру
Жүрек тоқтау нұсқасын анықтау
Дефибрилляция қажет
САВ алгоритмі
Егер қарынша фибрилляциясы/
қ.тахикардиясы
анықталса
Егер асистолия/электро-механикалық диссициация анықталса,
1)
2)
3) Әуелі бірінші разряд береді-
Достарыңызбен бөлісу: |