Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу мен оқыту қазіргі уақытта əлеуметтік-педагогикалық мəселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі «тəртібі қиын» оқушылар санының жылдан жылға артып келе жатқандығын көрсетеді. Бұдан сəл ертерек уақытта «қиын оқушыларға» көбіне жасөспірімдерді жатқызсақ, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы топқа жататындар аз емес екендігі байқалады. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тəрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тəртібі қиын оқушыларды» тəрбиелеу жүйесінде адамгершілік тəрбиесі маңызды орын алатыны белгілі. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сансалалығын ескере келгенде, адамгершілік тəрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Жалпы, мінез-құлықтағы қиындық жəне «қиын балалар» түсінігі 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. А. Макаренко, С. Шацкий, Л. Выготский, П. Блонский, тағы басқалар «қиын» балалар мəселелерін жан-жақты зерттеді. Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тəрбиесін тұлға бойындағы адамдық, парасаттылық, имандылық, тектілік жəне ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса, адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері əл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр.
Осы ой-пікірлерлерге ой жүгіртсек, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм сəулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пəндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол асыл қазына болып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тəрбиесінде адамгер- шілік мəселесіне жоғары талап қоя білу байқалады. Ыбырай Алтынсарин досы Н.И. Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызында менің көптен күткен ісім орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бəрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірісіп кеттім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан əсер етуге бар күшімді салып отырмын», — деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскендігін зор қуанышпен жеткізді.
Ағартушы-педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті оқу-тəрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тəрбиесінде мұғалімнің рөлі ерекше екендігін түсіндіреді. Əрине, бұл мəселе қазіргі уақытта да маңыздылығын жоғалпағандығы белгілі. Бiрде бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тəрбиелiк тəжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес.
Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл əлемдiк тəлiм-тəрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шəкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қасиеттерінен көрiнетінін байқадық. Ол өз еңбегiнде: «Мен балаларды жазалауды қалайтын қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн жойып аласың», — дедi.
Ж. Аймауытов баланы саналы азамат етіп тəрбиелеуге байланысты құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол «тəрбиенiң негiзгi мақсаты мiнездi түзеу, адамгершілікке қызмет ету, адал еңбек ете бiлуге тəрбиелеу» деген қағиданы қолдай келiп, «баланы тəрбиелеу үшiн əрбiр тəрбиешiнiң өзi тəрбиелi болуы керек. Себебi бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек», дейдi.
«Тəрбие мақсаты — баланы тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығару емес, болашақ өз заманына лайық қылып шығару ғой» деп М. Жұмабаев тəрбие мақсатын келер күн талабымен байланыс- тырғысы келеді.зірҚгаі таңда, ақпараттың дамыған заманында, бəсекеге бейімді ұрпақ тəрбиелеу оңай іс емес. Интернет желісімен санасын улап, психологиясы əлсіз, тынымсыз, шыдамсыз оқушыларды өмірдің алауан түрлі сынына дайындаудың қиындығын М. Жұмабаев болжап дұрыс айтқан [1].
Қиын балаларды тəрбиелеу мəселесі ХХ ғасырдың 20–30-жж. бастап, күні бүгінге дейін
педагогтардың, психологтардың жəне заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, қəртыжа қарастыры-
лып келе жатыр. «Қиын», «педагогикалық ықпалдан тыс қалған», «тəрбиесі қиын» балалар түсініктеріне келер болсақ, алдымен, қиын балалар деп тəрбиесінде кем-кетігі бар балаларды, педагогикалық ықпалдан тыс қалғандарды, тəрбиеші, ата-ана қарауынсыз қалғандарды, тəрбиесі қиын жəне мінез-құлқында ауытқушылықтар басым балалар қатарына жатқызуға болады. Оларды
жалпы жəне өзіндік ерекше-елрігкет қарап бөлуге болады. Тəрбиесі қиын балалар мəселесі
педагогикалық тұрғыдан Д. Дриль, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, психологтардан В.Г. Ананьев, А.Г. Асмолов, А.А. Бодолев, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, отандық педагог- ғалымдардан Г.А. Уманов, В.В. Тифонов, Л.К. Керімов, отандық психологтардан М.М. Мұқанов, Ж.Н. Намазбаева жəне тағы басқалар қарастырса, əлеуметтану саласы бойынша Ш.Е. Жаманбалаева өз зерттеулерінде жасөспірімдердің əлеуметтік жəне жеке даралық білімдері мен өмір тəжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыстарын басқарып отыруға өз билктері мен бостандықтарының алатын орнын айқындаған.
Л.К. Керімов өзеегіңнбде қиын оқушыны жеке дара қайта тəрбиелеу тұжырымдамасын жəне ондағы педагогтың іс-əрекетінің белгілі жүйесін көрсетсе, Ш.Е. Жаманбалаева мінез-құлығында ауытқушылық бар балалардың əлеуметтік аспектілерін қарастырған.
Қиын бала мінез-құлқын ғалымдар жан-жақты қарастырғанына қарамастан, бұл мəселенің əлеуметтік педагогикалық мүмкіндіктері нақты көрсетілмеген. Балалардың қиын тəрбиеленуінің өзіне тəн себептері бар, олар: отбасы, мектеп тəрбиесінің кемшіліктері, тұлғалық жəне биологиялық факторлар мен қоршаған қоғам ықпалы.
Қиын балалармен тəрбие жұмысын жүргізудің өзіндік топтары бар жəне олармен тəрбие жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мəсленің басын шешу ата-анадан, қоғамнан бастау алатыны сөзсіз. Ол үшін отбасы ішіндегі мəселелерді орнықтыру бірінші орында болу керек.
Қазіргі жас ұрпақтың болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып ұжымдық, шығармашылық істерге қатыстырудың тəрбиелік маңызы зор. Сондықтан мектепте жүргізілетін тəрбие жұмыс- тарында ұстаз оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істегені абзал. Себебі мұғалім оқу-тəрбие саласында қандай жұмыс жүргізгенімен, сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын жете білмесе, алға қойған мақсаттарына жете алмайды [2].
Аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменский өзінің еңбегінде адамгершілік тəрбиесіне үлкен мəн беріп қараған. Ол «Аналар мектебi» атты кiтабында отбасы тəрбиесiне байланысты өз ойын білдірді.
Джон Локк өзiнiң «Тəрбие жөнiндегi ойлар» деген еңбегiнде тəрбиенiң психологиялық негiз- дерiне жəне адамгершiлiк қалыптастыру мəселесiне үлкен мəн бердi. Баладағы тума қасиеттердi жоққа шығара отырып, ол нəрестенi не сызса сол болатын «таза тақтаға» теңеумен, тəрбиенiң үлкен əсерлi күш екенiн баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо керiсiнше баланы табиғаттан дарынды деп таныды. Осыдан, оның ойынша, тəрбие баладағы тума қасиеттердiң дамуына кедергi болмай, оған толық еркiндiк берiп, əрi оның қызығулары мен құмарлығына икемделуi тиiс деген тұжырымға келдi. Психология ғылымында да осыған орай көптеген зерттеулер жүргізілген болатын. Ата-анасы ие қасиеттерге баласы да ие болады. Тек, керісінше, болмыста көрінуі мүмкін. Мысалы, анасы биші бала əнші немесе музыкант, дарынды суретші болуы ықтимал.
М.Г. Песталоций педагогикада алғашқылардың бiрi болып тəрбие мекемелерiнде теориялық қызмет пен тəрбие iс-əрекетi бiрлiгiнiң маңыздылығын көре бiлдi. Өзiнiң «Лингард пен Гертруда» шығармасында ол тəрбиенiң адамгершiлiкке негiзделуi, балаларға сыйластық қатынас жəне оларда адамға деген мейiрiм мен қайрымдылыққа баулу хақындағы демократиялық идеяларын дамытты. Күнделiктi педагогикалық қызметiнде Песталоций балалардың оқуы мен тəрбиесiн олардың мүмкiндiгiне орай еңбекпен ұштастыруға көңiл бөлдi, балалар қауымының тəрбиелiк ықпалын пайдалана бiлудi уағыздады. Баланы еңбекке баулу оның өмірге деген құлшынысын оятып, күн- делікті тіршіліктегі мəселелерді өздігінен шеше алуына көмектеседі. ХХІ ғасырдағы балалардың еңбек қабілеті өте төмен деңгейге жетіп отыр. Оның бəрі жаңа технологиялардың пайда болуы мен адамдардың оған тəуелділігімен тығыз байланысты.
«Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек», — дейді белгілі педагог К. Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыдан ойластырылып шешілген оқу-тəрбие үрдісін шебер жүзеге асыру үшін əрбір мұғалім, тəрбиеші, бүкіл мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды, яғни нақты сол істі басшылыққа алатын ғылыми негіздерді, табуы тиіс.
Қазіргі уақыт талабы — білім мен техниканың ерекше қарыштап дамыған заманы. Тəрбие мəселесі де қазіргі заманның өршіп тұрған мəселелерінің бірі болып тұрғаны белгілі. Себебі уақыт талабына сай оқушылар компьютермен ұялы телефонға əуестігі басым болып баратындығы жалған емес. Отбасында ата-аналары бала тəрбиесіне көңіл бөліп, күнделікті өмірі, сабағы, қайда жүргендігі жайындағы мəліметпен хабардар болып, тұрақты бақылау жүргізуді қолға алғаны жөн. Бала тəртібінің бұзылуы ата-ананы қиын жағдайларға итермелейтіндігі сөзсіз. Бұл орайда ата-анамен сынып жетекшінің атқаратын рөлі өте зор. Тəрбиелік мақсатта жүргізілетін іс-шаралар мазмұны мектеп оқушысына зор ықпал етері анық.
Қазіргі кезде педагогикалық, психологиялық əдебиеттерде көмек көрсету стратегиясы ретінде сипатталады. Аталмыш стратегия педагогтың оқушы мəселесін түсініп, шешу жолын тауып, жағдаятты өзгертуге көмектеседі. Педагог оқушыға қолдау көрсетеді, оған өз мейірімін төгеді, басқаша айтқанда, сəтсіздіктер мен кедергілірге қарамастан, ең мықтысы болуға талпынатын өзіндік
жеке тұлға ретінде қабылдайды.ауҚолд келесідей жағдайлардан көрінеді: яғни педагог адамды емес,
оның іс-əрекетін бағалайды жəне тұлға ретіндегі сəтсіздіктеріне қарамастан, сөзсіз, тұлға ретінде қабылдайды. Өзара ықпалдастық нəтежесі — оқушының өз-өзімен қарым-қатынасы, өзіне деген сенімділігі, өз мінез-құлқын бақылай алуы, мықты тұлға ретінде қалыптасуға деген ынтасы болып табылады. Педагог іс-əрекетінің жалпы құрылымы бірнеше кезеңдерден тұрады:
байланыс орнату, диалог құру мүмкіндігі;
оқушы мəселелерін, оның жеке қасиетін, сонымен қатар оған келтірілетін кедергілерді анықтап алу;
мəселені талқылау;
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Дамыта көмек көрсету негізіндегі мəселені шешуде өзара ықпалдастықтың қарым-қатынас технологиясы педагог мінез-құлқының келесі техникасын ұсынады:
əнгімелесуге қызығушылық білдіріп, оның бетіне тіке қарауға жəне тындауға үйрену;
ойындағысының барлығын айтқызу, тыныштықты сақтай біліу, оқушының жай-күйін түсінуге тырысу;
өз көңіліңді білдіре білу;
керекті ақпаратты алу жəне барлығын түсінуге бағыттылған сұрақтарды қоя білу;
əңгімелесуші мəселесін түсінуге, оның шешімін табуға тырысу;
жай кеңес беруден гөрі мəселенің шешіміне ықпал ететін шешім қабылдауға итермелеу.
Сынып жетекшінің оқушымен əңгімелесуге осындай шарттар ұсынылады. Оның негізінде адамға өзін-өзі дамытуға талпынушы тұлға ретіндегі көзқарас, ал оқушыға дамушы, оқушыларға көмек көрсете алатын адам ретіндегі көзқарас жатыр.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесiк. «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе», —
деп ұлы ғұлама М. Əуезов əу заманнан бағыт беріп келеді [3].
Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар түзiледi. Отбасыда өз кезегімен қарапайым да жеңiл түрде шешiлiп жататын көптеген мəселелер, ересек шақта шырғалаң күйге түсiп жататыны белгілі. Шынымен де, бар тəрбиенің бастауы бесікте, отбасында екені белгілі. Бесікте ананың сүтімен сусындап, бесік жырын тыңдап, отбасы мейрімін сезініп, еңбек қабілетін шыңдаған бала егемен еліміздің ертеңі.
Отбасылық кейбір тұжырымдарды саралай келе, келесiдей қорытынды жасауға болады:
ықпалы басқа айналадағы əсерден, мектептегі мұғалімнің əсерінен де мықты. Жас ұлғаюмен ол аз мүмкiн, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапалары, қасиеттері, мінезі тек отбасында ғана дами бастайды;
отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тəндiк, моральдық жəне еңбектiк тəрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады. Қоғамдағы азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi;
отбасының ықпалымен ғана бала санасына салт-дəстүр ұғымы беріледі;
отбасының аса маңызды қызметтерінің бірі — азамат тəрбиелеу, ұлтжандылықты қалыптас- тыру, болашақ жанұя иегерiне дұрыс жол нұсқау жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқық- тарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру;
отбасының балаға болашақ мамндығына нұсқау беру, оның армандарына деген ықпалы орасан.
Қазіргі экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тəрбие жоқтығының кейбiр себептерi ретiнде келесi жағдайларды қарастыруға болады:
Көбінесе, көптеген еңбексүйгіш отбасыларда қаражат жағынан таршылық көруі.
Қоғамдық өмiр мəдениетінің төмендiгi.
Отбасы анасы, яғни əйел, мойнына артылған ауыртпалық.
Əлеуметтiк-тұрмыстық жəне моральдық себептерден болып жатқан ерлi-зайыптылардың ажырасуы.
Бала тəрбиесiнде ерте заманнан қоғамдағы отбасындағы ер адам мен əйел адамның атқартын ролі.
əлеуметтік-педагогикалық əрекеттің мынадай бағыттары анықталады:
балалардың мінез-құлық, іс- қимылдарының əлеуметтік ауытқуындағы отбасының рөлі;
болашақ ата-аналарды отбасылық өмірге дайындау жəне өз балаларын тəрбиелеуі. Ол үшін мыналарды зерттеуі керек:
отбасы мүшелерінің қарым-қатынас негіздерін;
отбасы ішілік шиеленістер, оның пайда болу себептері, алдын алу мүмкіндіктері жəне жеңу жолдары;
отбасы шаруашылығын жүргізу, отбасы қаржысы;
балалық, жасөспірімдік кезеңдегі отбасылық тəрбие негіздері;
отбасылық құқық негіздері. Бала құқықтары жөніндегі декларация жəне ата-аналар, олардың орнындағылардың құқығын анықтайтын құжаттар;
отбасындағы жағымды адамгершілік қалыптарын отбасы ішілік қарым-қатынастарды, яғни отбасылық моральді-психологиялық ахуалды, сақтау;
отбасы тəрбиесіндегі қателіктерге жол бермеу;
баланың тұрақты адамгершілік бағыттары мен ұстанымдарын қалыптастыруы;
балалық шақтан еріктік сапалары мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тəрбиелеу арқылы адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру;
балаға күш көрсетіп, жəбірлеуге, ерік-жігерін төмендетуге немесе, керісінше, күш-қуатын қалыптастыруға жол бермеу, өйткені соның салдарынан олар əлсіз адамдарға зорлық жасауға, өктемдікке бейім келеді;
балалар мен жасөспірімдерден ішімдікке, шылым шегуден бастартып, оларды құмар ойындар- ға əуестендіруге жол бермеу;
баланы өзін-өзі тəрбиелеуге жəне онымен жұмыс жүргізу əдістемесіне үйрету.
Отбасы — адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі –
дүниеге ұрпақ əкелу, екіншісі – дүниеге келген сəбиді тəндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп,
өмірубхоайныи р жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру [4].
«Баланың құқығы жөніндегі» Конвенцияда (1989) отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббаты қажет. Толыққанды отбасы болуы үшін ата-ананың жəне отбасындағы басқа мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақ- тауы, сонымен қатар əр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Қазіргі отбасы тəрбиесіндегі басты бағдар баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтай білуге көңіл бөлу, халықтың тəлімдік-тəрбиелік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай отбасында еңбексүйгіштікке, баланың
жасына сай еңбек түрлеріне жəне қоғамдық пайдалы еаңулбуекдкые б үйрету қажет. Ата-ана жəне
əлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тəнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мəн бергені бүгінгі күннің өзекті мəселесінің бірі болып табылады.
Əр отбасы ата-тегінен келе жатқан кəсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп оны кейінгі ұр- паққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағида- ларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кəсібін құрметтеп, қалып- тасқан дəстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке баланы қалыптастыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген.
Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс- əрекетке баулуды дəстүрлі мерекелер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асырған.
Туыстарға, айналадағыларға қамқор жасай білу, қиын жағдайға тап болғанда қол ұшын беру, туған жерді, табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге
қарым-қатынасйжаса біліп, əлеуметтік-мəдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, өз ісіне
жауапкершілікпен қараған. Отбасында қалыптасқан дəстүрлі мерекелерді өткізу арқылы баланың тұлғалық қасиетін жетілдіру жүзеге асырылған, мысалы, баланың дүниеге келуі, кəмелет жасқа толуы, үйлену тойы т.б.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тəрбиеле» [5].
Қазіргі уақытта бала тəрбиелеу көптеген отбасыларға қиындық туғызады. Отбасы ішіндегі мəселелер, ата-ананың күнделікті өмірдегі ұрысы, келіспеушілігі бала психикасына əсер етпей қоймайды. Отбасы шағын мемлекет десек, қандай мемлекет болмасын, уақыт өте бір дағдарыстарға ұшырайды. Ол мемлекет өз халқына жағыну үшін, халқын бірлікте ұстап тұру үшін тəртіп пен ұрпағы- ның сол шағын мемлекеттің ішінде тəрбиесі терең, мазмұнды болашақ ұрпақ тəрбиесіне қажетті тамырын тереңге жайды.
Əр адам өзін қоғамның саналы азаматы екенін түсінсе, осы бағытта отбасындағы ата-аналар бала тəрбиесіне уақытын бөліп қызмет етсе, алынбайтын қамал болмайтыны белгілі.
Балаларға ерекше қарайтын отбасылары да бар. Балаларына барлық жағдайды жасайды, ешнəрсе істетпейді, өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Мұндай отбасында тəрбие əр түрлі болады:
тəрбиенің дұрыс жолда берілмеуі, балаға жетпеуі бұзақылыққа, тəртіп бұзушылыққа əкеліп соғады;
құрғақ жəне қатал тəрбие (ата-аналар бір, əжесі басқа, мектеп өз алдына тəрбиелегенде) түрлі психикалық ауруларға шалдықтырады.
Отбасы мен тəрбие берілуіне байланысты əр түрлі адамдар өсіп шығады: төзімді, еңбексүйгіш, тез ашуланшақ, жауапкершілігі жоқ, психикасы бұзылған т.б. Отбасындағы өзара қарым-қатынас балалық шақта ғана емес, өмірдің кейінгі жылдарында да маңызды болып қала береді. Ата-ана мен баланың арасында эмоциялық шынайы қарым-қатынастың болмауы, маңызды тұлғалық қатынастардың бұзылуы баланың жүйке дамуындағы кемістіктердің пайда болуына əкеліп соғады. Сондықтан отбасы тəрбиесінде ата-аналардың жалпы ұстанымы, педагогикалық мəдениеті, тəрбиелеу стилі, баламен өзара қарым-қатынасы басты рөл атқарады. Мұның өзі бізге отбасының əлеуметтік бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді.
Отбасыларының əр түрлі болатыны белгілі: жақсы жəне нашар, толық жəне толық емес, ыдырайын деп тұрған жəне ыдыраған. Осындай отбасында балалар бар. Балаларға толық, бірақ қолайсыз отбасында өмір сүру өте қиын (отбасында ұрыс-керіс, жұбайлардың біреуінің өзін дұрыс ұстамауынан реніш, келіспеушілік, айқай-шу, тағы басқа жағдайлардың барлығы балаларға ауыр тиеді).
Отбасы тəрбиесінде ата-аналардың үйлесушілігі, мінезі, өз-өзін ұстауы да ерекше орын алады.
«Сіз өз балаларыңыздың тəрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз ... сіздің жеке мінез-құлқыңыз — шешуші нəрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қою, олардың өз отбасын қадірлей білуі, өзінің əрбір қадамын қадағалап отыруы — тəрбиенің ең басты жəне ең бірінші əдісі», — деп тұжырымдаған А.С. Макаренко. Ұлы педагогтың бұл ойымен келіспеске болмайды. Ата-ана əрқашан да баласына үлгі-өнеге болуы керек. Бұны тек ақыл-насихат ретінде айтпай, іспен көрсету арқылы тəрбиелесе, келесі ұрпақтың рухани тəрбиесінің шарықтағаны.
Тəрбиеленуі қиын оқушылар мен педагогтың оқудағы қарым-қатынасын, оқушылардың қарау- сыз қалушылығын педагогикалық рөлдің субъектпен байланысын көрсетуінде функционалдық байланыс бар. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылықты қалыптастырады. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.
Қазіргі таңда отбасылардың арасындағы келіспеушілік, отбасындағы қарама-қайшылықтардың болуы балаға қатты əсер етеді. Отбасында берекенің болмауы, ата-балаға тəрбие беретін, ата-ананың жаман жолға, ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бой ұруы, баланың алдында бір-бірін балағаттауы өсіп келе жатқан жеткіншек санасына теріс пікір қалыптасуын арттырады. Бала жасынан сүйіспеншілікке, отбасында махаббат мейіріміне бөленбей қатал, қатыгез болып, кейін жас өскен сайын қылмыскер болуы да ғажап емес. Қазіргі кезде отбасындағы жанжалды көрген балалар əкесінің анасына қол көтергенін көріп өсіп, кейде анасын қорғаймын деп, қылмысқа да барып қалып жатқан тұстар болады. «Тəртібі қиын оқушы» болып шыға келеді.
Балаға жас ерекшелігіне қарай тəрбие берсе, сөзсіз, тəрбиелі ұрпақ қалыптасатынына нық сенім- мен қарауға болады. Осы орайда «егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінəлі емес, педагогикалық əдістер кінəлі» деген А. Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Пайдасыз əдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген педагогика- лық-психологиялық жүйе болуы керек. Ал ұлы Абайдың сөзі қайта тəрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді. Ол жеке тұлғаның қалыптасып дамуы туралы былай тұжырымдайды: «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тəрбиелейді».
Əдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |