Тәртіпке бас иген құл болмайды



Дата09.01.2023
өлшемі1.29 Mb.
#468226
түріСабақ
Каракат тәрбие сағаты

Тәртіпке бас иген құл болмайды

  • Тәрбие алдымен жанұядан басталады. Ата-аналар балаларын әдептілікке және жауапкершілікке үйретуі тиіс. Екінші орында – мектеп. Өмірінің көп бөлігін мектепке өткізгендіктен, мұғалімдер баланың біліміне ғана емес, тәртібіне де ерекше назар аударады. Егер оқушы сабаққа жүйелі түрде кешігіп отырса, өз киіміне және дәптеріне ұқыпсыз қарайтын болса, бұл баланың тәрбиесі қандай деңгейде екенін бірден айтуға болады. Бұндай жағдай орын алған кезде, әке-шешесі мектепке шақырылып, тәрбиелік жұмыстар өткізіледі. Бірақ, ешқай ұстаз, ата-анасының қателігін түзете алмайды. Өйткені көп жағдайда, отбасы мүшелерінің әрекеттеріне қарап, баланың мінез-құлқы қалыптасады. Мұны өзгерту өте қиын. Тәрбиелі адам қандай болуы керек? Ондай адам жұмсақ әрі ұқыпты болады, ол орынды сөйлейді және барлығымен байланыс орнатуға тырысады. Мұндай адам жанжал кезінде өзін-өзі ұстай біледі. Дауласуды ұнатпайды, ашуы келсе де, өз эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады. Достарының арасында ұялы телефонымен, үстіндегі киімімен немесе қымбат сағатымен ешқашан мақтанбайды. Тәрбиелі адамның алдынан көптеген есіктер ашылады. Бұндай кісі кез-келген ортада өз орнын таба алады. Себебі, сыпайы, әдепті, жанашыр және тәртіпті адамдармен барлығы дос болғысы келеді. Ал, тәрбиесіз адамдар әрқашан артта жүреді, олардың достары аз және болашағы қараңғы болады.

Тәрбиенің бастар жолы

Мақал -мәтелдер

  • 1. Таяқтау оңай, ……………. қиын. 
  • 2. Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам ……… алады.
  • 3.Тәрбиелі ……… тағаланған атпен тең. 
  • 4. Ана ………… бітпеген қасиет Тана сүтімен сіңбейді. 
  • 5.Бала …………. бесіктен.]
  • 6.Тұңғышыңды ……..үйретсең, Соңғылары өздері үйренеді.
  • 7.Балапан …….не көрсе, Ұшқанда соны іледі.
  • 8.Әдептілік - ……….
  • 9.Әдептілік белгісі - иіліп ……бергені.

Жауабы

  • 1. Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын. 
  • 2. Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам тәлім алады.
  • 3.Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең. 

  • 4. Ана сүтімен бітпеген қасиет Тана сүтімен сіңбейд
  • 5.Бала тәрбиесі бесіктен.
  • 6.Тұңғышыңды дұрыс үйретсең, Соңғылары өздері үйренеді.
  • 7.Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.
  • 8. Әдептілік - әдемілік.
  • 9. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мақал бар: «Ақыл жастан, асыл тастан», Тәрбие тәуір болса әуел бастан. Баланы дәйім жуып таза өсірсін, Анасы татымасын шуәл астан. Күнде дәйім шомылдыр жас баланы, Бала – асыл тас әбзәлінің анық дәні. Емшектің терін, кірін жуып еміз, Зор аманат анада бала жаны. Дәреттенбей, жуынбай емізбеңіз. Ғылым, еңбек, тазалық болады егіз. Тіл шықса, әуелі ата-ана дегіз. Қолыңды әбден жуып тағам жегіз. Таза ұста тән киім ішер асын, Болар сауап қайыры ұшан теңіз. Бөтен пиғыл үйретпе боқтық сөзді, Кірсіз таза жүруге ашып көзді. Әдеппен ашық жүзбен, анық сөзбен, Қатарға қос жол көрсет бір мінезді. Иран халқы тіл шықса жас баласын, Анасы оқытады сөз данасын. Бұдан ары ұстазбен жалғасады, Тағылымды елдегі үлгі бір жарасын.

Қорытынды: бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.

  • Қорытынды: бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.
  • Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзімен түйіндесем: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнінде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - ендеше, балам адам болсын деп ұрпағымыз үшін алаңдасақ, ең әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет