«Туризмология негіздері» пәні бойынша
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап күшіне енеді)
Құрастырылу мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.
Міндеті: Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:
М147 – Туризм
шифр білім беру бағдармалар тобы
Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Туризмология негіздері» пәні бойынша оқу материалы енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша/орысша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Қиындық деңгейі
|
Тапсыр-
малар саны
|
1
|
Рекреациялық географияның негізін қалаушы ұғымдар
|
(А)+(В)
|
2
|
2
|
Рекреациялық география - қоғамдық географиялық ғылымның жаңа саласы
|
(А)+(В)
|
2
|
3
|
Рекреациялық географияда қолданылатын негiзгi түсiнiктер
|
(А)+(В)
|
2
|
4
|
Туризм географиясы ғылым ретінде
|
(В)+(С)
|
2
|
5
|
Қазiргi туризмнiң классификациясы
|
(А)+(В)
|
2
|
6
|
Территорияны рекреациялық бағалау
|
(А)+(В)
|
2
|
7
|
Туристiк территорияны аудандастыру
|
(А)+(В)
|
2
|
8
|
Рекреациялық сыйымдылық түсінігі анықтамасына әр түрлі көзқарастар
|
(В)+(С)
|
2
|
9
|
Туризм анықтамасының мәні
|
(А)+(С)
|
2
|
10
|
Туристік нарықты функциялау
|
(В)+(С)
|
2
|
11
|
Туризм экономика саласы ретінде
|
(А)+(С)
|
2
|
12
|
Туризм менеджменті туралы түсінік
|
(В)+(С)
|
2
|
13
|
Туризм маркетингі туралы түсінік
|
(А)+(С)
|
2
|
14
|
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың түрі ретінде
|
(В)+(С)
|
2
|
15
|
Халықаралық туристік ұйымдар және туризм дамуындағы олардың ролі
|
(В)+(С)
|
2
|
Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны
|
30
|
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Шаруашылық сала ретінде туризмнің дамуы елдердің тұрақты даму стратегиясымен күннен күнге байланысуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын, құрамы жағынан бұл күрделі сала, экологиялық тұрғыда табиғатты мақсатты түрде қолдану негізінде адамдар өмір сүрудың жоғарғы сапада болуын қамтамасыз етуі мүмкін. Туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Яғни, туризмология ғылымының қалыптасуы жүруде және оның дамуына мынандай пәндер өз үлестерін қосуда. Олар экономика, әлеуметтану, заңтану, медицина, архитектура және басқа да жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар жатады. Географияның бұл үдерістегі рөлі.Туризм географиясы қоғамдық география тармақтарының бірі ретінде ұсынылатын кеңістік және күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс туралы кешенді географиялық ғылым және қазіргі таңда туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелейтін жалғы ғылым болып табылады.
Тапсырмаларорындалуыныңорташауақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуыныңжалпыуақыты – 60 минут
Тестiнiңбiрнұсқасындағытапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:
жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
Тапсырманыңорындалуынбағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер тiзiмi
Ердавлетов С.Р. География туризма: учебник для изучения курса «Основы туризмологии»: 2-е изд., доп. и перера. – Алматы, 2010. - 412 с.
Ключников А.В. Основы менеджмента: учебное пособие. - М.: Советский спорт, 2010.- 186с.
Кусков А.С., Основы туризма: электронный учебник, - М.: КНОРУС, 2010.- Электрон.опт.диск.
Основы туризма: учебник. М.: Федеральное агентство по туризму, 2014.– 384с.
Путрик Ю.С. История туризма : учебник. М.: Федеральное агентство по туризму, 2014. – 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |