Тәттілгі жая мен жалдай екен



Дата17.07.2016
өлшемі76.16 Kb.
#204965
Армысыздар, құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Бүгін сіздерді 1-сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!»атты ертеңгілігн тамашалағалы отырсыздар.

Шәкірттің тұңғыш рет қолына ұстап, бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды.Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Бала деген шіркін-ай балдай екен.

Тәттілгі жая мен жалдай екен.

Арып –ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,-

Деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.


1-жүргізуші:

Армысыздар,мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар,

Бүгін міне қоштасады Әліппемен ,балбұлақ,

Әнімменен жырыма тарландарым сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақта балдырған.

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Қош келіпсіздер ,құрметті де, қадірлі қонақтар!

Мұғалім: Балалар ендеше ең басты кейіпкеріміз-Әліппені ортаға шақырамыз.

Хормен: Әліппе ,Әліппе,Әліппе!
1-жүргізуші. Ерте,ерте,ертеде үлкен гимназия шаһарында Әліппе хан билік жасапты.Ханның 40 уәзірі және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен.Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.

2-жүргізуші .Уа халайық, келіңіздер,көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.


1- жүргізуші; Уа жарандар,жарандар! Әліппе хан таққа өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің ,ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!
Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.
2-жүргізуші: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, өнерлі екен.
Әліппе хан: (көңілденіп) Тамаша, тамаша.Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?

Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап,көңілсіз жүрдім.Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер.

Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін шақыра келдім» Қане зор құрметпен ортаға ана тілін шақырайық! Менің жарлығымды орындаңдар!

Хормен;


Алу үшін сана,білім,

Ардақтаймыз Ана тілін!

Ана тілі :Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім. Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланып та келдім.Ал бүлдіршіндер, өнерге кезек беріңдер!
Мұғалім: «Әліппе» біздің білім бесігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болатыны анық. Ең алдымен,балалар , мына сұраққа жауап берейік.Осы біздер қандаймыз?
1-оқушы : Талабы биік таудаймыз

2-оқушы : Мың бұрылған бишіміз

3-оқушы : Бұлбұлдай сайраймыз

4-оқушы: Біз қызықпыз,қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз

5-оқушы : Біз шеберміз

6-оқушы : Ақылдымыз

7-оқушы : Үлкенге ізеттіміз,кішіге қамқормыз

8оқушы : Көп оқимыз

9-оқушы: Санамызға тоқимыз


Хормен:

Қазақстан – Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы,

Әнұранымен айбатты.

Біз –қазақ елінің болашағымыз!


Әнұран

1-жүргізуші

Кешіміздің пердесін

Ән шашумен ашайық

Бүлдіршіннің өнеріне

Қол соғып қошемет жасайық!

Хор ән: « Сәлем саған мектебім»
1.Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп ,не білдік ,

Қане ортаға салайық.


2.Келгенде алғаш мектепке ,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе


3. Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болған Әліппе


4.Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


5. Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді

6. Әліппем менің әліппем

Өшпейтін нұрлы әріптен

Есігін аштым әріптің

Өзіңнен кілт алып мен


1 жүргізуші: Ал балалар Бағанадан Әліппе жайлы көп жырладық. Сонымен алғашқы Әліппені кім жазған?

Оқушылар: Әрине Ыбырай Алтынсарин атамыз ғой

2.Ыбырай аталарың туралы не білесіңдер?
7. Ұстаздың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып түскен жолың әсем.


8. Ұран тастап көп елге,

«Кел ,балалар, оқылық »

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық.


9.Айтпасың дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ етеді аңыз сені көпке.

«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта

Бар мектеп көтереді қолын көкке


10.Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағанасын сен ұқтырған.


11.Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды


12. Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысыып бақ намысқа.


13. Алфавитті білдіңдер

Онда қалып жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар


14. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,

Ата –ана қуанышқа ортақ бол.

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

15.Үйретіп алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой –арманы , мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

16 Әлі талай баспалдақты басамыз

Биік-биік асулардан асамыз

Ұстазым сенен алған білімді

Өмір бойы жанымызда сақтармыз.
17.Оқуды көп ойладық,

Қызығына томадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.


18.Ашыла берді алдымнан ,

Кең дүниенің есігі,

Соғылған сомдай алтыннан,

Әліппе – білім бесігі!


Ал енді барлығымыз алған білімімізді көрсетейік.

Интер белсенді тақтамен пәндер бойынша сұрақтарға жауап береді.


Мұғалім:

Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріппен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың,

Білімдерін әрі қарай дамытып,

Ерінбейтін ,еңбекқор ,мықты болсын!

Бүлдіршіндер құтты болсын білімің!

1.Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп ,не білдік ,

Қане ортаға салайық.
1.Талабы биік таудаймыз
10.Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағанасын сен ұқтырған.

2.Келгенде алғаш мектепке ,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.


2.Мың бұрылған бишіміз
11.Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды


3. Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болған Әліппе
3.Бұлбұлдай сайраймыз
12. Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысыып бақ намысқа.


4.Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.
4.Біз қызықпыз,қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз


13. Алфавитті білдіңдер

Онда қалып жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар

5. Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді


5.Біз шеберміз
14. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,

Ата –ана қуанышқа ортақ бол.

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


6. Әліппем менің әліппем

Өшпейтін нұрлы әріптен

Есігін аштым әріптің

Өзіңнен кілт алып мен
6. Ақылдымыз
15.Үйретіп алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой –арманы , мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

7. Ұстаздың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып түскен жолың әсем.


7.Үлкенге ізеттіміз,кішіге қамқормыз
16 Әлі талай баспалдақты басамыз

Биік-биік асулардан асамыз

Ұстазым сенен алған білімді

Өмір бойы жанымызда сақтармыз


8. Ұран тастап көп елге,

«Кел ,балалар, оқылық »

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық.
8.Көп оқимыз

9.Айтпасың дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ етеді аңыз сені көпке.

«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта

Бар мектеп көтереді қолын көкке
9.Санамызға тоқимыз

2.Келгенде алғаш мектепке ,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.
2.Мың бұрылған бишіміз
11.Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды



Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет