«Тәуелсіз елім Қазақстаным» Айналайын» тобы Тәрбиеші


Балалар: Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жүргізуші



бет2/3
Дата08.01.2023
өлшемі146.06 Kb.
#468216
1   2   3
тәуелсіздік күні сценарий

Балалар: Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жүргізуші: Өте жақсы, жарайсыңдар.
Жүргізуші: Рәміздеріміз қандай?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
Жүргізуші:Туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көгілдір


Ясмин: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Олжас: Отан менің ата –анам,
Отан досым, бауырым.
Отан өлкем, Астанам,
Отан туған ауылым.


Айару: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан!


Айлин: Асқар тауым Қазақсатан
Әсем әнім Қазақстан
Қазақстан отаным деп
Әрқашанда мақтана алам


Адина: Отан менің жүрегім
Отан менің тірегім
Отан сенің саяңда
Бақыт құшып жүремін


И.Адия: Отан туған үйіміз,
Отан туған жеріміз.
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.


Айсезім: Әділдік жеңіп соңында,
Тәуелсіз болды еліміз.
Татулықпен бірлікпен,
Гүлдейбер, туған еріміз.


Арсен: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Жүргізуші: Қыздарымыздың биін қарсы алыңыздар.
Би «Көк туым»
Ойын: «Туған жерді гүлдендір»
Шарты: Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
Жүргізуші: -Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.


Жүргізуші: -Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет