Коммерциялық



бет1/6
Дата27.10.2023
өлшемі38.59 Kb.
#481670
  1   2   3   4   5   6
семестрлик жумыс


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы


1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С


Қазақстан тарихы

Тақырып: Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр, Тасмола қорғандары


Мамандығы: Коммуникации и коммуникационные технологии/B059



Орындаған: Турарбек Жан
Тобы: РЭТк 22-1
Тексерген: Раджапов.А


« » 202 ж.
(бағасы) (қолы)

2023



Жоспар
1. Кіріспе-----------------------------------------------------------------------1-2
2. Сақтардың тарихы-------------------------------------------------------- 3-4

3. Бесшатыр қорғаны---------------------------------------------------------5-7

4. Тасмола қорғаны -----------------------------------------------------------8-12

5. Қорытынды------------------------------------------------------------------12-13



Кіріспе


Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сақасақ деп атаған, (аккад, ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған.
Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.
Қоныстанған жерлері
Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекендеген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яқсарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ (Қапқаз) тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яқсарт (Сырдария), Оқсус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бақтрлар) Яқсарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б.з.б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызстан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

  • хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

  • тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

  • Парсылардын патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен б.з.б. 558—529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішіндегі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған.

Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахаменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокқарибантийлері тиграхауда-сакқтарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде ахаменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сақарауылдар (сақарауықтар) және басқалары.
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы қартасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға I-Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Нақши-Рүстем және Персепол жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
Тарихы
Парсылардын патшасы  Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен б.з.б. 558—529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішіндегі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған.
Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахаменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокқарибантийлері тиграхауда-сакқтарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде ахаменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сақарауылдар (сақарауықтар) және басқалары.
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы қартасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға I-Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Нақши-Рүстем және Персепол жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварға мен тиграхауда) Таяу Шығыстың қалықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда сақтар Ахаменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет