«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ тұғырым» Сыныбы: 10 Мақсаты



Дата09.07.2016
өлшемі35.96 Kb.
#186779
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ тұғырым»

Сыныбы: 10

Мақсаты:Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі:

Түрі: сайыс

Барысы:

ІІ Мұғалім сөзі

Ел жастары- білім жолындағы жас қырандар. Еліміздің елдігін сақтап, биікке шарықтатар ол білімді де білікті жастар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дегендей қазіргі заман білекке емес, білімге сенетін заман. Инемен құдық қазғандай қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерлік жігерді талап ететін білімсіз өмір-тұл. Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі, азаттығымыздың алдаспаны. Елбасының алдымен жастарға көңіл бөлуі- болашақтың жарқын болатынына сендіріп, арманға қанат бітірді. Осынау сындарлы саясат нәтижесінде салихалы жұмыстар жүргізіліп, Қазақстан деген ұлы мемлекет әлемге жарық жұлдыздай жарқырап танылды. 


Заңғар жазушы М.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» деген. Сондықтан өзге елмен теңестіріп, атымызды аспандатар құндылық-ол білім. «Біз өрлеуді өзегі еткен халықпыз. Дәл қазіргі заманда өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады. Сендер тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар! Мемлекеттің ең ұлы мұраты-әрбір азаматтың тауқымет көрмей, бақуатты тіршілік кешуі» деп біздің елдің әр адамының бейбіт өмір кешуін елбасымыз асыл мұрат санайды. Келешекке бейжай қарамайды. Қазақ «Бейнет түбі-зейнет» дейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тіршілік жасау-бізге жат қылық болуы тиіс. Бұл-заман талабы. Қазақ елі жыл өткен сайын тың белестерді бағындырып, жаңа асулардан асуда. Алдағы уақытта Қазақ елінің табысты жолын лайықты жалғастыру-біздің, яғни жастардың еншісінде.
Ұлы Абай атамыз:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз-деп бекер айтпаған. Адамзатты терең ойға кемел білімге жетелейді. Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады.
ол беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазық бар. Ол-білім! Ол-еңбек екенін санамызға түйіп және де өмірлік ұстанымымыз болып қалады. Ел болашағы баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты екенін әсте естен шығармайық. 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекең! дей келе бүгінгі сайысымызды бастайсмыз!

І тур «Білімділер» сұрақ – жауап

ІІ тур «Шатастырған әріптер» берілген сөзді әріптеп қайталау

ІІІ тур «Топтан топға» екі бір-біріне сұрақ жасырады

ІҮ тур «Сөз мәйегі» әр топтың мәнерлеп оқуына кезек береміз

Ү тур «Сандар сыры» 3,5,7 бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.

І тур «Білімділер» сұрақ – жауап

1 топ

1.Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болған? /Орынбор қаласы./



2.Қазақстанның екінші астанасы қай қала болған? /Қызылорда қаласы./

3.Астананың бұрынғы атауы қалай аталған? /Ақмола қаласы./

4.Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті? /1997/

5.Біздің еліміз қандай мемлекет? /Тәуелсіз мемлекет./

6.Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық? /1991ж. 16 желтоқсан./

7.Семей ядролық полигоны қай жылы жабылды / 1991 ж 29 тамыз /

8. Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/

9. Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/

2 топ

1.Тәуелсіздік құрбандары кімдер? /Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова/



2.Қазақстан Республикасында қанша облысы бар /14 облыс/

3.Республика халқының саны қанша ? /15 миллион. /

4.Қазақтан басқа неше жұздей ұлттар тұрады. /130 дай/

5.Астана символы Бәйтеректің ұзындығы неше метр /97м /

6.ҚР БҰҰ қашан қабылданды / 1992 ж 25 қаңтар /

7.ҚР ұлттық ақшасы теңге айналымға қашан енді / 1993 ж 15 қараша /

8. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел  /Түркия/

9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл /18жыл/

ІІ тур «Шатастырған әріптер» берілген сөзді әріптеп қайталау

1 топ Конституция Дипломатия Ирархия

2 топ Референдум Анархия Демография

ІІІ тур «Топтан топға» екі топ бір-біріне сұрақ жасырады



ІҮ тур «Сөз мәйегі» әр топтың мәнерлеп оқуына кезек береміз

Ү тур «Сандар сыры»

3 саны


Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/

Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/

Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/

Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/

Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/

7 саны


Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/

Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/

Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/

Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/

Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

Сен де арманда едің ау, мен де арманда


Сол арманға қол жетті, арман бар ма!

Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.


Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,
Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік!

Құрметті оқушылар мен ұстаздар осымен тәуелсіздікке арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды көңіл бөліп, қатысқандарыңызға көптен көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет