Тәуелсіздіктің тірегі білімді ұрпақ



Дата26.09.2022
өлшемі25.66 Kb.
#461335
Сидешова Мақала


УДК 378 (045)

Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ
Р.А. СИДЕШОВА
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасы
Ақтау қаласы, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа: Білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жете меңгерген. «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихы, оқытушыларының кәсіби шеберліктері, көрсеткіштері туралы айтылады.
Кілт сөздер: Есенов университеті, Қазақстан тарихы, кафедра, Маңғыстау, ұстаз, білім.
Адамзат дамуының негізі білім мен ғылымнан бастау алатыны анық. Халықтың кемеліне келіп өркендеп, өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет. Қазіргі еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі қолымызда тұрған кезде, тәуелсіздіктің негізгі тірегі – білімді ұрпақ десек, қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Қазақтың кемел ұлы ұстазы, ғалымы А.Байтұрсынов айтқандай, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек».
Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты, тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары өздерінің кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жете меңгерген. Кафедра Маңғыстау өлкесіндегі бірден бір тарихшы-мұғалім кадрларды даярлайтын орта болып есептеледі.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанынан 1993 жылы ашылған Ақтау филиалында «Тарих және философия» кафедрасы құрылған кезден бастау алады. Кафедраны әр жылдары Э.А.Абланова бастап, А.Б.Медиханова (1995-1996 ж.ж.), аға оқытушы Б.С.Жумашева (1996-1997 ж.ж.), 1997-2002 жылдары т.ғ.к. Ф.Н.Мийманбаева, 2002-2006 жылдары т.ғ.к. М.У.Нұрсұлтан басқарса, кейіннен кафедра меңгерушісі қызметінде болғандар – ф.ғ.к. Өтениязов С.Ө., аға оқытушы Бекенжанова А.А., т.ғ.к. Табылдиева О.Д., т.ғ.к. Бабаханов Ш.Т., ф.ғ.к. Ашекеева К.А., т.ғ.к. Джумалиева Л.Т., Ал, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, кафедраның меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, нағыз кәсіби тарихшы Э.А Абланова басқарса, 2021жылдан бастап, с.ғ.д. профессор К.М.Жаулин басқарып келеді.
Қазіргі таңда, кафедра оқытушылары алдындағы міндет – ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет атқару оқытушылардан үздіксіз ізденісті, кәсіби біліктілікті талап етеді. Яғни, «басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз»,- деп Сенека айтқандай, кафедра құрамы оқытушылары біліктілігін арттыру мақсатында, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталықтарында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарында, көптеген семинарларға, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып қатысып, ғылыми әлеуеттілігі мен білімдерін ұштап келеді. Болашақ тарихшы мамандарды дайындау жолында оқытушыға жүктелетін жауапкершілік, қойылатын ауыр міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, психологиялық қабілеттілікті, асқан шеберлікті қажет етеді.
Сонымен қатар, кафедра педагогикалық тарихшы мамандар даярлай отырып, белгілі пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, студенттер арасындағы тәлім-тәрбие беру ісіне басшылық жасайды, оқытушылар күнделікті оқу жұмыстарын (дәріс, тәжірибелік, семинар, дипломдық жоба, емтихан, т.б.) жүргізіп отырады. Мамандық меңгеріп шығуға тисті барлық пәндер Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кафедра оқытушыларының зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері жарияланған монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулықтары оқу үдерісіне кіріктіріліп, қолданылып келеді.
«Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен бастап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді», - деп Әлкей Марғұлан айтқандай, студенттеріміз жоғары оқу орындары арасында өткізілетін студенттік олимпиадаларға да қатысып, жүлделі 1-2-орындарды иемденді. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысының мақсаты – студенттердің тарихи білімі мен тәрбиесін қалыптастыру және өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Әрдайым кездесулер ұйымдастырып, әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен өзекті тақырыптарға арналған түрлі дөңгелек үстел мен пікірталас шаралары өткізіліп отырылады.
А.С.Макаренко айтқандай – «Адамды тәрбиелеу, демек оның қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». Жыл сайын, кафедра кураторлары тәрбие жүргізудің әдістері мен түрлерін жетілдіріп отырады: конкурстар, іскер ойындар, әңгімелесу, дебат, диспут, куратор сағаттары, кездесу, экскурсиялар өткізу сияқты кең тараған түрлері арқылы өткізіледі. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын жүргізуге аса зор көңіл бөлініп отыр. Студенттермен жүргізілген тәрбие жұмыстарының барысында туындаған мәселелер мен міндеттер кафедрада талқыланып, аға куратордың есебі тыңдалып отырады. Тарих мамандығының студенттерімен жүргізілетін тәрбие жұмысын белсенді, әрі үздіксіз түрде кураторлар Г.Е.Өтесова, Нұрманова А.К. т.б. жүргізіп келеді.
Кафедра өмір сүріп келе жатқан жылдары, кафедраның жұмысына елеулі іздерін қалдырып, қазір де еңбек сіңіріп, ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан оқытушылар баршылық. Олардың қатарында білім мен тәрбиені тығыз ұштастыра отырып, кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқарып жүрген т.ғ.к., доцент Еділханова С.А., аға оқытушылар Бекенжанова А.А., Г.Б. Қамиева, Байшов Б.Б., бар.
Ұстаз үшін бақыт – алдыңдағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Осы жылдар аралығында кафедра 400-ден астам маман даярлап шығарғанын, олардың қазір облысымыздың барлық білім беру орындарында, музейлер мен қорықтарда, архивтерде ұлттық құндылығымызды сақтай отырып, абыроймен елімізге қызмет етіп жатқанын мақтанышпен айта аламыз.
Маңғыстау тарихы – қойнауы сырға толы, құпиясы мен тарихы әр тастың бетінде жазулы десек, сол тарих пен құпияның ашылмаған сырлары болашақ тарихшылардың зерттеулерін күтуде.
Қазіргі таңда маңызды тақырып - Маңғыстаудың мың жылдық тарихын зерделеу, өлке тарихын зерттеуде жаңа көзқарас қалыптастыру- маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Құпиясы мол Маңғыстаудың тарихын зерттеп, зерделеуге, дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге даярлайтын облысымыздағы бірден-бір тарихшыларды дайындайтын кафедра «Қазақстан тарихы» кафедрасы - бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында студенттеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен жан-жақты берген тәрбие арқылы қол жеткізіп отыр.
Сондықтан да, қазіргі жас буын, еліміздің келешегі, келбеті - бүгінгі мектеп бітірушілерді тарих мамандығына оқуға түсуге шақырамыз.

Сидешова Роза Азименқызы
Ш.Есенов атындағы КТИУ-ң «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы.
Тел. +7 701 391 04 24
kushanbaeva@mail.ru






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет