Технология пәнін жаңаша оқытудағы әдістер



Дата12.07.2016
өлшемі22.81 Kb.
#195245
түріСабақ
Технология пәнін жаңаша оқытудағы әдістер
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретіндек тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемінің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттерін сәйкес келетін білім беру өрісі қажет. Бүкіл дүниежүзіндегі дамыған елдер сияқты Қазақстан Республикасы да егеменді ел болғанша қиындықтарды бастан кешірді. Өндіріс орындарын қайта жаңарту ауылшаруашылық өнімдерін молайту жолында келелі өзгерістер болды.

Біздің елде еңбекке үйрету – Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс – қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.

Бисермен жұмыс
Сабықтың мақсаты:

1. Білімділік: оқуышардың сәндік-қолданбалы өнердегі білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалй білуді үйрету;

2. Дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындауға ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтлық деңгейін көтеруге баулу.



Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар, үлгілері, схема, кітаптар, журналдар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) ҚР Әнұранын кезеңі.

Б) Оқушыларды түгендеу.

В) Сабаққа дайындығын тексеру.

Г) Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

2. Өтілген сабақты қорытындылау, жасалған тексеру.

3. Бисермен қандай заттарды әшекейлеп тігуге болады?

4. Беисерді машинамен тігу ме, әлде қолмен тігу қолайлы ма?

Бисердің отаны – Ежелгі Египет.

Бисер тоқу өнері – ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі. Халық тұрмысында үлкен рөлі бар. Бисермен тігілген қандай зат болсын өте жоғары бағаланады, әсіресе қолмен тігу түрі ерекше. Бисер – Египеттегі бусра деген арабтың атымен аталып, содан «Бусер» деген атпен «жалған маржан» аталды. Бисермен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін, тұмарша, алқа, бойтұмар, шашбау, сырға, алқа жасауға болады. Бисермен тоқу, тігу, желімдеу де бар бар. Біз бүгінгі сабақта қолмен тігілу жолын жасап жатырмыз. Бисеғр тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүру үшін құрал-саймандарының түгел болуы қажет, жарық жеткілікті болып, әр 15-20 минут сайын қолды, көзді демалту керек.

Шығармашлық жұмыстарды тікке уақытта бисердің (стеклярус) көлденең, тік жатуын қадағалау қажет.

Өз бетімен сарамандық жұмыс істету.

Еңбек туралы мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.

Мақалды толықтыр.

А) Талапты ерге (нұр) жауар.

Б) Ұстамен жақын болсаң (ісің) бітер.



Е) Көп біл, аз (сөйле).

Әр оқушының жауабына, істеген жұмысына баға беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет