Тиіндер тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы



бет1/4
Дата15.03.2022
өлшемі198.66 Kb.
#456285
  1   2   3   4
ЖАНУАРЛАР

ЖАНУАРЛАР

Жылқы – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам.


ЖЫЛҚЫ

Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.

  • Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.
  • Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған.
  • Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).

ЖОЛБАРЫС

Тиіндер — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы.

  • Тиіндер — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы.
  • Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды.Тиіндер терісі үшін ауланады

ТИІН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет