Тіл – асыл қазынам
Мақсаты: Ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы – туған тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Сайыс сабақта асыл мұраларымыз - мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, шешендік сөздерді жас ұрпақ қаншалықты білетіндігін сарапқа салу.
Жүргізушінің сөзі:
- Балалар, ана тілімізді «мен қазақпын» деген азаматтар ардақ тұтуы керек. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Өз тіліміздің құдіретін асқақтата білейік!
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасаы - тірегі,
Қадамыңа шуақ ашашар үнемі
Және туған тарихы! - дейді М.Шаханов. Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау - қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Алдымен, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:
-
Топты таныстыру.
-
Мақал- мәтелдерді жалғастыру.
-
Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
-
Жаңылтпаштар сайысы
-
Жұмбақтар ( жанкүйерлер үшін)
-
Ұйқасқа өлең құрастыру
-
Көрініс (шешендік сөздерден көрініс қою)
-
Сайысты бастамас бұрын бүгінгі сайысымызды сарапқа салатын әділ қазы алқасымен танысайық:
-
Сайра Оспанова - директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары
-
Сәнім Аймағанбетова - гуманитарлық кафедраның жетекшісі
-
Сайыстың алғашқы шарты бойынша сөз екі топтың мүшелеріне беріледі. Топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.
(Екі топ көпшілікке өздерін таныстырады)
-
Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал-мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шарт. 1-топқа мынадай мақалдар ұсынылады:
-
Ағасы бардың – жағасы бар, ......................................................................
-
Тұлпар шаба жетіледі,..................................................................................
-
Жаздың бір күні ..........................................................................................
-
Сумен ойнама - батарсың, .......................................................................
-
Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше, ................................................
-
Жақсы жүрген мақтап жүреді, ....................................................................
-
Жеті жұрттың тілін біл, ...............................................................................
-
Түстік өмірің болса, .....................................................................................
-
Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың, ........................................................
-
Отбасы толған жансың,...............................................................................
2-топқа ұсынылатын мақал-мәтелдер:
1. Ақылды адам батпан –ақ, ..................................................................................
2. Ас тасыса, қатық төгілер, ...................................................................................
3. Жақсыдан үйрен, ................................................................................... .............
4. Бәле қуған бәлеге жолығады, ..........................................................................
5. Айдағаның бес ешкі, .........................................................................................
6. Әзіл айтсаң да, ..................................................................................................
7. Білгенің бір тоғыз, ............................................................................................
8. Біреу тоңып секіреді, .........................................................................................
9. Ұлың өссе – ұлы үлгілімен көрші бол, ...........................................................
10. Оқусыз – білім жоқ, .........................................................................................
-
Ендігі кезекті өлең-жырларға берейік. Оқушылар, өздеріңіз жаттап келген өлеңдерді мәнерлеп оқисыздар.
(оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуы керек)
-
Балалар, сайысымыздың келесі шарты бойынша – жаңылтпаштарды жаңылмай айтуымыз тиіс. Ақын, көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин ағамыз: «Жаңылтпаш – бұл сабақ, тәжірибе. Бұл тіл орамдылығы мен ыңғайлылығын қажет ететін ойнақы да қисынды сөз. Ертеде жаңылтпаш жиылған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Жаңылтпаш – ойлы сөз», – дейді. Осы ойлы сөзді жаңылмай жеткізіп көрейік.
Естеріңізге сала кетейін, екі топқа бірдей жаңылтпаштар беріледі:
-
Ас аспай бас аспазшы,
Ас асты жас аспазшы.
-
Үш кіші ішік піштік,
Бес кіші ішік піштік.
Неше кіші ішік піштік?
-
Қапты ап, мақта ап,
Мақтаны қаптап.
Қақтап аптап,
Теріміз ақты-ақ.
-
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
-
Бақбақ бақта бар,
Бақа да бақта бар.
-
Келесі кезекті жанкүйерлерге бермекпіз. Көрермендердің белсенділігіне, олардың берген жауаптарына да баға беріліп, ол баға топ мүшелеріне қосылады.
1-топқа берілетін жұмбақтар:
1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады. ( Бас киім)
2. Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр.Екі інісі ілесіп жүр. (Қалам мен 5 саусақ)
3. Жаңылмастан жетеуі кезек қызмет етеді. (Аптаның 7 күні)
4. Таудан төмен қар жауар, қозғай берсең, көп жауар. (Елек)
5. Аппақ дала, қара дән. Сепкен дәні түсінуге жараған. (Әріп)
2-топқа берілетін жұмбақтар:
1. Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап-шағын. ( Сандық)
2. Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді. (Құлып)
3. Көлдің қарама- қарсы бетінде адамдар бір-біріне уық лақтырып ойнайды. (Көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу)
4. Бар ма, жоқ па білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)
5. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су)
-
Енді екі топ мүшелеріне берілетін ұйқастарға назар аударайық. Топ мүшелері 5 минуттың ішінде мына ұйқасқа өлең шығаруы тиіс:
............................................. бола ма екен,
............................................. тола ма екен.
.....................................................................
............................................... қоя ма екен.
-
Бүгінгі сайыстың соңғы шарты бойынша оқушыларға алдын-ала үйге тапсырма берілген болатын. Шарт бойынша оқушылар шешендік сөздерден көрініс қояды. Сол көріністерді бірге тамашалайық!
(Оқушылар өздері дайындаған көріністерін көрермен назарына ұсынады. Әділқазылар алқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттайды.)
- Қымбатты балалар, біз сайыс барысында білім-біліктерімізді сарапқа салдық. Жеңіске жеткені, жеңілгені бар, қалай болғанда да, асыл сөздерімізді ұмытпағанымыз абзал. Тіл мәртебесін арттыра берейік!
Достарыңызбен бөлісу: |