Тіл рухани қазына



Дата17.10.2023
өлшемі0.79 Mb.
#480903
Тіл рухани қазына

ТІЛІМ БАРДА АЙТЫЛАР СЫР ОЙДАҒЫ... (аудандық мәнерлеп оқу сайысы)


Шалқар – 2023
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
«Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз
2-кезең
Мақалды жалғастыру
Бал тамған тілден...
Бал тамған тілден
У да тамар.
Тау мен тасты жел бұзар,
...
Тау мен тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
Жақсы сөз - ...
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Жақсы байқап сөйлер,
...
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Тіл қылыштан...
Тіл қылыштан өткір.
Ана сүті бой өсіреді,
...
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Жыланның уы тісінде,
...
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Көре-көре көсем боларсың,
...
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Тілден артық...
Тілден артық қазына жоқ.
Назар аударғандарыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет