УДК
ТІЛДІК САЯСАТ: ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ЖӘне транмиссия
(Языковая политика: Этническая идентичность и трансмиссия)
Г.С. Койшыбаева
(Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан)
email:gulmira.koyshybaeva.84@mail.rи
А.С. Казмагамбетова
(Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан)
email: alma_kaz70@mail.ru
Этникалық сәйкестілік әлеуметтік сәйкестіліктің бір бөлігі болып саналады, бұл өз алдына психологиялық категория, сондықтан этникалық қоғамды анықтауда өзіндік түсінікке ие болады. Этникалық сәйкестілік – бұл тек қана өзіндік ұқсастық, тепе-теңдік ұғымды білдіруші ғана емес, сондай-ақ этникалық топтарға бағыныштылықты білдіреді.
Сәйкестілік (оның ішінде, тілдік) таңдалынатындықтан, кейде «сәйкестілік дағдарысы» пайда болуы мүмкін, сондай жағдайда «Сүйкімсіз үйректің» күйіне тап болады. Мұндай жағдайлар, мысалы, этникалық және тілдік сәйкестілік арасындағы қайшылықта, бір тілдік сәйкестіліктен басқасына көшу жағдайында туындаған жағдаяттар қазіргі уақытта және сол мезгілде (мысалы, тіл мәртебесінің ауысуы кезінде) қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерді шынайы бағалай алмауына және сәйкестілікке байланысты таңдауды дұрыс жүзеге асыра алмағандықтан аса өзекті; мысалы, этникалық топтың өз тілін ауыстыруы (жоғалтуы) жағдайында ұжым бөлігінің қоғамдағы басымдылықтың және басқаларының ауысуына қарамастан, бұрыннан қалыптасқан стереотиптерді сақтап қалуы кезінде маңызды.
Этникалық сәйкестілікке байланысты зерттеу тәжірибелері төмендегідей ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып қарастырылған: Б.Б. Әбдіғалиев, О.Б. Алтынбекова, Р.А. Авакова, Р.С. Амренова, В.Н. Белоусов, В.Н. Бирин, А.М. Гафуров, Э.А. Григорян, Н.М. Губогло, Н.В. Дмитрюк, Н.М. Жанпейісова, А.Т. Забирова, Ж.К. Ибраева, Г.И. Исимбаева, А.Е. Карлинский, А. Құлжабаева, В.М. Лейчик, Г.М. Мендекулова, А. Орусбаев, А.К. Таусоғарова, Г.В. Хруслов, Н.Ж. Шәймерденова.
Қазақстанда, кеңестік, сондай-ақ кеңестік кезеңнен кейінгі барлық мемлекеттердегі сияқты тілдік сәйкестілік үдерістері тікелей этникалық сәйкестілікпен дәстүрлі түрде байланысты (кеңінен таралған примордалистік теорияның өзінде этникалық сәйкестілік этникалық және тілдік сәйкестіліктің өзара тікелей тәуеділігін селбестіріп, адамға туа біте берілген деп есептеледі). Идеологиялық тұрғыдан маркерленіп, насихатпен енгізілген «Қос ана тіл» туралы тезис те кеңінен таралып, айтарлықтай ықпалға ие болған. Тілдік сәйкестілік бұл жағдайларда күрделеніп, қиындай түсіп, «сәйкестілік дағдарысы» әрбір адамның басына түсуі мүмкін.
«Сәйкестілік дағдарысы» тілдің идеологияның қалыптасуы мен қоғамның саясатануында негізгі құрал тұрғысындағы маңызды қасиетін бұрынғыдан бетер көрсете отырып, қазіргі өзгеріс үстіндегі қоғамда да жалғасын табуда. Сондықтан ұлттық және тілдік сәйкестілік арасындағы, ана тілі арасындағы қатынастарды, оларды игеру дәрежесін, оның қолданылу салаларын, халықтың жаңа мемлекеттіліктің символы ретінде мемлекеттік мәртебе берілген қазақ тіліне қатынасын анықтау сәйкессіздену үдерістерін және жаңа тілдік сәйкестіліктің қалыптасуын түсінуде мейлінше қажетті болып шықты [1, 17 б.].
Өзін анықталған бір ұлт адамдары тобының қатарында санай отырып, жеке кісі (индивид) өзін анықталған этноспен осылай сәкестендіреді. Көптеген зерттеушілер анықталған этносқа қатыстылықтың негізгі белгісі деп этникалық тілді білуін есептейді. Осы пікірге сәйкес, тілді білмеу этностан шеттеу көрсеткіші қызметін атқаруы мүмкін. «Қазақша білмесең, сен қандай қазақсың» т.с.с. деген кеңінен таралған жергілікті пайым осы ұстаныммен орайласады.
Алайда қазіргі біздің қоғамымызда этностың (ұлыстың) өкілдері (қазақтар, немістер, кәрістер) өз ана тілінде сөйлемеген кездерінде де өздерін осы этноспен теңестіретін жағдайлары байқалуда [2, 104 б.].
Тіл идеологияның әрекет етуінде және идеологиялық сананың қалыптасуында үлкен маңыздылыққа ие. Бұл тұрғыда мемлекеттік тілдің рөлін Қазақстанның тұрақты дамуының қалыптасу кезеңіндегі ұлттық идеяның тиімді ретротрансляторы және негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі рөлінің маңызы ерекше. Мемлекеттік тіл – қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде мемлекеттік сәйкестіліктің деңгейі жоғары болуының мемлекеттің өзінің тұрақты және қалыпты болуының кепілі екені сөзсіз.
Бүгінгі елде жүзеге асырылып жатқан тілдік саясат және тілдік жоспарлау тек қана мемлекеттік сәйкестілікті анықтауда қазақ тілінің символдық рөлін бекітуі және дамуына бағытталмаған, сондайақ барлық этникалық және жастық топтардың, сонымен қатар елдің әлеуметтік таптарының тілдік мінезқұлықтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған [3, 3-4 бб.].
«Өткеннен және дәстүрлік құндылықтардан бас тарту идеологиялық, ресейлік қоғамның трансформациялану жағдайында қоғамдық даму сабақтастығының бұзылуы әлеуметтік және рухани мәселелелерді шиеленістірді. Қоғамды трансформациялау жағдайындағы нақтылы этносаралық әрекеттестік оның әлеуметтік және саяси дамуына ықпал
ететін фактор ретінде этностықты бірінші қатарға ұсынды. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қоғамның трансформациясы жағдайында халықты жаңа құндылықтарға және жаңа саяси мәдениетке тарту «универсалистік құндылықтарды игеру) өзінің бірегей этникалық мәдениетіне деген аса жоғары қызығушылық арқылы жүргізіледі. Этникалық сана-сезім жанданады және этносішілік процесстер әлеуметтік және саяси жүйелердің жағдайына міндетті түрде ықпал етеді» [4, 20-21 бб.].
«Потенциал негізі биологиялық ақпарат, сондай-ақ онтогенезден алынған практикалық тәжірибенің нәтижесінде жасалған. Демек, әлеуметтік тәжірибелердің нәтижесінен туындайтын мәселелерді шешуге, әлеуеттік мүмкіндіктерді ұдайы өсіруге тектік тәжірибе әсер етеді. Жеке адамның мінезінің екіұштылығы - қайта байланыс негізінде бұл мінезге өзгеріс енгізудің нәтижесі» [4, 26 б.]
Этностың негізгі белгілері деп тілді, халық шығармашылығын, өнерін, салттарды, дәстүрлерді, тілдік және тілдік емес дағдылар нормаларын есептеу қалыптасқан. Және мұнда ана тілі кез келген халықтың тілдік санасында маңызды орын алатын тіл ретінде, этноспен өзіндік сәйкетендіру тілі ретінде бірінші дәрежелі рөлге ие болады. Және мұнда тілдік сана, ғалымдардың пікіріне сәйкес, анықталған мәдениет иеленушілерінің ұлттық қоғамдық санасының мәнді бөлігі ретінде оның негізгі компоненті, этностың қоршаған әлемге бейімделу механизмі ретінде қарастырылуы тиіс [5, 229 б.].
Мұнымен бірге «... тіл ұлттың, этностың басты әрі мейлінше көрнекті белгісі болып есептеледі, және де, әрине, тұтас ұлттық мәдениеттің, этникалық өзіндік сананың қалыптасуының түп негізі. Сондықтан ұлттық дәстүрлі мәдениеттің түбірлі жаңғыруы тек ана тілінің жаңғыруы мен дамуы негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін» [6, 301 б.].
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өткізілген сауалнама материалдарында этностық ұқсастық пен ұрпақаралық тілдік трансмиссияға арақатынастық талдауды орындау қажет.
Этникалық сәйкестілік пен ұрпақаралық тілдік трансмиссиямен әрекеттестігін барынша нақтырақ зерттеу үшін респонденттердің өз ұлты туралы әртүрлі жауап беретініне назар аударған маңызды. Ұлты туралы сұраққа жауап бергенде сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (82,75 % адам) өздерінің қазақ екендерін көрсетеді. Алайда, 0,98 % жағдайда респонденттердің өздерінің ұлты туралы сұраққа жауап беруден қалыс қалғанына да көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың ана тілі туралы сұраққа әртүрлі жауап беретіндерін ескеру қажет. Респонденттердің жауаптарын талдау кезінде олардың мынадай жауаптарға тоқталған көреміз: қазақ тілі (жауаптардың 88,7 %-ы), мемлекеттік тіл (жауаптардың 0,08 %-ы), әзербайжан тілі (жауаптардың 0,08 %-ы), қырғыз тілі (жауаптардың 1,63 %-ы), дүнген тілі (жауаптардың 0,08 %-ы), қазақ және орыс тілдері (жауаптардың 0,73 %-ы), өзбек тілі (жауаптардың 1,46 %-ы), орыс тілі (жауаптардың 2,03 %-ы), жауап беруге қиналатындар (0,16 %), респонденттердің 4,64 %-ы ана тілі туралы сұраққа жауап беруден қалыс қалған.
90 % респонденттің аналарының ұлты - қазақ, оның 8,22 %-ы ана тілі ретінде - қазақ тілін таңдайды, 1,14 %-ы - қырғыз тілін, 0,57 %-ы – қазақ және орыс тілдерін, 0,89 %-ы – өзбек тілін, 0,81 %-ы – орыс тілін, 0,08 % респонденттің ана тілі – мемлекеттік тіл екенін астын сызып тұрып көрсетеді, 0,08 %-ы жауап беруден қиналады, 4,15 %-ы жауап беруден қалыс қалғандар. 2,28 % респонденттің аналарының ұлты - татар, 1,79 %-ы ана тілі ретінде –қазақ тілін таңдайды, 0,08 %-ы – қазақ және орыс тілдерін таңдайды, 0,24 %-ы – орыс тілін, ал қалған 0,16 %-ы жауап беруден қалыс қалғандар.0,24 % респонденттің аналарының ұлты – украин, оның 0,08 %-ы ана тілі ретінде –қазақ тілін таңдайды, ал 0,16 %-ы орыс тілін.Анасының ұлты неміс 0,08 % респонденттің ана тілі – орыс тілі, 0,32 % респонденттің аналарының ұлты –ұйғыр, 0,32 % респонденттің ана тілі –қазақ тілі.Анасының ұлты белорус 0,08 % респонденттің ана тілі – қазақ тілі, 0,24 % респонденттің аналарының ұлты – кәріс, оның 0,16 %-ы ана тілі ретінде – қазақ тілін таңдайды, ал 0,08 %-ы орыс тілін таңдайды, анасының ұлты қырғыз 0,08 % респонденттің ана тілі – қазақ тілі, анасының ұлты дүнген 0,08 % респонденттің ана тілі – дүнген тілі.Анасының ұлты тәжік 0,08 % респонденттің ана тілі – өзбек тілі, 0,32 % респонденттің аналарынының ұлты – өзбек, олардың барлығы 0,32 %-ы ана тілі ретінде – қазақ тілін таңдайды, Анасының ұлты башқұрт 0,08 % респонденттің ана тілдері – қазақ және орыс тілдері, 2,6 % респонденттің аналарынының ұлты – орыс, олардың 1,87 %-ы ана тілі ретінде - қазақ тілін таңдайды, 0,08 %-ы - қырғыз тілін, 0,08 %-ы - өзбек тілін, 0,57 %-ы – орыс тілін таңдайды.Анасының ұлты қытай 0,08 % респонденттің ана тілі – қазақ тілі, анасының ұлты туралы сұрақтан 3,17 % сауалнамашы жауап беруден қалыс қалған, оның 2,03 %-ы ана тілі ретінде - қазақ тілін таңдайды, 0,08 % респондент - әзербайжан тілін, 0,41 %-ы - қырғыз тілін, 0,41 %-ы - өзбек тілін, 0,24 %-ы - орыс тілін, 0,24 %-ы ана тілі сұрағынан қалыс қалғандар, ал қалған 0,08 %-ы ана тілі сұрағына жауап беруге қиналады.
Сонымен респонденттердің ана тілін таңдауда анасының ұлт тілі арасындағы сәйкестілік пайызының төмен екендігін байқауға болады. Егер де ана тілі мен анасының ұлт тілі сәйкес келмей қалған жағдайда, әкесінің ұлты немесе жақын туыстардың ұлт тілінің (мысалы, атасы мен әжесінің) әсер етуі мүмкін деп болжауға болады. 1-ші және 2-ші кестелерде келтірілген нәтижелерді салыстырғанда ана тілін таңдауда әкесінің ұлт тілі аралығындағы сәйкестілік пайызы анасының ұлт тілі мен ана тілін таңдаудағы сәйкестілік пайызының аз екендігі анықталады. Осы алынған нәтижелерден мынадай қорытындыға келуге болады, аралас отбасында өскен респонденттердің ана тілін таңдауы көп жағдайда анасының ұлт тіліне емес, әкесінің ұлтына байланысты таңдалатыны анықталады.
Респонденттердің ана тілі анасының ұлт тілімен анықталған жағдайда, қисық ұрпақаралық тілдік трансмиссия секірмелі сипатқа ие болады. Тап осы жағдайда тілдің ұрпақтан ұрпаққа берілу ағымына аралас отбасында өскен респонденттердің толтырған сауалнама пайызының жоғарлығы әсер етуі мүмкін. Бірақ 0,98 % респондент ұлты туралы сұрақтан қалыс қалған, ал қалған сауалнамашылар өздерін Қазақстан Республикасының негізгі ұлт өкілдері деп санайды.
Алынған мәліметтер жас респондент-қазақтардың ана тілін отбасында ұрпақаралық, сондай-ақ ұрпақішілік сөйлесуде, қарым-қатынаста қолдануының шамамен бірдей жүзеге асырылатыны туралы, сондай-ақ олардың жеке өз бастарының тілдік сәйкестілігінің қалыптасуында белгілі бір қиындықтарды бастан өткеретіні туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, қарастырылып отырған мәліметтер этникалық және тілдік сәйкестіліктің тұрақтылығы респонденттердің аралас некеге тартылу дәрежесіне, отбасында ұлттық тілге қарағанда басқа тілдің қолданылуына, жалпы тілдерді пайдалануда тілдік ассиметрияның сақталуына т.б. байланысты (барлық кеңес республикаларында ұлттық тіл – орыс тілі қостілділгінің жер-жерде кеңінен таралуымен байланысты, мұндағы уақыттарға дейін орын алғаны сияқты).
«Этногенез және Жер биосферасы» еңбегінде этногенез теориясын терең аша отырып, Л. Н. Гумилев адамзат қауымдастығы тіршілігінің формалары ретінде этносты анықтау үшін бірқатар белгілерді келтіреді. Лингвистикалық көзқарас тұрғысынан ғалымның этнотілдік сәйкестілік туралы пікірі аса қызық көрінеді.
Л. Н. Гумилев тілдік бірліктің болуы этносты анықтауда белгі болып табылмайды деп есептейді. Осы ойының дәлелі ретінде ол екітілді және үштілді этностардың, сондай-ақ бір ғана тілде сөйлейтін әр түрлі этностардың өмір сүріп жатқандығынан мысал келтіреді: «Осылай. Француздар төрт тілде сөйлейді: француз, кельт, баск және провансаль, және бұл олардың қазіргі этникалық бірлігіне кедергі келтірмейді... Мұнымен қатар мексикандықтар, перуліктер, аргентиналықтар испан тілінде сөйлейді, бірақ испан емес... Араб тілінде бірнеше түрлі халықтар сөйлейді, ал көптеген өзбектер үшін ана тілі – тәжік тілі және т.б.». Бұдан ары қарай ғалым кейбір «жекелеген жағдайларда тілдің этникалық қауымдастықтың этникалық индикаторы бола алатынын, бірақ ол оның себебі емес» екенін атап өтеді.
Л. Н. Гумилевтің ізімен, біз тіл этникалық сәйкестіліктің күмансыз маңызды белгісі бола отырып, анықталған этносқа қатыстылықтың негізгі өлшемі болып табылмайды деген пікірді ұстанамыз [2, 104-105 бб.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Сулейменова Э.Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая идентичность // Языковая идентичность: Материалы Международной конференции. – Алматы, 2006. – 15-25 бб.
2. Успанова А.А. Теория этногенеза Л.Н. Гумилева и этноязыковая идентификация //Язык и идентичность: Материалы Международной конференции «Ахановские чтения». – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 104-105 бб.
3. Мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғамның дамуының тұрақты негізі ретінде мемлекеттік сәйкестілік үрдісіндегі ұлттық идеяның негізгі құрамдас бөлігі. – Алматы, 2008.
-
Полякова Т.М. Молодежная политика в условиях трансформации российского общества (Опыт Республики Адыгея) // Идентификация идентичности. Том 2. Этнополитический ракурс / Составитель М.Н. Губогло. – М.: ЦИМО, 1998. – 19-41 бб.
-
Ибраева Ж.К. Речевое поведения казахов как отражения этнической идентичности // Языковая идентичность: Материалы Международной конференции. – Алматы, 2006. – 228-232 бб.
-
Шоқым Г.Т. Гендерлік қатынастардың тілдегі көрінісі// Тіл және төзімділік: Халықаралық ғылымитеориялық конференциясының материалдардың жинағы. – Алматы, 2007. – 208-212 бб.
Мақалада тілдік сәйкестіліктің әлеуметтік аспектісін зерттеуде тілді ұрпақтан ұрпаққа табыстай отырып, этникалық тиесілілігі сияқты әлеуметтік фактордың арақатыстығының квантитативтік талдауын жасауға талпыныс жасалды.
Тірек сөздер:сәйкестілік, этникалық сәйкестілік, трансмиссия, корреляция, респондент
Аннотация (на русс.яз)
В данной статье рассматривается социальный аспект языковой транмиссии: предпринята попытка квантитативного анализа этнической принадлежности, влияющего на формирование языковой идентичности у представителей народов Казахстана.
Ключевые слова: идентичность, этническая идентичность, трансмиссия, корреляция, респондент
In this articlereview to implement the quantitative correlative analysis of parameters of the intergenerational language transmission, affecting the formation of linguistics identity of the representatives of the titular nation of Kazakhstan.
Key words:transmission, ethnic identity, correlation, identity, respondents
Достарыңызбен бөлісу: |