Ал «Келте сөз дәуірі» 760 мың жылға созылған деп жорамалданып, алтайлық тектітілмен сөйлескен арғы ататегіміздің қатынасында алғашқы түбір сөздер туындай бастаган
Алтайлық тектітілдің «күрделі сөз дәуірі» біздің жыл санауымыздан бұрынғы 40 мың жылдан он мың жылға дейін немесе 30 мың жылға созылып, Адамдар өзара қатынасқанда бір сөзді де, екі және үш сөзді де сөйлем деңгейінде қатынас құралы ретінде қолданған.
Б.Базылхан аталған еңбегінде қазақ және моңғол тілдерінің фонетикалық құрылысына тоқталады және дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесіне кең түрде талдау жасап, ортақтықтарын деректермен көрсетеді.
Орал-алтай тіл бірлестігі жайындағы пікірлерге негіз болатын бұл тілдерде ұқсастық бар. Мысалы: дауысты дыбыстардың үндесуі, дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың біршама ұқсастығы, жалғамалылық белгісі, жалпылық мағыналы түбірдің жекеше формасы арқылы беру мүмкіндігі, атау септігінің, тәуелдік жалғауының болуы, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштардың өздері қатысты сөздердің алдында тұруы, сандық сәйкестіктің болмауы, құрмалас сөйлемдердің көсемше, есімше формаларымен құрмаласуы, т.б
Салыстырмалы-тарихи зерттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады. Жалпы, алтай тілдері бірлігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі, екпіннің тұрақтылығы, жалғамалы тіл болуы, сөз алдынан келетін көмекші сөздердің болмауы, жыныс категориясының болмауы т.б. Көпшілік тілшілер алтай тіл бірлігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі. Г.И.Рамстедт сияқты ғалымдар алтай тілдерінің барлық саласы бойынша зерттеу жүргізіп, олардың басқа да туыстық белгісін ашқан. Бір топ алтайтанушылар алтай тілдерін тегі бір туыс тілдер деп санаса, екінші бір алтайтанушылар алтай тілдеріндегі ұқсастық типологиялық ұқсастық деп санайды. Кеңес ғалымдары ішінен алтай теориясына өз үлестерін қосып, түрліше пікір айтып келе жатқандар: Н.Баскаков, Г.Санжиев, Дж.Киекбаев, Ш.Сарыбаев, О.Суник, Д.Насилов т.б. Сөйтіп, алтай тілдерінің туыстығы туралы пікірді жинақтап, екі топқа бөлуге болады. Бір топ ғалымдар Г.И.Рамстедтің пікіріне қосылып, алтай тобына енетін тілдердің (түркі-моңғол, тұнғұс-маньчжур, кәріс-жапон) қандық туыстығын мойындайды. Олар алтай тілдері бір негізден тараған, сондықтан да ортақ негізді мойындауға олар мүмкіндік береді десе, екінші бір топ ғалымдар В.Котвичтің пікіріне сүйене отырып, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан туыстығы болмаса да, талай ғасыр бойы араласу негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді
Алтай тілдерінің туыстығын дәлелдейтін фактілерді ғалымдар лексика, фонетика, грамматика салаларынан келтіреді. «Нағашы» мағынасында түркі тілдерінде нағашы, таға, дайы (тайы) сөздері бар. Л.А.Покровская қазақ тіліндегі нағашы сөзін монғол тілінің нагалы сөзінің варианты, яғни кірме сөз деп қарайды.
Шырай сөзі қазақ тілінде «адамның көркі», «бет ажары», «жүзі» мағынасын білдіреді. Бұл сөз басқа түркі тілдерінде де кездеседі. Мысалы, қарапайым тілінде чирай нұсқалары: жырай, чарай, чирэй, чырай, чэрай. Өзбек тілінде чирой сөзі – «бет», «жүз», «көркі», «жалпы көрініс» «көңіл күйі» мағынасын білдіреді. Моңғол тілінде де царай «бет», «түртұлға», «пішін», «жүз», «кескін», «кейіп», т.б. мағыналарды білдіреді. Түйе сөзі өзбек тілінде туя, ұйғыр тілінде төгә, хақас тілінде тибе, қырғыз тілінде төө, түркімен тілінде дүэ, көне түркі тілінде тебе/теве түрінде қолданылған болса, түйе ұғымында монғол тілінде тэмээ(н) сөзі қолданылады. Моңғол тіліндегі э(е) дыбысы сөздің барлық позициясында қолданылады және оған қазақ тіліндегі ісәйкес келеді. Мысалы: өңгэр – өңір, зээ – жиен, бэлтрэг – бөлтірік, бүргэд – бүркіт, бүтэн – бүтін, т.б. Моңғол тіліндегі у, ү дыбыстары да буын талғамайды. Қазақ тілінде бұларға ы, ө дыбыстары сәйкес келеді: цулбуур – шылбыр, хухэ – көк, бүлэг – бөлек, бүл – бөле, сувай – сыбай
Ал ілік септігінің түркі тілдерінде қосымшасы –ның/нің, -дың/-дің, -тың/-тің, -нұң/- түң, -дұң/-дүн, т.б. болса, моңғол тілінде -ны/-ни, -ну/-нү. Н.А.Баскаковтың пікірінше, көне моңғол тілінде -ны/-ни қосымшасының толық формасы –ның/-ниң болған. Мысалы, бурят-моңғол тілінің алар диалектісінде диалектісінде ілік септігінің –ын/-ин формасы қолданылады: аха(аға)>ахатн (ағаның), шоно (бөрі)>шонотн (бөрінің).
Зерттеушілердің басым бөлігі бұл тілдер әуелі «бір негіз тілден» салаланып дамыған деген теориясы тұжырымды дәлелді деп, тарихи-салыстырмалы тәсілдің оң нәтиже беретіндігін, аса мол тілдік деректердің сәйкестігін алға тартады. Осы тілдердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылысынан көптеген салыстырмалы деректер жарияланып келеді. Алтай тілдерінің мынадай ортақ белгілері анықталған: дыбыс үндестігі заңы, дауыстылар мен дауыссыздар үндестігі, түбір морфема (немесе түбір сөз) тұрақтылығы, оған жалғанатын қосымша морфемалардың жалғамалы жүйесі, тәуелдік жалғаулары, төл сөздік қордағы кейбір тұрақты атаулар, сұрау шылаулары т.б. тіл заңдылықтарының, құбылыстарының болатындығы.
Осы пікірлерге қарағанда, ғұндардың өмір сүрген дәуірін түркі тілдерінің бір кезеңі ретінде толық қарастыруға болады деп санаймыз.
4 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы: Мектеп, 1983. – 136 б.
6 Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы (фонетика). – Алматы, 1999. – 165 б.
Достарыңызбен бөлісу: |