Тұқымның жарақаттануы



бет11/11
Дата28.10.2022
өлшемі58.12 Kb.
#463558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 3

1000 тұқымның массасы. Іссанада тұқымдық жадығаттың сапасын оның граммен алынған 1000 санының құрғақ-ауа массасымен де сипатталады. 1000 тұқымның жоғары массасы әдетте тұқымның ірілігімен байланысты Тұқымның мөлшері бірдей болғанда бұл көрсеткіш оның ішкі құрылымының тығыздығын сипаттайды және ондағы қорлық қоректік заттарды анықтайды. Өндірісте 1000 тұқымның массасын салмақтық себу мөлшерін есептеуге пайдаланады.
Көптеген танаптық дақылдардың 1000 тұқымның массасын анықтағанда негізгі дақыл тұқымдарын мұқият араластырады да іріктемей 500 данадан екі үлгі санап алынады,0,01- ке дейінгі дәлдікпен жеке-жеке өлшенеді; өлшеу нәтижелерін бір-біріне қосып, 1000 тұқымның орташа арифметикалық массасын табады. Бірінші және екінші үлгілердегі тұқым массаларының арасындағы айырмашылық орташа арифметикалық массаның 3%-нан аспаса талдау аяқталды деп есептеледі. Егер екі үлгінің өлшеу нәтижелеріндегі айырмашылық рұқсат етілген шамадан артық болса, онда үшінші үлгі сұрыпталады. Үшінші үлгінің өлшеу нәтижесін алғашқы екеуімен салыстырады және 1000 тұқымның массасы айырмашылығы барынша төмен үлгілермен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет