Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет77/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Terapia

Клиникалық көрінісі. Аурудың ағымында 4 кезең айырады: этиологиялық фактордың алғашқы әсері, олигурия немесе анурия, диурездің қалпына келуі, айығу.

  1. Этиологиялық фактордың алғашқы әсері кезеңінде: аурудың негізгі себебінің белгілері және гемодинамика бұзылыстары басым болады, кейде артериальді қысым өте төмен болады, шоктан ( коллапстан) шыққанда ғана бүйрек зақымдану белгілері анықтала бастайды.

  2. Олигурия немесе анурия : диурез 500 мл –дан төмендеп,бүйрек қызметі бұзылады. Науқастарда әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу пайда болады, кейде қозу, тырысулар, делириозды жағдайлар сияқты психикалық өзгерістер. Тахикардия, жоғары артериальды қысым, перикардит, өкпе ісінуі даму мүмкін, ішінде ауырсыну, іш өту. Бұл кезең шамамен 2 аптаға созылады.

  3. Диурездің қалпына келу кезеңі: - диурез 1800 мл-дан асады. Полиурия фазасы өте жылдам дамиды: несептің көлемі бір неше литрға дейін жетіп, сусыздану пайда болады, науқастар салмағын жоғалтып, терісі және тілі құрғап, шөлдеп, әлсірейді. Шамамен 20 кунге созылады.

  4. Айығу кезеңі - 6 айдан 2 жылға дейін созылады.


Емі.

  • Жедел улануларда шокқа қарсы терапиямен қатар уды ағзадан шығаруға шаралар жүргізеді; асқазанды жуу, инфузионды терапия, спонтанды диурез (суды ішкізіп, оны диуретикпен айдайды), гемодиализ.Тамыр ішіндегі гемолизде қан алмастыру, плазмоферез.

  • Бактериемиялық шокта қосымша антибиотиктер

Анурия кезеңінде диурезді фуросемидпен стимуляциялайды 160 мг 4 рет тәулігіне. Диетада көмірсуларды, майды көбейтеді (ақуызбен калийді шектейді). Еңгізетін сүйықтық диурезден 500 мл дей басымды болу керек. Глюкоза, натрий гидрокарбонат ерітінділері, анаболикалық стероидтер, психикалық қозуда – транквилизаторлар, нейролептиктер тағайындалады. Егерде олигурия басылмай, уремия симптомдары кушее берсе науқасты гемодиализ бөліміне ауыстырады, ол жерде жасанды бүйрек немесе перитонеальді диализ қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет