ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Тыныс алу жүйесінің мүшелері: мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхылар мен өкпенің құрылысы
Тыныс алу дегеніміз оттегіні пайдаланып, көмір қышқыл газын шыгару. Сүт қоректілердің тыныс алуы арнайы органдар арқылы жүргізіледі. Тыныс алу органдары танау мен жүткыншактан, кеңірдектен, бронх тарамдарынан және өкпеден күралған. Негізгі тыныс алу органы өкпе. Ол көптеген альвеолалардан түрады. Адам өкпе альвеолаларьның жалпы келемі 60-120 шаршы метр. Сонымен, екпедегі альвеолалар саны миллиардтаған болады. Өкпе кеуде куысында орналасқан. Кеуде қуысы омыртқа жотасынан, қабыргалардан, төссүйегі мен диафрагмадан күралған. Кеуде куысының ішкі беті мен өкпе арасында екі бетгі плевра аралық қуыс бар. Бұл куыстың пайда болу себептері төмендегідей:
1. Туғаннан соң кеуденің дамуы өкпеге карағанда жыддамырақ болады.
2. Қабырғаның басы омыртқаның жігімен және омыртканың канаты қабырғаның бұдырмағымен өуелгі дем алудан кейін бекітіледі.
Плевра аралығы куысындағы қысым мөлшері сынап бағанасымен 745-754 мм, немесе атмосфералық қысыммен салыстырганда 6-15 мм-ге төмен. Қысымның мүндай болуы дем алғанда өкпенің үлкеюіне есер етеді.
Тыныс алу — дем алу (инспирация) мен дем шығару (экспирация) процестерінен тұрады. Дем алған кезде алдымен кеуде куысы кеңейеді, артынан созылмалы болғандықтан окпе де үлкейеді. Кеуде куысының кеңеюі инспираторлық бұлшық еттердің жиырылуына байланысты. Бүларға сыртқы кабырға аралық, кабырга көтергіш, дорсальді тісті демалғыш, сатылы кабырға үсті бұлшық еттер және диафрагма жатады. Дем шығарган кезде (экспирация) өуелі кеуде куысы тарылады, оның артынан өкпе кішірейеді. Бүл құбылыс экспираторлық бұлшық еттердің жиырылуына байланысты. Осы бұлшық еттеріне — ішкі кабырга аралық, дорсальді тісті дем шыгарғыш, тура және қиғаш күрсақ бұлшық еттері, диафрагма жатады.
Тыныс алудың екі түрі болады. Ол — сыртқы тыныс алу жене ішкі тыныс алу. Сыртқы тыныс алу дегеніміз екпе мен кан арасындағы газдардыц алмасуы. Ішкі тыныс алуда газдар кдн мен клеткалар арасында алмасады.
Жоғары сатыдағы организмдерде тыныс алу процесі мына темендегідей сатыға бөлінеді:
1. сыртқы орта мен өкпе альвеолары арасындағы газдардың алмасуы — сыртқы тыныс;
2. өкпе альвеолары мен кднның арасындағы газ алмасу, немесе газдардың өкледегі диффузиясы;
3. канның газдарды тасымалдауы;
4. кан мен клеткалар арасындағы газдардың алмасуы — ішкі
тыныс;
клеткалардың отгегіні пайдаланып, көмір қышқыл газын бөлуі.
Достарыңызбен бөлісу: |