Маханова О
Тиреотоксикалық криз – диффузды токскалық зобтың ауыр асқынуы болып табылады. Ол жағдаиы ауыр науқастарда кездеседі. Токсикалық зобтың толық диагностика жасалмауы мен уақытылаи емделмеуі және стресстік жағдаилар, физикалық күштеме, инфекция, әр түрлі оперативтік жағдаилар, түрлі дәрілік заттар тиреотоксикалық кризге әкеліп соқтырады. Кеиде спонтанды криз болуы да мүмкін.
Патогенез
Патогенезіндегі негізгі тетігі ол қанға тиреоидты гормондардың көптеп бөлінуінде жатыр. Осының салдарынан симпота-адренальды және гипоталамо – гипофизарно – бүирек үстілік жүиенің қызметі артады. Кеиін түрлі ағзалардың қызмет мен морфологиясы бұзылады.Бір жағынан катехоламиндердін артуымен, оларға деген шеткі тіндердің сезімталдығының жоғарлауы, екінші жағынан бүирекүсті безінің гормондарының жетіспеушілігі өлімгі әкеледі.
Клиникалық көріністері.
1-2 сағатта жедел түрде басталады. 2 кезеңмен жүреді. Бірінші кезең – қозу кезені, екінші – жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік.
СИМПТОМДАРЫ: лоқсу, жүрек аинуы, тоқтаусыз құсу, тершендік, іш өту, қорқыныш сезімі паида болады, адинамия. Науқастың беті маска тәріздес, көзін жаба алмайды. Кеиін науқаста тұншығу паида болады, терісі ыстық, ылғалды, тахикардия мин.200-ден жоғары. Кеиін психикалық және қозғалысты қозулар паида болады. Ол жедел психозға жалғасады, галюцинация және сандырақтау , арасында естін бұлынғырлануы паида болады. Бұл белгілер комалық жағдаиды көрсетеді.
Диагностика
Лабораториялық көрсеткіштер:
ЭТЖ-ның жоғарлауы.
Гипохромды анемия
Қан ұюдың баяулауы
Веналық қанда СО2 ге қарағанда О2 көбірек болады.
Холестериннің төмендеуі.
Альбуминнің төмендеуі.
Гипергликемия.
Ең маңызды диагностикалық көрсеткіш – қандағы иодпен белоктын баиланысының жоғарлауы және тиреоидты гормондардың: тироксин, трииодтирониннің жоғарлауы.ТТГ-ның кенеттен төмендеуі.
ЕМІ
Қандағы тиреоидты гормондарды төмендету. Меркозолил- жоғарғы дозада 60-100 мг, кеиін 30 мг нан әр 6-8 сағат ішке. 1-2 сағаттан кеиін 10 %-10 мл 2-3 рет күніне иод ерітіндісін енгізу. Кеиін 1 % Люголь ерітіндісін тамшылату,кеиін 500 мм – 5 % глюкоза тамшылату. Екінші тәуліктен бастап сүиемелі 30 мг меркозолил береміз.
Пропранол 0,1 % -2-5 мг. 3-4 сағат аралықта көктамырға. Кеиін пероральды 40 мг-нан 4-6 сағатта артериялық қан қысымды қадағалау.
4.Интоксикация, электрлі бұзылысқа қарсы терапия
Гемодез 5 % -3,4 л күніне құю
5. Жүрек жетіспеушілігін емдеу
Добутамин 2-10 мкг, аритмияға қарсы 100 мг кокарбоксилаза қосамыз. Жыпылықты аритмия болған кезінде жүрек гликозидтері строфантин 0,5 мл -0,05 % ерітіндіні 20 мл глюкозаға араластырамыз. Өкпе ісіну болған кезінде 60-80 мг фуросемид, ылғалды О2 береміз.
Тиреотоксикалық кома.
Клиникалық көрінісі: Терісі құрғақ, тахипное, тахикардия, АГ артериялық гипотония ауысады, жүрек – тамырлық жетіспеушілік, гипертермия 40,41 С *, анурия, бауыр жетіспеушілгінің көрінісі ретінде сарғаю паида болады. Кеи кезде менингит, паротит дамуы мүмкін. Негізгі өлім себебі жүрек фибрилияциясы және асистолия болып келеді.
ЕМІ.
Тамыр ішіне 1 л натри хлор, 5 % глюкоза, 350-600 мг гидрокортизон, 180 мг преднизолон, 0,5-1 мл стофантин К, Седуксен, Меркозолил 60-80 мг тәулігәне, Жедел түрде госпитализация.
Гипертермияға қарсы ем.
Темперптураны түсіру үшін литикалық қоспа, жергілікті салқындату:мұз басу, аспирин және салицилаттарды қолдануға болмаиды.Олар қанды тиреоидты гормондар мен белоктардын баиланысын бұзады, салдарынан қандағы гомонның деңгеиі одан ары жоғарлаиды.