«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» №1 дәріс Дайындаған: «Химиялық технология және экология»



бет1/2
Дата03.11.2023
өлшемі211 Kb.
#482314
  1   2
file-288

  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті КЕАҚ Инженерлік-технологиялық факультеті Химиялық технология және экология кафедрасы
  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі»
  • № 1 дәріс
  • Дайындаған: «Химиялық технология және экология»
  • кафедрасының аға оқытушысы Бакирова Л.С.

№1 дәріс тақырыбы:

  • Кіріспе. Курстың мазмұны. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі

Дәрістің жоспары

  • Курстың мазмұны
  • Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі
  • Заңнамалық актілер мен ережелер
  • Түсініктер және анықтамалар.
  • Курстың мазмұны
  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

  • Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

  • Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет: Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет.
  • Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек. ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін;
  • Төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек. Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет