Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
id174798

3.3.Сурет.Блек жүйесі бойынша тісжегі қуыстарының орналасуы. 
Замануи талаптарға сәйкес тісжегі қуысын механикалық әдіспен егеп 
тазалаудың келесі ережелері бар: 
•егеп тазалауға пациенттің жалпысоматикалық статусын есепке ала 
отырып алдын ала жансыздандырудан кейін жүргізу керек; 
•тісжегі қуысын турбиналы ұштықтармен егеп тазалауды тістің қатты 
тіндерінің және тіс ұлпасының қызуынан сақтау мақсатында тек қана 
сулы салқындатумен қатар орындау керек; 
•механикалық ұштықпен тістің қатты тіндерін қыздырмай, жұмсарған 
дентиннен борды тазалай отырып, абайлап тек кептірілген қуыста жұмыс 
істеу керек; 
•тісжегі қуысында егеп тазаланғаннан кейін табанының қабырғаға қарай 
өтетін аймақтарында, акклюзиялық белбеуде, вестибулярлы және 
оральді беттерінде өткір қырлары болмауы керек; 
•барлық егеп тазалаудан кейін қуысты межелік алмазды борларды 
(қызыл немесе сары жолақты борлар) қолдана отырып аяқтау қажет; 


•40–градуста бұрышта көлемі 1,5– мм қиықты тек алдыңғы тістерді егеп 
тазалау кезіне алмазды межелік борлармен тістің қатты тіндерін 
қышқылдармен өңдегеннен кейін шағын ретенция жасау үшін; 
Композиттің кіреукемен және дентинмен ретенциялану алаңы 
жабысқақтық жүйе арқылы тікелей 1000 нан астам болады. Тістің қатты 
тіндерін сау тіндер аймағына дейін егеп тазалаудың замануи қағидасы 
осы құбылысқа негізделген. Төмпешіктерді жабудағы қайта қалпына 
келтіру әдісі тіс сауытының әдеуір бұзылуы кезінде жүргізеді. 
Бұл әдісте егеп тазалаудың ерекшелігі сау қалған бір төмпешікті 2,5мм ге 
дейін кесіп тастайды. Вестибулярлы жақтағы қабырғаны ортасына дейін 
немесе жиектік қызылиекке дейін кертпе жасай отырып егеп тазалайды. 
Қайта қалпына келтіруде төмпешіктерді композитпен жауып эстетикалық 
жақсы және берік конструкция алады. 
Қазіргі кезде тістің қатты тіндерін егеп тазалаудың бірнеше әдістерін 
қолданады. Ең көп тарау алғаны Блек ұсынған алдын алу үшін 
кеңейтілген әдісі. Бұл әдістің мағынасы тісжегі қуысын егеп тазалауда 
тістің қатты тіндеріндегі тісжегіге бейімді аймақтарын тісжегіге берік 
белбеуіне дейін кесіп алып тастайды. Блектің бұл қағидасы «алдын алу 
үшін кеңейту» (extention for prevention) мақсатына негізделген. Қуыстың 
пішіні пломбылауға мықты, ыңғайлы болып, пломбалық материалдың 
жабысуын қамтамасыз ету керек. Тістің қатты тіндерін осы әдіс бойынша 
егеп тазалау көбіне –көп сол болған пломбалық материалдар амальгамма 
мен цементтерге байланысты болды. Қазіргі кезде аммальгаманы 
қолдану кезінде Блек ұсынған классикалық әдісті қолданған жөн. Өткен 
ғасырдың ортасында 
И. Г. Лукомский ұсынған биологиялық әдіс бойынша тістің қатты 
тіндеріндегі тісжегі ошағын тек зақымданған аймақта ғана алып тастау 
болды. Биологиялық әдіс клиникалық тәжірибеде шектелген түрде 
қолданылады. Себебі, бұл әдіс кезінде қуысты қалыптастыру және 
ретенциялық нүкте жасау сияқты қағидалар ұсталынбайды.Тісжегіні 
емдеу нәтижелігі көбіне тісжегі қуысын дұрыс егеп тазалауды сақтауға 
байланысты.Дұрыс қалыптастырылған қуыс пломбаның жабысуын және 
биомеханикалық параметрінің сақталуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет