Қорытынды
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
-
Жаңа әлеуметтік қатынастар, әлемдегі жаһандану үрдісіне сай патриотизм ұғымы жалпыадамзаттық тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталады. Патриотизмнiң дамып, қалыптасуының тарихи алғы шарттарын айқындай отырып, тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттiк, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, жүйелілік тұғырлар тұрғысынан сараланады.
-
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Патриоттық құндылық”, “Жалпыадамзаттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан қарастырылады.
-
Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері және патриоттық құндылықтар жүйесі, патриотизмнiң әдiснамалық негiзiн айқындауда философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмi) тұрғыда қарастырылғанда патриотты тұлғаны қалыптастыруға болады.
-
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн осы саладағы ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасай отырып, тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазіргі қоғамның әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленеді.
-
“Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері” тұлғаның бойында “Қазақстандық патриотизм”, “патриоттық құндылықты” қалыптастыруда негізгі орын алады. Тұлғаның бойында патриоттық құндылықтар олардың білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өз-өзіне қатынасы арқылы көрініс беретіні тәрбиелік жұмыстың нақты нәтижелерімен дәлелденеді.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымақтығын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталады.
Еңбекші орта мектебі бойынша «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне арналған «Елбасымыз біздің мақтанышымыз!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелерінің қатысуымен өткізілген Президенттік слеттің бағдарламасы Залда музыка әуені ойнап тұрады.
1 – жүргізуші:
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаным болам жолыңда сенің.
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса
Сүйікті Отан, сүйкімді елім.
Елбасым менің – Тұңғыш Президентім!
Қазақстан Республикам менің!
Құрметті қонақтар мен ауданның белсенді оқушылары «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне арналған белсенді оқушылардың «Елбасымыз – біздің мақтанышымыз!» атты слетіне қош келдіңіздер.
(Залдан «Жас Ұлан ұйымының туы мен жалаушалары көтеріледі)
2 – жүргізуші:
Біз тәуелсіз еркін елде, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған елде ер жетіп келе жатқан ұрпақпыз! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болады. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – Тәуелсіз еліміздің де еңсесі биік болатыны сөзсіз!
1 – жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын,
Елім айтқан ер көтерер жер даңқын.
Президентім елбасы аман болғай әрқашан.
Мәңгі жаса, жас қазағым өр халқым.
(Залдан «Жас Ұлан ұйымының туы мен жалаушалары көтеріледі)
2 – жүргізуші:
Тәуелді болмай ешкімге
Тәуелсіз ел атандық
Елбасым бар, елім бар
Елден аппақ бата алдық.
1 – жүргізуші:
Көгінде қыран құстың қалықтаған.
Ұшудың биігінде жалықпаған.
Қазақстан cүйікті Отанымсың
Адымдап, алға басып шарықтаған.
Жалауың самал желмен желбіреген
Көріп ем, ет жүрегім елжіреген.
Біріккен ұлттар ұйымының мінбесінен
Сөйлеп жатыр ел басым Елім деген – дей отырып, Ел жалауының желбіреген туының астында жеңістің шыңындағы рахатын сезінген ,Республикалық жастар слетіне қатысып келген Еңбекші округінің маманы Баярова Әсемгүлге береміз.
2 – жүргізуші:
Осы күні жастардың басын біріктіріп, ұйымдастырып, елеулі күшке айналдырып отырған «Жас Ұлан» жастар қанатының да еңбегі зор дер едім.
Аудандық «Жас Ұлан» қозғалысының жетекшісі Еңбекші орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Махмудова Гулсаяға сөз береміз.
1– жүргізуші:
Егеменді еліміздің әлі де іргелі мемлекетке айналдыру жастарымыздың қолында.Жастар – еліміздің болашағы, сол себепті Елбасымыздың өзі де бас болып жастарға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде жігерлі де, білімді жастарымыздың саясаттан да, биліктен де көріп жүрміз.
2 – жүргізуші:
Халықтың жарқын өмірге талпыныс толқыны толастамайды, ағысы азаймайды. Өйткені халқымыздың жалғасы жаңа бұлақтың көздерін ашуда. Елбасымыздың саясатының арқасында жастар қолдау тауып, ел болашағы үшін, тың серпілістер беруге даяр. Алматыда «Жас Ұлан» мүшелері арасында өткізілген республикалық аяқ доп жарысында Атырау облысының намысын қорғап 2 орынды иеленген Еңбекші орта мектебінің «Жас Ұлан» командасының белсенді мүшесі Махамбетов Дауренге сөз беріледі.
1 – жүргізуші:
Қазақ елімен шаттанамын, Елімізді ел етіп, өлшеусіз еңбек етіп, тынығуымызға үлес қосқан көрегенді тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлымен мақтанамын.
Біз жас ұрпақ!
Тәуелсіз Қазақстанды шексіз сүюге,
Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлын қорғауға,
Туған жердің қасиетін қастерлеуге,
Елімізді, жерімізді сақтауға,
Аталар мен бабалар өсиетін орындауға,
Әрқашан дайынбыз!
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
-
Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы Атамұра 2003
-
Н.Назарбаев Тарих толқынында Алматы Атамұра 2003
-
Білімдегі жаңалықтар 2009 №4
-
Патриоттық тәрбие берудің әдiснамалық негiздерi //Бастауыш мектеп. -2005.
-
Батырлар тарихы - ел тарихы //Жалпы тарих және құқықтану мектепте. -2004.
-
«Тәрбие жұмысының әдістері мен түрлерін жетілдіру» тәрбие жұмысы мазмұны мен оның ұйымдастыру әдістеріне арналған жинақ. Алматы-2008
-
Патриоттық тәрбие тұлғаны қалыптастырудың факторы //Ізденіс. -2007.
-
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2009
-
Қазақстан мектебі 2004 №7
-
К. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995
-
Мектептегі мерекелер 2010 №1
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Еңбекші орта мектебі
Тақырыбы:
«Заң балалықты қорғайды»
Кездесу, бриффинг
Жетекшісі:
Ермұханова Клара Олжабайқызы
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2014-2015 оқу жыл
Тақырыбы: «Заң балалықты қорғайды»
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, бриффинг
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым (Оқушы құқығы)
IV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VI Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VII Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Заң балалықты қорғайды » атты бриффинг кешімізге қош келдіңіздер!
Бриффингтің негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Психологиялық тренинг
Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек , өмірімізге қара дақ түсірмей , болашағымызды ақ парақтай таза болсын десек , өз айналадағы адамдарға да таза , ақ ниетте болуымыз керек деп қорытындылап негізгі бөлімімізге көшейік)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз
Әлеуметтік норма
Құқық Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІ. Келесі бөліміміз «Сенің құқығың » деп аталады . Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде айтып өтеді.
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 оқушы: 9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы туралы .
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-оқушы 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-оқушы 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – оқушы 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Роман: Нұрбол бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Нұрбол: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Роман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Нұрбол: Кеттік, жолшыбай Айдынбекке соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Роман: Айдынбек, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Айдынбек: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Нұрбол: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Айдынбек: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Роман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүрме!
Нұрбол: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
-
Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
-
Учаскелік полиция инспекторына
Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке
тартылады?
Тағы пікір қосушылар бар ма?
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы аудындық ІІБ-нің Жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, Амиров Еркеғали және Еңбекші сеолық округінің учаскелік инспекторы Қабдолов Нұртас қатысып отыр. Келесі сауалдар сізге :
-
Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
-
Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
-
Қылмыстың белгілері қандай?
-
Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
-
Ауданымызда және осы ауылымызда жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
-
Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
-
Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес бере едіңіз?
Мектеп психологы Жакупова Сәуле
-
Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
-
Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермұханова Клара Олжабайқызы
1.Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
2. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
3.Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
Ата-аналарға сауалдар :
1 . Балаңыздың жолдастарының арасында қиын жағдайға ұшырап , жанұясында зорлық-зомбылыққа кезігіп жүрген бала болса қандай шешім қабылдар едіңіз?
2 . Сынып жетекшісі немесе мектеп психологы шакырып , Сіздің балаңыздың өзіңізге беймәлім қылықтары жөнінде айтып , ескерту берсе қалай қабылдайсыз?
Жас маман ұстаздарға сұрақ :
1 . Сіз сынып жетекші ретінде оқушыларыңыздың құқығын қорғау үшін қандай шара алар едіңіз
2 . Егер сыныбыңызда «Қиын » немесе «Қиынға бейім » бала болса , оның ата-анасымен қалай жұмыстанар едіңіз?
Оқушыларға сауалдар :
1 .Жолдастараңыздың арасында жақындарынан немесе бөгде адамдардардан зардап шегіп отырған құрбы , досыңыз болса қандай шара алар едіңіз әлде араласпайсыз ба?
2.Бүгінгі бриффингте өзіңізге қажетті түсінік алдыңыз ба , қандай ой түйдіңіз?
ІІІ. Қорытынды бөлімімзде бүгінгі мәселеге байланысты мақал-мәтелдерге кезек береміз .«Ойды аяқта»
(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беруіңіз керек)
-
Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
-
Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
-
Ұрлық түбі ... (қорлық)
-
Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)
-
Тура биде ... (туған жоқ)
-
Туғанды биде ... (иман жоқ)
-
Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
-
Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)
-
Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)
Қорытынды
Бүгінгі бриффингте құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналар бас қосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(өз пікірлерін ортаға салады)
Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын !».
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Еңбекші орта мектебі
Сынып сағаты
Тақырыбы:
«Заң бұзушылық деген не?»
Дайындаған:
Ермұханова Клара Олжабайқызы
2014 -2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Заң бұзушылық деген не?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға заң бұзушылық туралы
мәлімет беру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз халқына, өз еліне адал
қызмет етуге, ҚР Конституциясы мен
заңдарын қатаң сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылардың әдептілік ережесі,
міндеттері,слайдтар
Сабақтың барысы:
І бөлім. Деректеме «Құқық бұзушылық»
Осылардың арқасында заң бұзған адамдар өздеріне тиісті жазаларын алады
Бұл істердің барлығына жаза қолданылады.
Бұл істердің барлығына жаза қолданылады.
ІІ бөлім . Тақырып бойынша тапсырмалар орындау.
1.Тапсырма.
Мына әріптер арқылы заңға байланысты сөздер құрастыр
Қ Ә Ы Т Л Б М Р Ы Е С И П О Р Т О С
К А У Ң Р З О Р А Қ Р Ұ Т Қ О Ы Н Қ
2.Тапсырма.
Жазба жолдардағы әрбір екінші әріпті жаза отырып сөйлем құра.
ЕҚЖЫБЛОМҰЫКС,ФЗІАСҢ
КБУҰМЗЧУӨШПДЛРЫҮҚ
3.Тапсырма.
Әр әріптің қасындағы сандар арқылы сөздерді жаз.
Р/8; К/4; О/7; Р/2;У/5;Р/6;П/1;О/3;
Ы/8;Ғ/4;Қ/1;А/5;Р/3;О/2;У/6;Ш/7
Құрманғазы күйі (орындайтын Дархан)
ІІІ бөлім. Деректеме «Заң бұзушылық дегеніміз не?»
1. Заң бұзушылық – Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету.
Заң бұзушылық
Теріс қылық Қылмыс
2. Теріс қылық айналандағы қоршаған ортаға сәйкес емес, қарсы әрекетке
бару. Ол үшін үш түрлі жауапкершілік бар:Әкімшілік жаза – көшеде жүру,
автокөлік жүргізу тәртібін бұзғанда, тәртіптік жаза – оқу және еңбек
орнында тәртіп бұзғанда, азаматтық жаза – оқу және еңбек орнында тәртіп
бұзғанда, азаматтық жаза – затқа, мүлікке байланысты жауапкершілік.
Теріс қылыққа
қолданылатын
жаза
Тәртіптік Әкімшілік Азаматтық
жаза жаза жаза
3. Қылмыс – құқық бұзудың ауыр түрі. Қылмыс жасаған адамдарға қосымша
және негізгі жазалар қолданылады. Негізгі жазаға жататындар:
Қылмыс жасаған үшін
қолда нылатын жазалар
Айып Лауазым иесі Бас бостан Бас бостан- Өлім
салу болу құқығынан дығынан айырмау дығынан жазасы
айыру еңбекпен айыру
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде кәмелетке жасы
толмағандардың жауапкершілігі туралы 10 бапта қаралған. Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңы қылмыстық жауапкершілік заңын
жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саңалы түрде істелген ауыр
қылмыстар үшін 14 жастан белгіленеді.
Қылмысттық
жауапкершілік
жасы
16 жастан 14 жастан
5. Бас бостандығынан айыру жазасын жасы толмағандар еңбекпен тәрбиелеу
колонияларында жалпы және күшейтілген режимде өтеді. Жалпы
режимдегі Колонияларда жеңіл қылмыс жасап бас бостандығынан
айырылғандар, ал ауыр қылмыс жасағандар күшейтілген режимдегі
колонияда жазасын өтейді.
6. Баланы өмірге әкелген ата-ана баланың үлкен азамат болып өсуі үшін көп
еңбек етеді, баланы өз қатарынан қалдырмай денсаулығы мықты, оқыған,
тәрбиелі, қоғамға пайдасын тигізетін дәрежеге жеткізу әке-шешенің
тікелей міндеті екендігі даусыз. Алайда, өмірде бала тәрбиесіне мүлдем
салғырт қарайтындар да жиі кездесіп жатады. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 17-бабы бойынша, азаматтық міндеттерді орындауға
қабілеттілігі кәмелетке толғанда (18 жастан) пайда болады. Осы кезге
дейін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті олардың ата-
аналарына жүктеледі.
ІУ-бөлім. Жұмбақтар шешу.
1. Өлсең де өлмейді,
Өлмесең де өлмейді
2. Тәңертең төрт аяқпен,
Түсте екі аяқпен,
Кешке үш аяқпен жүреді
3. Дүниеде бір дария беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан
4. Жаны жоқ болса да,
Ақылы адам ісін істейді.
5. Аппас жұмбақ, адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе,бермес жұмбақ,
Қызыл алтын батпас жұмбақ
Достарыңызбен бөлісу: |