Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі



Дата17.06.2016
өлшемі64.5 Kb.
#143540

Өтепова Салтанат Исламғалиқызы Мұғалім портфолиосы

№ 3 топ 3 - деңгей

Ақтөбе қаласы 04. 2014 ж




Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған

бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі.
Күннен – күнге еңбекпен ізденісті талап ететін, ХХІ-ғасырда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұгалімнің басты мақсаты. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден-бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақта ықпалдастырудың маңызы өте зор. Сындарлы оқытудың негізгі міндеті – еліміздегі ұстаздардың педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.Сондықтан білім беру мен оқытудың бүгінгі таңдағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мен кәсіби шеберлігімен өзара байланысты екендігін түсіндім. Яғни, бұл бағдарлама мұғалімнің педагогиканың аспектілеріне қатысты ғылыми зерттеулермен танысуына және білім алудағы стратегияларды өз тәжірибесінде қолдануына жан-жақты жағдай жасап, ықпал етуде. Осы бағдарламада қарастырылған 7 модуль идеясы сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткіздім.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстар мен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оұушылардың оқу нәтижелеріне ықпал етеді

( Barber and Mourshad,2007) Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім ( Strong, Ward & Grant, 2011) екендігі түсіндім.

Ғалымдар айтқандай (Vygotsky 1978; Wood 1998) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну. Атап айтқанда «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Merser 1995; Alexsander 2008) метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Flavel 1976;Vygotsky 1978) стратегиялары әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты екенін түсіндім.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады. Олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мүғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болатыны сөзсіз.

Сондықтан да, қашықтықтан оқыту кезеңінде қазақ әдебиеті пәнінен сабақ өткізу барысында, ең алдымен сыныптың психологиялық ахуалын реттеу мақсатында, шаттық шеңберін құруда балалардың жас ерекшелігіне назар аудара отырып, оқушыларды топқа бөліп алдым. Бұл сабақтарда барынша жеті модульді қамтуға тырыстым.

Атап айтқанда, «Диалог негізінде оқыту және Қалай оқу керектігін үйрету» (Merser 1995, Alexsander 2008, Flavel 1976 және Vygotsky 1978) барысында балаларды бәсекеге түсіру және белсенділігін арттыру үшін топқа бөлдім. 2-сыныпқа ұлттық мереке қарсаңында "Наурыз – жыл басы" атты тақырыпта сабақ өткіздім. Оқушылар «Наурыз мерекесі» туралы толық көлемді мәлімет алды. Жаңа сабақты игерту барысында түрлі әдістерді қолдану арқылы терең ойлануға мүмкіндік жасадым. Сабағымның басында оқушыларды топқа бөліп алдым. Балаларға қима сөздерді таңдап алу арқылы 4 топқа бөлінді .Оларды құрастырған кезде жыл мезгілдері анықталды.

1. 1-топ « Көктем »

2. 2-топ « Жаз »

3. 3-топ « Күз »

4. 4-топ « Қыс »

Топқа бөліп алған соң оқушыларға алдыңғы сабақта өздерінің құрған ережелерін сақтауды ескерттім. Сабақтың келесі бөлімінде сыни ойлауға, оқушыларды әңгімеге тарту арқылы, яғни диалог орнату, "ашық", "жабық" сұрақтарды орынды қою арқылы сабағымның тақырыбын аштым. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тренингтер өткіздім Сонымен қатар өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру кезінде түрлі сұрақтар қойып, диалогты қолдандым.

Осы сабақтарды даярлау барысында сандық технологияның және АКТ- ның үлесі зор болды. Интербелсенді тақтадағы бейне сюжетті көріп, тыңдау арқылы есте сақтау ұзақ болатынын білді. Мұндағы АКТ-ның сиқырлы күші балалардың қызығушылығының және танымдық қабілеттерінің артуына түрткі болғанын байқадым. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту барысында суреттермен жұмыс жасаттым. Оқушылар өлеңді өз беттерімен оқып алып, құрастырған суреттері бойынша талдау жұмысын жүргізді. Осы тапсырманы орындау барысында балалардың топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрғандығы және оның оң ықпалын тигізгенін байқадым. Бұл тапсырманы орындау барысында ерекше көзге түскен Жансая, Данияр, Гүлдана, Ислам, Ақбота, Ернұр атты оқушылар болды. Бұл балалар сабақ барысында өздерінің шапшаң, ынталы, епті, ұқыпты екендерін, тіпті кейбір бұрын соңды көп сабаққа қатыса қоймайтын оқушыларда өз ойын айтуға барынша тырысып, бойындағы кейбір сыныптастарына өзінің беймәлім тұстарын көрсете білді.

Еліміздің көркеюі оларды білім алу үшін талантты да, қабілетті балаларды тауып, беру барысында дамыту - ол менің ұстаздық парызым деп білемін. Сондықтанда осы курс барысында алған білімімді өз тәжірибемде барынша қолдануға тырыстым. Сабақтар барысында оқушылар бойынан пәнге деген қызығушылығын байқадым. Ал, бұл топтық жұмыста барлық бала өздерінің дарынды екенін, соның ішінде Жансая, Ислам, Гүлдана, ерекше көзге түсіп, алғырлықтарымен өздерін көрсете білді. Осы сабақтағы барлық тапсырманы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, құрастырдым.

Александер\2001\ «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» - дейді. (Нұсқаулық 55) .

Мен өз сабақтарымда да формативті \ОүБ\ бағалауды қолдануға тырыстым. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі екеніне көз жеткіздім. Бұл ретте бағалаушы тек мұғалім емес, оқушылардың өздерін және бірін –бірі бағалаушы болатындығын түсіндім.

Оқушыларымның сабақты қаншалықты игергенін білу үшін «Ыстық орындық», «Перамидалық карта», «Өрмекшінің торы», «Адасқан сұрақтар», «Қар лақтыру» сияқты кері байланыстар орнаттым. Осындай әдіс қолдану арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтап отырдым. Осындай жаңа тәсілдерді қолдана отырып сабақты одан әрі қызықты етіп түрлендіруге және бағалау кезеңін түрлі әдіспен қолдануға болатынын түсіндім. «Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастырылуын ұсынады. Тапсырмалардың берілуі мен орындалуындағы нәтижені саналы қабылдау және сыни ойлаудың» [6;49] /нұсқаулық/көрінісі деп қабылдап, «оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал ететінін» [7;35] /нұсқаулық/ тағы да түйсіндім. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады. Перри (2002) тапсырмамен жұмыс жасау барысында өздігінен бағытталушылығы; оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы негізделеді. Мен дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар екенін анық байқадым. Оған дәлелім бұрыңғы дәстүрлі оқыту кезінде жетекші рөл үнемі мұғалім тарапынан келетіні және сабақтың тең жартысында оқушыға түсіндіремін деп өзім сөйлеп, уақытты өткізіп алып, оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмайтыны.Өз тәжірибемнен алатын болсам сабақ барысында сол тақырыпты оқушыға жете меңгертемін деп көп уақытты өзім пайдаланады екенмін. Ол кезде оқушы тарапынан сөйлеу аз екеніне аса мән бермеппін.

Дегенмен де арасында қабілетті, талантты, өзіңе жағаласып, жарысып отыратын оқушылар да болады, бірақ соны ары қарай жетелемеген екенмін. Мен бұл жерде дәстүрлі оқытуды мүлдем алып тастаймын деген ой айтпақшы болып отырғаным жоқ, дегенмен де сындарлы оқытуды өз сабағымда қолдануды үнемі үрдіске айналдырсам, онда мен болашақта өзіне сенімді, ынталы, ойын еркін дәлелдеме арқылы жеткізе алатын талантты да, қабілетті, дарынды ұрпақ даярлаймын деп ойлаймын.

Осы қашықтықтан оқыту кезеңінде өтілген сабақтар барысында балалардың бойынан көптеген өзгерістерді байқадым.

Мектеп қабырғасындағы бастауыш сынып оқушылары әлі де болса айтарлықтай қалыптасып қалған жоқ. Бірақ, дегенмен мен осы сындарлы оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының жаны жаңалыққа өте құмар екенін, олар оқуымен, түсінік айтуымен, өздерінің сөздерімен, суретпен жұмыс жасау, оқулықпен жұмыс жасау барысындағы іс - әрекеттерімен өздерінің талантты, қабілетті, дарынды екеніне көз жеткіздім. Осы сабақтарды жүргізу барысында балалардың бойынан білімге деген құштарлығын, жаңашыл дүниеге қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін, өзінің дүниесін өзгемен бөлісуін, сынып ішіндегі ынтымақтастық атмосферасын, өз-өздерін реттеуін және бәсекеге түсу арқылы топ үшін жан ұшыра атсалысқандарын байқадым.

Мектеп деңгейіндегі және сыныптағы табысқа жетуі мектеп ұжымы күш жұмылдырғанда ғана іске асады деп ойлаймын. Мен үшін ең тиімді сабақ ол- нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады.

Менің ойымша әлі де болса оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер көзге көрініп тұрды. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы бірден топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілмен оқытуға қалыптастыру өздігінен қалыптасып кете қалатын оңай жұмыс емес. Практика барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Оқушыларыма сабақтарым өте ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкеледі екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, менде де сабақ беруіме деген бір жаңаша құлшыныс пен ынта – жігер пайда болды. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, оқушыларды сыни ойлауға бағыттау жолында жүргізілген сабақтар мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Бұрын қоңырау қашан болар екен деп уақытты бос өткізетін оқушылар, сабақта жаңа тәсілдерді қолданғаннан кейін «сабақты жалғастыра берейік» деп ұсыныстар білдіріп жатты. Келесі сабақта қандай топтастыру болар екен деп тағатсыздана күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артқанын көріп, ББҮ әдісі арқылы ұсыныстарын оқып, олардың көңіл күйлеріне қарап келесі тақырыпқа жаңаша топтастырулар ойлап, сергіту сәттерін дайындауға асықтым. Кейбір оқушыларымның ата-аналары балаларының сабаққа деген ынтасы артқанын айтып, келіп жатты. Үйге келе сала ойынға жүгіріп кететін балаларым, қазір бірінші сабағын орындайды, көп ізденеді, оқулықтан тапсырмаларды қарайды деп өз ойларын айтып жатты. Демек, оқушы бойында өзіндік өзгерістің пайда болғаны анық деген ойға келдім.

Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді дегім келеді. Бұрын қоңырау қашан болар екен деп уақытты бос өткізетін оқушылар, сабақта жаңа тәсілдерді қолданғаннан кейін «сабақты жалғастыра берейік» - деп ұсыныстар білдіріп жатты. Келесі сабақта қандай топтастыру болар екен деп тағатсыздана күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артқанын көріп, ББҮ әдісі арқылы ұсыныстарын оқып, олардың көңіл күйлеріне қарап келесі тақырыпқа жаңаша топтастырулар ойлап, сергіту сәттерін дайындадым. Кейбір оқушыларымның ата-аналары балаларының сабаққа деген ынтасы артқанын айтып, келіп жатты. Үйге келе сала ойынға жүгіріп кететін балаларым, қазір бірінші сабағын орындайды, көп ізденеді, оқулықтан тапсырмаларды қарайды деп өз ойларын айтып жатты.

Қорыта келе сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі - нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалдырмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін- өзі бағалауға үйренеді дегім келеді.

Бұл курстың басқа курстарға қарағанда қаншалықты берері мол болса, соншалықты аларым көп болды. Топтық жұмыста топ болып бірігіп тапсырмалар орындадық, өз ойымызды ортаға шығып қысылмай еркін жеткізе білдік. Бұрын ашық сабақ бергенде сабаққа кірген әріптестерімнен қысылып қалатынмын, олардың алдында өзімді сенімсіздеу көретінмін. Оқушылардың алдында осындай жақтарымды білдірмеуге тырысып бағатынмын. Топтық жұмыстың жақсы жағы әр топ мүшесі бір-біріне қолпаштау, қолдау көрсетіп кейде тіпті мақтауын жетістіріп, шабыттандырып отырады. Әсіресе маған ұнағаны әр топ жұмыстарын ортаға шығып қорғағаннан кейін, сол топқа қолдау көрсетіп үш шапалақпен ризашылықтарын білдіру мен қатар екі жұлдыз бен бір тілек айтылған кезде одан әрі мамандығыңның жемісін көруге ынталанып, шабытыңның шарықтай түсетіні болды. Дәл осы тұста менің бойымда өзіме деген сенімділік пайда болды. Сонымен қатар топ мүшелері арасында ерекше қарым – қатынастың пайда болғанының куәсі болдық. Ойын жеткізе алмай жатса, ойын өз сөзімізбен жалғастырып айтып жатамыз. Топтық жұмыста «біз» деп сөйлеп үйрендік. Бұл жағы бізді ұйымшылдыққа тәрбиеледі. Жалпы менің өзімнің түбегейлі өзгеруіме қатты әсерін тигізді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей

2. әдебиетік оқу 2012. «Атамұра»



3. Бастауыш сыныпта оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет