Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
Жоба
Тұжырымдама
Қазақстан Республикасында
бейіндік оқытуды дамыту
Астана – 2010
Мазмұны
|
Кіріспе
|
3
|
1.
|
Шетел тәжірибесінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру тенденциялары
|
4
|
2
|
Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
|
5
|
3.
|
12 жылдық білім беру үлгісінде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мақсаты мен басшылыққа алу ережесі
|
6
|
4.
|
Бейіндік оқыту мазмұнының құрамы
|
7
|
5.
|
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру түрлері
|
9
|
6.
|
Бейіндік оқыту жүйесіндегі бейіналды даярлық
|
10
|
7.
|
Бейіндік оқыту жағдайында оқушыларды аттестаттау ерекшеліктері
|
11
|
8.
|
Бейіндік оқытудың педагогикалық мамандары
|
11
|
9.
|
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жағдайы
|
12
|
КІРІСПЕ
Осы Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту үлгісін және құрылымын ұйымдастыру бойынша негізігі идеяларды ашады.
2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады.
Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен келісілген, оның ішінде:
-
мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;
- шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;
- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;
- білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі;
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:
-
білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының арықарай даму жағдайында оларды саналы даңдау жасауға дайындау;
-
орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;
-
үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.
Тұжырымдама нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде жоғарғы сыныптағылардың білім сапасын арттыру бойынша басқару жүйесін анықтауға бағытталған.
1.Шетел тәжірибесінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру тенденциялары
Мемлекеттердің экономикалық дамуында елдің мәдени және тарихи дәстүрлеріне байланысты өзгеше ерекшеленетін, бейіндік оқытуды жүзеге асырудың әртүрлі үлгісі бар. Шетел тәжірибесінде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын көрсетейік:
-
негізгі мектептегі білім беру мазмұнын жоғары мектепте оның жіктелуін үйлестіру;
оқу пәндерінің (курстар) (6-7 пәндер) санын шақтау. Міндетті:
жаратылыстану ғылымдары, шетел тілдері, математика, ана тілі, дене шынықтыру;
-
бағыттың санын азайту: 2-ден 4-ке дейін. Германияда сыныптың ішін 3 бағытқа бөлу мүмкіндігі бар: жаратылыстану-ғылыми және техникалық–математикалық, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық. Францияда жоғары мектепте 4 бөлім (бағыт) бар: гуманитарлық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-ғылыми. Бағыттардың ішінде практикалық бағытта көптеген оқу бейіндері ұйымдастырылған;
-
жоғарғы орта білім беретін ағымдардың жіктелуі: «академиялық» (жоғары мектепке бағытталған) және «академиялық емес» (жалпы білім берумен қатар мамандық алу және әлі де мақсатын анықтамағандарды өмірге дайындау);
-
міндетті білім беру, оқушылар 15/16 жасқа жеткен жылы аяқталуы. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықта 18 жасқа дейін міндетті білім беруді енгізу туралы пікірде бар;
-
жоғарғы орта мектепте оқуын жалғастырушы оқушылардың үлесі 70%-ға дейін өсуі;
-
оқу мекемелерінің жаңа типтерін, жалпы орта білім алудың ұйымдастыру түрлерін диверсификациялау мен күрделендірудің негізгі ойы. Бір қатар елдерде жоғары сыныптар жеке оқу орындарына біріктірілген. Көптеген елдерде жоғары білім беру мазмұнын жалпы курспен және кәсіптік оқумен (күндізгі және сырттай түрдегі) қамтамасыз ете алатын мектептен тыс мекемелерден алуға болады. Шетелдерде оқушыларға оқуды белгілі бір кәсіптік қызметтің түрлерімен қоса игеруге жол беріліп оқудың кешкі және сырттай түрлерінің кеңейуіне ықпал етеді.
-
кәсіптік-техникалық оқу орындары орта білім беру жүйесіне енгізіліп, «тік» әлеуметтік оңтайлылыққа, жоғарғы мектептен білім алуына ықпал етеді.
2. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыру екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, білім беру мекемелерінің (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру технологиялар спекторының кеңейуімен байланысты.
Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж), жалпы орта білім берудің мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж) көрініс тапты.
«Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бейіндік оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру» қажеттігімен түсіндірілді.
Бейіндік оқыту идеясын жүзеге асырудың екінші кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты «Негізгі ережелер» (МЖБС 2.003. – 2002) енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстандағы бейіндік оқытудың ұйымдастырудың негізі анықталды.
Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп (10-11 сыныптар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру енгізіледі. Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.
МЖБС 2.003. – 2002 сәйкес 10-11 сыныптардағы бейіндік оқыту қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Осындай сипатта ұйымдастырылатын бейіндік оқыту бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғарғы білім алуды қарастыратын жорамалдайды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.
Республиканың педагогтары инновациялық қызмет жағдайында 10-11 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі.
МЖБС -2002 шеңберінде бейіндік оқытуды жүзеге асыру жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы тәжірибесінің жинақталғанын дәлелдейді. Сонымен қатар МЖБС 2.003. – 2002 мазмұнының Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен арақатынасын, әлеуметтік тәжірибенің дамуын, қоғамдағы жаңа құндылықтардың бекуін ескере отырып, 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін құрастыруда кейбір кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды:
-
негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің жеткіліксіздігі;
-
әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың кездесуі, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның ішінде шағын жинақталған мектептерде;
-
білім беру мекемелерінің улгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру процестерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі;
-
жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету;
-
орта білім беру деңгейінің білім беру ұйымдары ретіндегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру.
3. 12 жылдық білім беру үлгісінде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мақсаты мен басшылыққа алу ережесі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім берумен қатар орта білім беру элементі болып табылады.
Жалпы орта білім беру мақсаты - жоғарғы сыныптағылардың әлеуметтік және кәсіптік тұрғыдан өз тағдырын өзі шешуге, құқықтық норма негізінде өз бетімен әрекет ету қабілетін дамыту үшін, болып жатқан оқиғаларда, жағдаяттардың құндылығын сезінуге дайындығына, қажетті ақпараттарды өз бетімен таңдауға және туындаған пролемаларды шешу тәсілін дамуға жағдай жасау болып табылады.
Бұл жағдайда, білім беру процессінің негізгі мақсаты- оқушылардың кәсіби білім алу мен келешек кәсіби бағдарын игерудегі жалпы білім дайындығын бейіндік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттарында оқыту мазмұнын саралап жіктеу негізінде іске асыру. Оқушыларға жеке шығармашылық бағдарламасына сәйкес қызығушылығы, мүмкіндіктер мен кәсіби жобасы негізінде оқу деңгейін, әдістерін және түрін таңдау құқығы беріледі.
Мектеп бітіруші өмір, қоғам және адам туралы, келесі білім алу деңгейіне қажет танымдық және қатынас түрлері туралы жүйелі білім алады. Оқушылардың пәндерден алған білімі және таңдап алған бейіндік оқу бағытындағы құзыреттілігі әлеуметтік және кәсіби өзіндік таңдауының негізі болады.
2. Орта білім алғаннан кейін техникалық және кәсіби жалпы орта білім алу мүмкіндігінің болуы. Білім беру процессінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты ұсынған инварианты пәндік бағдарламаны игеру арқылы 1-2 курс оқушыларының жалпы білім даярлығын аяқтау, сонымен қатар жалпы білім беру бағдарламасы, кәсіби білім беру бағдарламасының, негізгі бағыттағы өз ісін жетік білетін білікті техникалық мамандар және қызмет ететін еңбектің барлық түрлерін, қоғамдық-пайдалы кәсіби іс- әрекетінің дайындығын игеру.
Сондықтан, жалпы орта білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытудың ролі жаңа мазмұнға ие болуда.
Бейіндік оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды..
2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын, әртүрлі типтік оқу ұйымдары келесі жалпы білім беретін оқу орындарымен анықталған: жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), лицейлер (5-12 сыныптар), бейіндік мектептер ( 11-12сыныптар).
4. Жалпы орта білім беру мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының 11-12сыныптары мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың 1-2 курстарында ,орта білімнен соң, оқылады.
5. Білім беру мазмұны оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының- курстар құрамын таңдау мүмкіндіктері қарастырады.
6. Бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана қамтымайды жоғары сынып оқушыларының қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.
7. Жоғары сыныптағылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру мен дамыту негізі педагогтың технологиялық мәдениетінің дамуын, педагогтың кәсіби ойлауын өзгертуді, білім беру процесінің барлық субьектілерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қарастырады.
4. Бейіндік оқытудың білім беру мазмұнының құрамы
Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.
Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталу керек.
Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің санын оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.
Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.
Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне қарамастан барлық оқушылар үшін үш бағыт (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық) міндетті болып табылады.
Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің инвариантты компонентінің тізімі: ана тілі, қазақ тілі (оқытылу тілі қазақ тілінде емес мектептер)/ орыс тілі (оқытылу тілі орыс тілінде емес мектептер), шетел тілі, математика, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, адам және қоғам, өзін-өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, АӘД/ӨҚН, ақпараттық технологиялар мен жүйелер.
Жалпы білім беретін пәндердің базалық жүйесі орта білім мазмұнының толық функционалдылығын қамтамасыз етеді. Жалпы, міндетті пәндер, базалық мазмұн негізі ретінде, мемлекеттің мақсатын анықтайды, оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарға баулиды.
Бейіндік оқыту бағыттарына сәйкес оқу ұйымы бейіндік оқыту бағыттарын өздері ұйымдастырады. Бейіндік оқыту мазмұны бейіндік мазмұндағы пәндер, таңдаулары бойынша міндетті пәндері мектеп компоненттінің және қызығушылықтары бойынша курстары оқушы компоненттері жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша іске асады. Бейіндік және міндетті пәндер мен қызығушылықтары бойынша курстарының қисындастырулары арқылы кен көлемде бейіндік оқыту ұйымдастыруға болады.
Бейіндік мазмұндағы пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын қамтамасыз етеді. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей пәндер құрамымен: химия, биология, география, физика, информатика қамтамасыз етілетін болады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды. Бейіндік оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін келесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.
Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.
Таңдау бойынша міндетті пәндер вариативті білім беру мазмұнының мектеп компонентіне кіреді. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.
Базалық, бейіндік мазмұндағы және таңдаулары бойынша міндетті жалпы білім беретін пәндер құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жалпы орта білім беру деңгейін қамтамасыз етеді.
Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады. Қызығушылығы бойынша курстар жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын, болмаса оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету. Қызығушылығы бойынша курстар мазмұны құзіретті білім беру ұйымының бекітілген қолданыстағы оқу бағдарламалары мен оқу орнының мүмкіндіктерін ескерген авторлық бағдарламалармен анықталады.
5.Бейіндік оқытуды ұйымдастыру түрлері
11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары және ұйымдастыру құрылымы ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды таңдаудың негізі болып оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы қаралады. Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады.
Бейіндік оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрі
Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.
Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады.(жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық)
Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі
Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Осындай ынтымақтастықтың екі негізгі нұсқасы қарастырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.
Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.
-
Бейіндік оқыту жүйесіндегі бейіналды даярлық
11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау үшін мақсатқа бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.
Бейіналды даярлығы педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Бейіналды даярлық жүйесі 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауды: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.
Бейіналды даярлықтың міндеттері:
1.Оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығы кең спектрын дамыту.
2. Кәсіптік қалыптасуына байланысты, соның ішінде өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеруге психологиялық-педагогикалық көмек беру.
3.Мамандық алу жолында, білім алу бағытын жалғастыруды таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.
Бейіналды даярлығы құрылымы педагогикалық қызметтің бірқатар бағыттарын өзіне кірістіреді: ағартушылық, насихат, диагностика, кеңес беру. Бейіналды даярлығының мақсаты мен міндеттеріне жетуде білім беру желісін құру, қажетті ресурстары бар, әртүрлі типті білім беру ұйымдарын: мектептер,қосымша білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіби білім беретін,ЖОО біріктіру мүмкінділігімен анықталады.
Бейіналды даярлық 9-10 сынып оқушыларының вариативті компоненттері мен жеке оқытудың оқушы компоненттері оқу бағдарламасының жұмасына 4 сағат көлемінде анықталады. Бұдан басқа, бейіндік оқыту инвариантты компонентті жалпы білім беретін пәндер мазмұны арқылы іске асады.
Бейіналды даярлық білім беру жетістіктерінің жиынтығы ретінде портфолио, негізгі мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс қызметіндегі (жеке «Портфель оқу жетістігі») ,құрастыруды қарайды. Портфолио материалдардың әртүрлігін және сенімділігін,берілген жұмыстардың сапасын, оқудың бейіндік оқу бағдарына бағыттығын,оқу және шығармашылық белсенділігінің динамикасы жөнінде, қызығушылық бағыттары, бейіналды даярлық сипаттары туралы түсініктер береді.
7. Бейіндік оқыту жағдайында оқушыларды аттестаттау ерекшеліктері
Бейіндік оқыту жағдайында оқушыларды аттестаттау ерекшеліктеріне білім берудің 6 деңгейдегі (1 кезең) күтілетін нәтижелеріді бағалау ретінде 12 сыныпты бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест түріндегі мемлекеттік аттестациядан өтуі жатады.
Бейіндік оқыту жағдайында портфолиоға ерекше мән беріледі. Портфолио оқушының жеке оқудағы және әлеуметтік–мәнді жетістіктерінің көрсеткіші деп қарастырылады, сонымен қатар мансапқа жетуде қызығушылығын және мамандықты саналы таңдауына қалыптасу деңгейін көрсетеді. Әртүрлі құжаттардан құралған портфолио мазмұны оқушының мүмкіндіктерін дәлелдейді, білім алу деңгейінің келесі жолын анықтау кезінде ескеріледі. Портфолионың болуы кәсіби білім беретін ұйымдардың қабылетті, таңдап алған кәсібі бойынша ойдағыдай білім алуға бейімді оқушыларды іріктеуге мүмкіндіктер береді.
Орта білім туралы аттестат алғандар, жоғарғы білім беру деңгейінде білімін жалғастыру үшін, біріңғай ұлттық тест негізінде байқауға қатысады (2 кезең).
8.Бейіндік оқытудың педагогикалық мамандары
Бейіндік сынып мұғалімдері нәтижеге бағытталған оқу процесстерін және білім сапасын тиімді басқарулары керек. Мұғалім жоғары кәсіби құзыретті деңгейде болуы, ал оның білім беру процессіндегі іс-әрекеттері оқушылардың қызығушылықтар мен бейінділіктерін толық ескеруі керек. Мұғалімнің оқушылардың оқу бағдары мен болашақ кәсіп таңдаудағы рөлі де өте құнды.
Бейіндік оқуды мектепрте іске асырудың қажетті жағдайларының бірі мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу және жаңа типті мұғалімдер даярлау болып табылады.
Келешекте 12 жылдық білім беруге көшу кезінде, жоғарғы мектептің алдыңда үлкен, бейіндік оқу мектебінде оқу-тәрбие жұмысына, мектеп пен қоғамның күрделі қайта құру кезеңінде жұмыс істей алатын кәсіби-білімді мұғалімдер даярлау, міндеті тұр.
Типтік оқу бағдарламасының бейіндік оқыту бағдарына сәйкес ықпалданған пәндер, сондай-ақ бірқатар жаңа оқу пәндерін еңгізу көзделген.
Соған байланысты жұмыс істеп жүрген педагогикалық кадрлармен, қайта даярлықтан өткен болса, келесі оқу пәндерін оқыту мүмкін: «Қәзіргі әлемдегі Қазақстан» - тарих және география мұғалімдері; « Жаратылыстану» -физика,химия,биология мұғалімдері; « Өзін тану»- психолог,гуманитарлық пәндер мұғалімдері; «Ақпараттар технологиялары мен жүйелері»- ақпарат, технология және сызу мұғалімдері; «Әлемдік көркем мәдениет»- тіл және әдебиет,шет тіл мұғалімдері; «Ритарика»- тіл және әдебиет мұғалімдері; «Дизайн және жобалау» - сызу, көркем сурет мұғалімдері.
-
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жағдайы
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының негізгі идеяларын іске асыру бірқатар жағдайларды, орындағанда мүмкін болады, солардың ішінде:
-
тұжырымдаманың мақсаттары мен мазмұның түсінетін облыстар, Астана, Алматы қалалары,қалалық, аудандық білім басшылығы, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары басшыларын,мамандарын даярлау;
-
ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың және іске асырудың шараларының бағдарламасын даярлау;
-
педагогикалық басылымдарда, БАҚ жоғарғы сынып оқушыларын оқытудың жаңа үлгісінің негізгі идеяларын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;
-
бейіндік оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орта білім берудің нормативтік құқықтық қамтылуын іске асыру;
-
бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығы (біліктілігін көтеру және қайта даярлау) педагогтарының кәсіби дамуының стандартын әзірлеу;
-
бейіндік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын дамыту;
-
педагогикалық жұмысқа даярлаудың, жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім берудің стандарттарын,орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығына сәйкес жаңарту;
-
бейіндік оқыту жүйесін қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |