«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер



бет1/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016


«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 ОПС, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


1-Модуль. Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе
1-дәріс.Танымдық процестер психологиясына кіріспе. Түйсіну бейнелерінің ерекшеліктері. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде.
Сезімдік танымдық сатылардың негізін құрайтын түйсіну мен қабылдау психикалық процестерін оқып-үйрену аса маңызды мәселелердің бірі. Түйсіну актілері арқылы адамның қоршаған ортамен байланысы орнайды, «сыртқы әлем энергиясы сана актісіне өтеді».
Түйсіну бейнелері реттеуші, танымдық және эмоциялық функцияларды орындайды. Бейнелер – ол сигнал, өзінің биологиялық және әлеуметтік мәні бар, тітіркендіргіштің жақындағанын немесе одан кеткеніне байланысты туындайтын реакцияларды, сигналдардың (стимул) траекториясын, күшін, қозғалыс жылдамдығын, кеңістікті локализациясын анықтайды.
Бейнелердің онтологиялық тұтастығы обьективті болмыстың заттылығымен, психофизиологиялық тұрғыдан сыртқы дистантты анализаторларды танымдық комплекстерге біріктіретін қозғалыстың өзара әрекетімен, физиологиялық (организм деңгейінде) және психологиялық (жеке адам деңгейінде) белсенділікпен, танымға бағыттылықпен, детерминацияланған.
Психиканың негізгі функциялары: мінез-құлық пен іс-әрекетті бейнелеу және регуляциялау болып табылады. Психиканың көрінуінің негізгі формалары мен олардың өзара байланысы: процесстер, тұлғаның қасиеттері мен күйлері. Танымдық психикалық процестердің процестердің негізгі түрлері: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сөз
Философия оны ғылыми және гносеологиялық тұрғыдан басым талдайды. XIX ғасырдағы сезім органдарының классикалық физиологиясы көптеген ғылыми және фундаменталды мәліметтер мен заңдылықтарды ашты. Қазір түйсінудің рефлекторлық теориялық концепциясы жайлы ілімі дамыды.
Кейде оны түйсінудің рецепторлық концепциясы деп атайды және И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың ілімдеріне сүйеніп, рефлекторлық концепциясына қарсы қояды.
Түйсінудің рецепторлық концепциясы И. Мюллердің «сезім органдарының арнайы энергиясы» деген принципіне қатысты туындады. Ол өзінің «Адам физиологиясы курсы» деген еңбегінде бұл принципті былай тұжырымдайды: «Сыртқы принциптермен шақырылған түйсінулерді ала алмаймыз, ол себептерсіз-ақ сезгіш нервтермен шақырылады.
Бір ғана сыртқы себеп – олардың табиғатына байланысты әр түрлі сезім органдарында әр түрлі түйсіну туғызады. Әрбір сезгіш нервке тән түйсіну көптеген ішкі, сыртқы әсерлермен де шақырылуы мүмкін. Түйсіну санаға сыртқы дененің күйі, сапасы ретінде беріледі, әр түрлі сезгіш нервтер үшін әр түрлі болып келеді».
Міне, осы тезистерден И. Мюллер гносеологиялық қорытынды жасайды: «түйсіну әсер ететін заттардың сапасы жайлы білімдерді бермейді, себебі ол сол сезгіш нервтерге ғана сәйкес келеді. Организмнің ортаға бейімделуін қамти отырып, сезім органдары өз функциясын адал орындайды, егер де ол оның обьективті қасиеттерін шын бейнелесе».
Сөйтіп «сезім органдарының айырықша энергиясы» «арнайы энергиялардың органы» принципі деп қайта ұғынылады. Мюллер бойынша, түйсіну тітіркендіргіштің табиғатына емес, тітіркену процесі өтетін органға немесе нервке байланысты және оның арнайы энергиясы болып табылады. Мюллердің принциптерін талдау, сынау жайлы талдаулар толық семинар сабағында қаралады.
Эволюциялық және генетикалық ықпалдарды зерттей отырып, түйсінудің функционалды дамуын да зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Яғни, сыртқы факторлардың әсерінен туындаған түйсіну табалдырықтарына байланысты эксперименттік зерттеулер, соның ішінде сезім органдарын бұрмалайтын жасанды шартты кіргізіп, түйсінуді өзгерту жайлы тәжірибелер (М. Страттон тәжірибелері, И. Келердің кейінгі жұмыстары).
Осы жағдайда өткен түйсінудің қайта жасалуы түйсінуді дұрыстауға итермелейді, яғни қоршаған әлем заттарымен практикалық байланыс тәжірибелеріне адекваттылықты орнату жайлы сөз болып отыр. Түйсінулердің өзара әрекеті жайлы зерттеулерге 1930 жылдан бастап назар аударылды (С.В. Кравков).
Түйсінудің ескі теориясын жеңуде сезім органдарының өзара әрекеті жайлы жағдайлар эксперимент жүзінде бекітілді. Түйсінудің табиғатын материалистік бағытта түсіну оның эффекторлық процестердің туындауымен байланысты болды (праксикалық рецепторлар).
Түйсінуде жауап реакция болмаса, психикалық құбылыс ретінде бола алмайды, мысалы қимылсыз қол астереогностикалы болып табылады. Түйсінудің рецепторлы теориясының эмпирикалық негізін бұзудағы (И. Мюллер, Гельмгольц, психофизиктер) тағы бір бағыт – И.М. Сеченов және И.П. Павловтың идеялары.
Енді қысқаша түйсінудің пайда болу мәселелеріне тоқталайық. Организмнің қоршаған ортамен өзара әрекет процесінде сыртқы өзара әрекетте ішкі қатынастар мен организм күйінің даму процестері де өтеді, өзінің биологиялық заңдылығы бойынша «проталлаксикалық» өзгерістеріне (А.Н. Северцов) байланысты органдардың екіншілей функционалды «коадаптациясымен» байланысты болады.
Ал біріншілейге экстра сезгіштікті, яғни организмнің ортамен өзара әрекетін жатқызамыз. Сондықтан да сыртқы обьективті болмысты бейнелейтін психиканың элементар формасы түйсіну деп, психиканың пайда болуы жайлы нақты мәселені қарастырамыз, «түйсіну қабілеті» немесе сезгіштік, оның пайда болуы жайлы зерттейміз.
Сезгіштікті психиканың элементар формасы деген критерийін қарағанда оның субьективті емес обьективті критерийін табу керек. Р. Иеркстің концепсиясына ораламыз, зоопсихологияда сезгіштіктің обьективті критерийінің екі типін көрсетеді. Олар жануар мінез-құлқында жатқан функционалды критерийлер.
Қозғалғыштық сезгіштіктің критерийі бола алмайды. Кейбір зерттеушілер қозғалыс жануардың тәжірибесімен байланысты дейді (Ж. Бон), егер де жануар өз қозғалысында есті (жады) көрсе, онда ол қозғалыстар сезгіштікпен байланысты.
Бірақ бұл гипотеза көптеген қиындықтар туғызады. Ол мнемикалық функциямен байланысты (Э. Геринг, Р. Семон). Сондықтан да тітіркендіргіш пен сезгіштік процестерін айыра білу керек. Бірақ бұл айырмашылықты зерттеу, дәлелдеу физиология үшін өте қиын.
Яғни түйсіну органдары мен тітіркендіру беретін органдарды ажырата білу керек, олар түйсіну органдарына жатпайды. Физиологияда екі термин пайда болды – сезгіштік ұғымы (sensibilitas) және тітіркендіргіш (irribilitas) ұғымы (А.фон Галлер). Сөйтіп кейбір авторлар үшін тітіркендіргіш пен сезгіштіктің айырмасы жайлы пікір субьективті болып табылады.
Психика (түйсіну) тіршіліктің күрделену өнімі, ол заңды дамиды, организм обьективті болмысты қарапайым түйсінулер түрінде бейнелеуге қабілетті болуы керек.
Тітіркендіргіштің жаңа формасы жоғарғы ұйымдасқан тіршілік иелеріне тән, онда биологиялық жағымды рөл атқарады, тіршілікті ұстап тұруға бағытталған организмнің іс-әрекетімен жанамаланады. Ол сезгіштік функциясы болып табылады, яғни түйсіну қабілеті, организмді ортада бағдарлайды.
Сезгіштікті дамудың жоғарғы сатысында қарастырғанда мына бір негізгі жағдайды ескеру керек. Организмнің ортамен өзара байланысында тікелей ассимилятивті процестерді анықтайды, организмнің ішкі ортасы және оның сыртқы ортасы деген жағдайды бөліп көрсетеді.
Сондықтан да дамудың жоғарғы сатысында көптеген қатынастар ішкі және сыртқы орталарды байланыстырады, организм тіршілігінің жанамалаушы негізгі процестері (ассимиляция) сезгіштік құбылысымен байланысты болған сайын көп қырлы және дифференциалды сипатқа ие бола түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет