Тұлғааралық қатынасты анықтауға арналған әдістемелер



бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі79.5 Kb.
#451017
  1   2   3
Т л ааралы атынасты аны тау а арнал ан дістемелер В. Ф. Ряхов


Тұлғааралық қатынасты анықтауға арналған әдістемелер
В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі
Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым – қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі.Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына – 2 ұпай; «кейде» жауабына – 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.




  1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?

  2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?

  3. Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?

  4. Сізге ешқешен болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?

  5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?

  6. Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?

  7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне сенесіз бе?

  8. Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?

  9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?

  10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?

  11. Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе ары қарай күтесіз бе?

  12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?

  13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?

  14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?

  15. Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?

  16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?

Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.

Әдістеме классификаторы:

30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік деңгейіңіз төмен, бұл сіздің ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ.Өзіңізді қолда ұстауға және қарым – қатынасқа түсуге үйреніңіз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар.Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.

19-24 ұпай: Сіз қарым – қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды.Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз.Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.

14-18 ұпай: Сізде орташа коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым – қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б.46-47].

9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған адамдар ызаланулары да мүмкін.Зейін орталығында болуды ұнатасыз.орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.

4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым – қатынасқа түсушілігіңіз өте жоғары.Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз.Сіз кез – келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады.Кез – келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез – келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз.Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.

3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз.Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар – сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі.Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек.Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет