ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны


дәріс. Тұлғалық өсудінің ең маңызды құндылықтарының (уақыт,күштің ақылға бағытталуы т.б.) ерекшеліктерін зерттеу



бет7/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

6 дәріс. Тұлғалық өсудінің ең маңызды құндылықтарының (уақыт,күштің ақылға бағытталуы т.б.) ерекшеліктерін зерттеу.
Тұлға дамуында кілттік сәттердің бірі ретінде адамның саналы және мотивациялық жүйені бүтін құрастыру арқасында қажеттіліктердің табиғи формадан жоғарғы, адами формаға өтуі болып табылады. Ерекше тұлғалық жаңа құрылымды белгілеу үшін ішкі позиция ұғымы енгізілді. Сыртқы ортаның әсері арқылы ішкі позиция жаңа психикалық қасиеттердің дамуының қозғалғыш күші болып табылады және адамның шынайылыққа, өзіне деген қатынас жүйесін анықтайды: «...даму процесінде баланың өзіндік ішкі дүниесі пайда болады және ол оны шынайы қабылдағандықтан, баланың болашақ дамуының факторы, қайнар көзі ретінде қалыптасады». Ішкі позиция ортадағы мүмкіндіктер және шарттармен байланысты баланың қажеттіліктер жүйесі мен ұмтылысы ерекшеленеді. Бұл идеяны толықтыру бала тұлғасының дамуы материалдары негізінде болды, бірақ Л. И. Божович сонымен қатар ересек кезеңдегі ішкі позицияның болу мүмкіндігін айтты. Лидия Ильинична мотивацияның субъективті жағын, сезімді, әсерленушілікті адамның оның шынайы ортасымен өзара қарым-қатынасының динамикалық аспектісінің көрінісі ретінде оған назар аударды.
Ересек кезеңдегі ішкі позиция механизмі бала тұлғасының дамуымен ұқсас қырлары бар, бірақ өзіндік спецификаға ие. Ересек адам іс-әрекеттің әр түрлерін құрумен қатар, өзінің өмірін қарым-қатынастар жүйесі арқылы, өткен, қазіргі, болашақ әрекеттер арқылы қалыптастырады. Осыдан тұлғаның ішкі дүниесі дамуында бүтін регуляцияны іске асыратын механизм пайда болуы керек. Бұл психологияның перспективті практикалық бағыты жаңа феноменологияны, адамның өмірлік дүниесін құрастырудағы заңдылықтарын анықтауды қажет етеді. Осы функционалды механизмді ашып көрсететін тұлғалық құндылықтар феноменін зерттеу болып табылады.
Д. А. Леонтьев тұлғалық құндылықтар –мән, мағына құру процесінің негізгі қайнар көзі болып табылатын тұлғаның мәндік сферасының орталық құрылымы деп ұсынды. Ал Л. И. Божович қоғам құндылықтарының табиғи қажеттіліктері жанама түрде адамның өзіндік ниеттенуіне айналады. Ересек адамның тұлғалық құндылықтар жүйесі оның өмірлік мәндік мазмұнды жүйесін көрсетеді: тұлғаның өмірлік кеңістігін құрайтын маңызды объекттер, құбылыстар, қатынастар.
Өмірлік дүние динамикасы тұлғаның құндылық мазмұнының субъективті кеңістіктіктік-уақыттылық координаталар бойынша өзгермелі қозғалысы (құндылықтар иерархиясының өзгеруі, жаңа тұлғалық мағынаның пайда болуы).
Өмірлік кеңістікті ұйымдастыру механизмі ретінде тұлғалық құндылықтардың барьерлігі-іске асырылуы атты функционалды механизм аталды. Ол маңыздылықтың келісілу және келісілмеу тенденцияларымен анықталады. Келісілу тұлғаның ішкі белсенділігі арқылы маңызды және қолжетімді құндылықтар арасындағы дистанцияны азайтуға ұмтылу. Соған байланысты адам өмірінде іске асыра алатынды – іске асырады, не бар – соны бағалай алады, қолжетімді емес нәрсенің құндылығын төмендетеді. Оны танымал мақалмен бейнелеуге болады: «Лучше синица в руках, чем журавль в небе». Бұл тенденцияның психометрикалық индикаторы іске асыруға болатын индекс болып табылады – құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы тура корреляционды байланыс. Келісілмеу құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы түрлі бағытталған өзгергіштігімен байқалады, олардың бірінің жоғарылауы, келесінің төмендеуіне әкеледі: құндылықтың қолжетімділігі оның маңызын төмендетеді, ал құндылықтың қолжетімсіздігі оның маңызын жоғарылатады, соған сәйкес іске асыруға болатын және қолжетімді құндылық бағаланбайды, ал қолжетімсіз құндылық маңызды және бағалы болып көрінеді. Бұл жағдайда «аспандағы тырна» «қолдағы шымшыққа» қарағанда бағалы болады, себебі оған қолы жетпеді, ал қолжетімді нәрсе құндылығын жоғалтады: Сахарада құмды бағалау қиын, Антарктидада мұзды бағалау қиын. Бұл тенденция орыс халық мақалдарында көрініс тапты: «Хорошо там, где нас нет», «Что имеем – не храним, потериявши – плачем». Бұндағы ұмтылыс факторы қолжетімсіздік және оның өзгермелі градиенті болып табылады. Эмпирикалық түрде ол проблемалық индексі (маңыздылық және қолжетімділік параметрінің кері корреляциялық байланысы) және барьер индексі («маңыздылық-қолжетімділік» параметрі арасындағы тура корреляциялық байланыс) арқылы бекітіледі. Келісілу және келісілмеу тенденциясы бір-біріне қарама-қарсы және бірімен бірі тұлғалық құндылықтардың барьерлігі-іске асырылуы континуумын құрады. Осының арқасында тұлғалық құндылық қосымша мағыналық мәнге ие болады.
Бір-біріне полярлы тенденциялардың қатынасы тұлғалық құндылықтардың мағыналы профилін құрайды. Құндылық-мәнді зона мазмұны құндылық мазмұның анықтайды, динамикалық құраушы – оның мағыналы типі.
Тұлғаның өмірлік кеңістігін құрылымдау заңдылығы тұлға құндылығының іске асыру және қолжетімді тенденция аспектісінде көрініс табады. Бұл механизмнің пайда болуы құндылықтың ерекше табиғи аффективті-интеллектуалды білімдермен пайда болады және олар гипержалпылау болып табылады. Бір жағынан, құндылықтар адамзаттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жалпыланған идеялардың спецификалық формасында өмір сүреді. Басқа жағынан, онтогенетикалық даму кезінде оның ұмтылысының негізгі қайнар көзі ретінде бола алады. Құндылықтың жалпылылығына байланысты оның қолжетімділік мен маңыздылық тенденциясына байланысты объективті баға беру қиын. Адамның өмірлік іс әрекеті кезінде оның құндылықтар тенденциясын айқындау мүмкін емес. Осы ерекшелікке сай адамға психотерапевтикалық әсер ету мүмкіндігі бар, Л. Лэнгле айтпақшы, оның тәжірибесі «құндылыққа қол тигізу».
Өмірлік кеңістіктің құндылық-мағыналық рельефі жасерекшелік спецификаға назар аудартады. Жеткіншек кезеңдегі барьерлі зонадағы ішкі позиция кеңеюмен, жаулап алумен, әлеуметтік кеңістікті біліп алумен байланысты. Ерте ересек кезіңде ішкі позицияда іске асырушылық болады, орта ересек кезеңде әлеуметтік-мәдени және кәсіби-қызметтік детерминанттан тәуелді түрлі бағытталған динамика болады.
Адамның түрлі жасерекшелік кезеңдерде өмірлік кеңістіктің әлеуметтік ситуацияға байланысты өзгеруін көреміз. Жаңа әлеуметтік ситуацияға енген кезде құндылықтың барьерлі мағыналық типі басым болады, ал игерілген шеңберде – іске асырушылық. Бірақ өзекті түрде адам игерілген әлеуметтік жалпылық шеңберінде бола тұрып, одан шығуға дайындалуда, болашақ перспективаға бағдарлану кезінде, жаңа әлеуметтік деңгейге өтуге дайын емес жағдайда тұлғалық құндылықтардың барьерлі және іске асырудың төмендігі әсер етеді. Бұл барьерлік-іске асырушылық конструкт тұлғаның ішкі позияциясының аспекттерін қамтиды деген сөз.
Құндылықтардың барьерлігі-іске асырушылығын өзіндік Менді қабылдау немесе қабылдамауды интерпретациялауға болады. Құндылықтың барьерлігі басым болған жағдайда, адам оған қолжетімді қасиеттерді төмен бағалауы, өзінде қолжетімсіз қасиеттерді өте жоғары бағалауы оның өзіндік тұлғалық қасиеттерін толық қабылдамағандықты білдіреді. Ал егер ол қасиеттерді іске асырушылық полюсіне жақындатса, онда адам өзіндік Мен-ді қабылдаған деп айтуға болады. Бұл эмпирикалық түрде жеткіншек кезеңде өмірлік кеңістікті кеңеютуде құндылықты іске асырушылық болады, ал «барлығы қалай болды, солай қалсын» деген ұғыммен барьерлікті анықтаған сәттегі өмірлік таңдау мысалында дәлелденген.
Біздің зерттеуімізде Л. И. Божовичтің анықтаған «тұлғаны психологиялық зерттеуде зерттелініп жатқан психикалық құбылыс адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы күрделі жүйеде қандай функцияны атқаратындығына назар аудару керек» ережесіне сүйенеміз. Біз алған ақпараттарға байланысты барьерлік-іске асырушылық конструкті тұлғаның өмірлік кеңістікті құрылымдаудың экзистенцианалды механизм жұмысын көрсетеді.
Когнитивті стиль тұлғалық ұйымдастырудағы тұрақты индивидуалды әдісретінде алған сәтте, іске асырушылық конструкті политәуелділікпен және эквивалент диапазонының тарлығымен, ал барьерлік – тәуелсіздігімен және эквивалент диапазонының кеңдігімен байланысты. Барьерлік конструкті қорғаным механизмдері – компенсация, регресс, замещениемен байланысты (объекттің өзгеріп отыруы).
Іске асырушылық өмірілк кеңістіктің алдағы жақын жоспарлармен байланысты деп нақты айта аламыз. Адам өз өміріне енеді, бөгделерді ескермейді.
«Барьерлік» және «іске асырушылық» конструкт тұлғаның бағыттылығы мен өмірдегі стратегияларын іске асырумен байланысты екендігі анықталған. «Іске асырушы» тобында: материалды қамтамасыз етілген өмір, денсаулық тұрады, «барьерлік» топта: достар құндылығы, махаббат, қызығушылық тудыратын жұмыс бар. «Барьерлік» адамды өзінің хронологиялық жасынан үлкен қылып сезіндіреді, «іске асырушы» - жас сезіндіреді. Түрлі мақсаттарды іске асыру, яғни іске асырушылық өмірді саналы қабылдағанда, жауапкершілігі мол болғанда жүреді.
Тұлғалық құндылықтардың барьерлік-іске асырушылық конструктін ересек тұлғаның дамуы ретінде қарастуға болады. Ол тұлғаның терең құрылымдарында жүзеге асады. Оның қызметі келесі режим арқылы іске асады: адамның өзін-өзі дамыту мүмкіндігі шектелген жағдайда, адам өзінің мағыналық горизонтын кеңейтеді. Осы режимдердің алмасып отыруы, адам тұлғасының дамуының «ішкі логикасын» көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет