Педагогика және Психология институты



Дата22.11.2022
өлшемі22.9 Kb.
#465410
сөож 2 копияяя


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Педагогика және Психология институты
Бастауыш білім беру кафедрасы
6В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы


СОӨЖ №2

«Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша 
СОӨЖ тапсырмалары 


Студент: Тұрғанбай Ж.А.
Оқытушы: Уайсова Г.И.


2022-2023 оқу жылы
2 СОӨЖ тақырыбы: Оқылған пәндер бойынша күтілетін нәтижелер.

1)Сауат ашу пәндері жәнн “Қазақ тілі” пәні бойынша кутілетін нәтижелер.
2) Әліппе кезеңі оқу материалдарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Сауат ашу» пәні – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.


Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

«Сауат ашу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

«Сауат ашу» пәнінің мазмұны:
1) «Сауат ашу» пәні –ортақ тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән;
2) «Сауат ашу» пәні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле (интегративті) құрастырылды;
3) «Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашудың әліппе кезеңі І тоқсанда басталып, ІІІ тоқсан ішінде аяқталады. Мұғалім сағат санын үш кезең бойынша сыныптағы оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеруіне, әр кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруына орай еркін жоспарлай алады.

Күтілетін нәтижелер


Тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-


кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді;
сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын
таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда
ауызша тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып,әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог
құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы


ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды
талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени
және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық,лингвистикалық және
стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.
Жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе,
хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жанжақты жоспар жасайды; орфографиялық,грамматикалық және
стилистикалық нормаларды сақтайды.
Сабақ оқу жұмысының ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орны ерекше.
Қазіргі уақыт талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, өзіндік ізденістерге талпынады.
Балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі дидактикалық ойындарды айтуға болады. Профессор Т.Сабыров былай деп жазыпты: Сабақты ойынға айналдыруға болмайды, бірақ ойын түрлері: дидактикалық, ұлттық, т.б. қолдануға болады. Сабақты концертке айналдырып, оны сабақтың бір түрі деп қарау мүлдем теріс пікір. Шын мәнінде сабақта дәстүрлі емес тәсіл-амалдарды: сайыс, бәйге, КТК сияқты т.б. ойындарын қолдануға болады.
Әліппе кезеңінде тілдің дыбыстық жүйесіне тән ерекшелігін баланың құлағына табиғи сіңіруде қызықты ертегі, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, санамақтарды оқып беру мен айтқызудың маңызы зор. Мысалы: Мұғалім ертегіні мазмұнына қарай дауыс ырғағымен құбылтып, мәнерлеп оқып беру арқылы балаларды сөйлеу машықтарына біртіндеп үйретеді.
Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында М.Жұмабайұлы жан-жақты құнды ойлар айтқан: Ол түсініп оқымай жаттап алушылыққа, баланы «тоты құсқа» айналдырып жіберуге қарсы. Баланы адам мектепке тоты бол деп жібермейді. Баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне сурет орнату керек дейді. Бала біреудің айтқан сөзін сөзбе-сөз қайталап күйіс қайырып тұрмайтынын, тиісті сөзін өз жүрегінен суырып сөйлейтінін айтады. Мектепте оқыған бала білімді құшақтап алып, тұрмыста жарамсыз болып шықпауы, бала нені білсе де көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша өзі істеп білуін қолдайды.
Сауаттау әдісін алсақ, бір жұрт­тың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қо­лайлы бо­луға тиіс деп айтуға болмайды. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі, екіншісіне де жақ­сы болады деп ешкім айта алмайды.
Шапшаң жаза білгенде, шапшаң оқи білгенде сауаты ашылды, сауатты адам болды дейміз.
Сауаттау әдісідегеніміз соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады.
Жазу үшін әріп алмай, таңба алған жұрттың бірі, мәселен, қытай. «Ауыз» бен «ит» таңбасы қатар тұрса «үреді» деген сөз болады. Мұғалім бұл жазумен сауаттағанда дыбыспен де, әріппен де жұмысы жоқ. Жазу үшін әріп алғанымен, ол әріптері тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерінің жазылуы мен айтылуы айырылып, алыс кеткендігі сонша «ит» деп жазып, «шошқа» деп оқиды. Сондықтан олардың жазу жүйесі әріпті болғанымен, мағынасы таңба ­жү­й­елі жазуға жақын. Ал тілінің жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы – орыс халқы. Мұндай жазуы бар жұрттың кей сөздерін дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздерін тек жатталған түрінде ғана жазуға болады. Сондықтан бұлардың бәрі сөзді таңбаша жазып отырған соң немесе таңбаша жа­зуға жақын түрде жазып отырған соң таңбаша үйрету әдісін қолданып отыр.

Тұтас сөз әдісі деген сол таңбаша үйре­ту әдісі болады. Тұтас сөз әдісінне мақсат­пен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда бізге де қолдану керек деушілер бар.

Жалқылау әдіс жалпылау әдіс­ке қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылау­дың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқы­лаудың асылы іріден ұсақтату.

Жалқылау әдістің жалпылау әдіс­і


Оқу үйреткенде сөзді әріптен, буын­нан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұл­ғасынан бастап үйрету керек дейді. Негізгі кемшілігі сөзді жаттату, не үшін «ат» деп сызған нәрсе «ат» болып оқы­луға тиістігі балаларға түсініксіз. Оқы­ған сөздерін балалар неге солай оқыла­тынын білместен жаттау.

Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісіболып бірі­геді. Бұл әдістің өзі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

«Шағын сөзді» түрі – мұның бір артық жері аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрт­тардың бәріне жайылды.

«Жазу-оқу» деген түрі – оқуды жазу арқылы үйрету. Бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. «Жазу-оқу» әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу қатар жүретін болды.

«Дыбысты әдіс» түрі – дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізі бес түрлі (балалармен әңгімелесу; оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар; сөзден дыбыстарды айырып шығару; әріптермен таныстыру; берілген әріптерінен сөз құрау, соны оқу).

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:


1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;
2) фонематикалық есту қабілетін дамыту;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
4) сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;
5) қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);
6) артикуляциялық жаттығу;
7) ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;
8) ауызша, жазбаша (графикалық жазу)тілін дамыту.

Әліппе кезеңінің міндеттері:


1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;
2) фонематикалық есту қабілетін дамыту;
3) дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;
4) әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;
5) тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;
6) біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
7) әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;
8) сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жетілдіру.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:


1) мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;
2) тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;
3) байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту;
4) каллиграфия нормаларын сақтап сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.

Пән мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арқылы оқушылардың тілдік сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан бөлім атаулары сөйлеу әрекеті түрлеріне сәйкес алынған. Ұсынылған бөлім өз кезегінде әрі қарай түйінді дағдылар түрінде берілген бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер бойынша оқу мақсаттары білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет