Тұлғаның денсаулық психологиясы Жоспар
Тұлғаның денсаулық психологиясы Жоспар
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы.
Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.
Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде.
Психика және сана Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Психика: 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті; 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санадан тыс — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: бейсана мен санадан тыс) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым. Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді.
біріншіден — дені сау адам,
екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар,
үшіншіден — аурудын пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері,
төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |