Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған


Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану



бет10/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

1.7.Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану

Қазіргі заманғы білім берудегі мақсатқа жетудің негізі - мектептегі оқу - тәрбие үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңарту. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі - оқушылардың жан - жақты дамуын жетілдіру. Осы бағытта білім алып отырған әр бір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алуына зерттеушілік, байқампаздық, зеректік қабілетін дамыту ісі әр бір педагогтан кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі қоршаған ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп, дамыту үшін түрлі әдіс - тәсілдер қолданып келемін.
Солардың бірі – геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады.

Геометрия ғылымы туралы қысқаша. Геометрия - көне де, қызықты ғылым. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған. Мысалы, ара - қашықтық, аудан, көлем, т. с. с. әр түрлі шамаларды өлшеу геометрия ғылымына негізделеді. Сонымен қатар ол фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің «гео»- жер, «метрео»- өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш.

Математика сабағында пайдалану.Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Мұғалімнің міндеті оқушыларды осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге, екінші сыныптан бастап әріппен белгілеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Нүктемен оқушылар бірінші сыныпта алғашқы қадамынан бастап - ақ танысады. Бірінші сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т. с. с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет