Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған



бет1/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Орал Гуманитарлық- Техникалық колледжі.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі

Пәні: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі
Тобы: 4 «б" КШО
Орындаған: Қ.С.Шамарова
Қабылдаған: А.М.Сагидулинна

Орал 2020


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І . ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1.Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
1.2. Геометрия негізгі түсініктері.Нүктемен танысу әдістемесі
1.3. Сызықпен , кесіндімен таныстыру әдістемесі
1.4.Сәулемен , бұрышпен таныстыру әдістемесі
1.5.Шеңбермен , дөңгелекпен танысу әдістемесі
1.6.Геометрия  және  алгебра  элементтерін оқыту теориясы мен 
технологиясы

1.7.Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. Сабақ жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
1-4 сыныптардағы математика оқулықтарының әрқайсысының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі – қарастырылатын мәселелердің және оқушылардың игеруі тиіс білік пен дағдыларының іргетасы болып табылатын, математика ғылымының негізгі қағидаларын айшықтап көрсетумен және түсініп сезінумен сипатталатын теориялық білімнің жетекшілік рөлін қамтамасыз ету болып табылады.Ал теориялық білім жайында сөз болғанда, тек қана терминдермен және анықтамалармен шектеліп қалмайды, керісінше, тәуелдіктерді, заңдарды және т.б.игеруге де ерекше мән береді,яғни оның жан-жақтылығын да ескереді.
Оқулықта әр сабақтың жаттығулар жүйесіне негізделген жұмыс әдістемесінің үлгісі берілген.Оқулықтағы тапсырмалардың берілу формасы; түрі; көлемі;орналасу қалпы және рет-тәртібі әр оқушының өздігінен оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінің объектісі ғана емес; оқытудың белсенді субъектісі деңгейіне көтерілуі керек.Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттердің түрін және рет-тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет