Төлеби ауданының әкімдігі «21» маусым 2010 жыл №251 қаулысы


Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына байқау және «Қазақстанның таңдаулы өнімі» өңірлік байқау-көрмесі



бет5/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#3790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына байқау және «Қазақстанның таңдаулы өнімі» өңірлік байқау-көрмесі

Жергілікті бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ынталандыру мақсатымен, жыл сайын өңір деңгейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесі өтіп тұрады.


Инвестициялар:

Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсуге бейім болымды тенденциясына ие.

Өнеркәсіп саласында 2010 жылы жаңадан 2 кәсіпорын «Битум» ЖШС 1245,0 млн теңге және «Бағдаулет 1» ЖШС 40,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын және құрал жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізіп, іске қосылды.

Жалпы аудан бойынша өнеркәсіп саласына 2010 жылы 539,5 млн теңге негізгі капиталға инвестициялар тартылған. Оның ішінде тау кен өндірісіне 29,9 млн теңге, қайта өңдеу саласына 26,6 млн теңге және су бөлу саласына 482,9 млн теңге қаржы жұмсалған. 2009 жылы 756,9 млн теңге тартылып, оның ішінде қайта өңдеу саласына 85,1 млн теңге, су бөлу саласына 671,8 млн теңгег тартылып отыр. 2009 жылдың инвестиция көлемдерін 2010 жылдың көлемімен салыстырғанда 2010 жылдың көлемі 71,3 пайызды құрап, немесе 217,4 млн теңгеге азайған.

Қазіргі таңға «Максимум» АИО» ЖШС және «Ырыс» ЖШС арқылы 463 млн. 269 мың теңгеге ұсынылған 103 жобаның 56 жобасы 169 млн. 804 мың теңгеге қаржыландырылып отыр.

«Максимум» АИО» ЖШС – де іске асып жатқан негізгі жобаларды айтар болсақ:

- «Мария апа» ЖШС мал сою бекетін, мал өнімдерін қайта өңдеу және мал санын көбейту мақсатына 85982,2 мың теңгеге қаржыландырылып, іске қосылды.

- «М-Нұрай» ЖШС жылы жай салу мақсатына 139,1 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 46137,3 мың теңгесі қаржыландырылды. Жоба іске асқан кезде 8 жаңа жұмыс орны ашылады.

- жеке кәсіпкер О.Жұманов жылыжай салуға 21900 мың теңге алынып, 0,4 га жерде жылыжай салынды, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

- «Жасулас» ЖШС жылы жай салу мақсатына 93,7 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 16616,3 мың теңгесі қаржыландырылды. Жоба іске асқан кезде 12 жаңа жұмыс орны ашылады.

- «Бекшеге» шаруа қожалығы сүт және ет өңдеу цехтарын ашуға 30,0 млн теңгелік жобасын «Максимум» АИО ЖШС – не құжаттарын өткізіп, комиссияда қаралуда.

Одан басқа, «Атамекен нан» ЖШС мал сою бекетінің құрылысына, сүт және бидай өңдеу цехтарын ашуға 169 265 мың теңге қаржыландырылуда. 2009 жылы 51950,0 мың теңгеге қаржыландырылса, 2010 жылы 70,0 млн. теңгесі қаржыландырылып, жалпы екі жыл ішінде 121950,0 мың теңгеге қаржыландырылып отыр. Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоба іске асқан кезде 98 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі таңда ауданның Кемеқалған ауылдық округінде «ППР Қызыл жар» ЖШС жобалық құны 150 млн теңгелік күнделікті 150 мың жұмыртқа шығаратын құс фабрикасын салу жоспарлап отыр. Бүгінге бұл кәсіпорынға 8 гектар жер заңдастырылп берілуде.
Индустриялизация картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді.

Бұл картаға ауданның екі мекемесі енгізілді.

-Өңірлік индустрияландыру картасына енген 2 нысана:

1. «Битум зауытының құрылысы», құны – 1,3 млрд.теңге, 120 жұмыс орны құрылды – «Битум»ЖШС;

2. «Өсімдік майы өндірісін ұйымдастыру», құны 0,04 млрд.теңге, 15 жұмыс орны құрылды – «Бақдәулет»ЖШС;

2011 жылдың аяғына дейін келесі инвестициялық жобалар іске асады:

- «М-Нұрай» ЖШС жылы жай салу мақсатына 139,1 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 46137,3 мың теңгесі қаржыландырылды. Жоба іске асқан кезде 8 жаңа жұмыс орны ашылады.

- «Жасулас» ЖШС жылы жай салу мақсатына 93,7 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 16616,3 мың теңгесі қаржыландырылды. Жоба іске асқан кезде 12 жаңа жұмыс орны ашылады.

- «Бекшеге» шаруа қожалығы сүт және ет өңдеу цехтарын ашуға 30,0 млн теңгелік жобасын «Максимум» АИО ЖШС – не құжаттарын өткізіп, комиссияда қаралуда.

Бүгінгі таңда ауданның Кемеқалған ауылдық округінде «ППР Қызыл жар» ЖШС жобалық құны 150 млн теңгелік күнделікті 150 мың жұмыртқа шығаратын құс фабрикасын салу жоспарлап отыр. Бүгінге бұл кәсіпорынға 8 гектар жер заңдастырылп берілуде.

Аудан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі проблемалары:



  • электрқуатының тапшылығы;

  • өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы;

  • өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік;

  • өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының жоғары дәрежеде тозығына жетуі (40-80%) сонымен қатар олардың жаңару дәрежесі өте төмен;

  • өңдеу өнеркәсібінің отандық және шетелдік инвестициялар жағынан тартымсыз болуы;

  • мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы;

  • отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы;

  • көлік шығындарының жоғары болуы;

  • табиғи монополиялар қызметіне тарифтердің жоғары болуы;

  • техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі;

  • арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.


Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы Индустрияландыру картасына жалпы құны 1 млрд 589 млн 600 мың теңгеге 3 жоба енгізілді.

Атап айтқанда:

1. «Битум» ЖШС битум зауытының құрылысы. Жоба құны 1300 млн теңге. Тәуілігіне 500 тонна битум шағарады. Зауыт 2011 жылдың шілде айында іске қосылды. 2011 жылы 15100 тонна, немесе 989 млн теңгеге өнім өндірген. Мекемеде 75 адам жұмыспен қамтылған.

2. «М-Нұрай» ЖШС жылыжай салу жобасы. Жоба құны 139,6 млн теңге. 12 адам жұмыспен қамтылған. 2011 жылдың сәуір айында іске қосылды. Жылына 146 тонна көкөніс өнімдерін шағарады. Толық құаттылықа шықты.

3. «Бағдаулет 1» ЖШС өсімдік майын шығару жобасы. Жоба құны 150 млн теңге. 15 адам жұмыспен қамтылған. 2011 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Жылына 2000 тонна өсімдік майын шығарады. 2011 жылы 708 тонна, 2012 жылдың 1 тамызына 1047 тонна өнім өндірген. Бүгіңгі таңда толық қуаттылықпен жұмыс жасауда.



2012 жылы Индустрияландыру картасына жалпы құны 220 млн теңгені құрайтын 1 жоба енгізілді.

Атап айтқанда:

1) «Балмұздақ» ЖШС зауытты модернизациялау жобасы. Қажетті қаржы көлемі 220,0 млн теңге, оның ішінде «Альянс банк» арқылы 100,0 млн теңге және 120,0 млн теңге өз қаражаттары есебінен жұмсалып, тиісті құрал жабдықтар зауытқа алынды. Ғимараттың құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып, құрал жабдықтары орнатылды. Жоба маусым айында іске қосылды. Жобаны толық қуаттылыққа шықты. Жұмыспен қосымша 20 адам қамтылады. Бүгінге, жаңа линиялар іске қосылып, балмұздақ шығарылуда.



2013 жылы 397 млн теңгені құрайтын жобалар ұсынылып, мақұлданды.

Атап айтқанда:

1) «Леңгер қыш» ЖШС күйдірілген қыш шығару зауытының құрылысы. Жоба құны 97,0 млн теңге, қосымша 20 адам жұмыспен қамтылады. Тәуілігіне 10 мың күйдірілген қыш шығарылады. Жер телімі шешілген, заңдастырылуда. Жоба бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қыш күйдіретін пештің котлованы қазылып, пешті құрылысы жүргізілуде.

3) «ППР Қызыл Жар» ЖШС құс фабрикасын салу жобасы. Жоба құны 300 млн теңге. Қаржы өз қаражаттары есебінен шешілген. 8 га жер телімі берілген. Жерді тегістеп котлован қазылып, бетонды жұмыстар аяқталды. 1 және 2 блоктың құрылысы аяқталды. 3 және 4 блоктарының каркастарын орнатуға бетондық жұмыстар жүргізілуде. Әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Қажетті құрал жабдықтар алынды.
2013 жылдың тамыз айында өткен Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 4 жоба мақұлданды, жақында Министрліктерде қарауға ұсынылды.

Атап айтқанда:



  1. «Ниматулла» ШҚ 7 га жер теліміне салып жатқан жылыжайының және 300 тонналық қойма салу жобасы. Жоба құны 600,0 млн теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жұмыспен 32 адам қамтылады.

  2. ЖК О.Ералиевтың салып жатқан «Изуми» демалыс орны. Жоба құны 386,0 млн теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жұмыспен 20 адам қамтылады.

  3. «ДСТО-Solar» ЖШС қуаттылығы 10 мВт күн көзінен алынатын электростанция құрылысын жобасы. Жоба құны 4,5 млрд теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жұмыспен 20 адам қамтылады.

  4. «ТРО Ақмойнақ» ЖШС «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенің» салу жобасы. Жоба құны 12,0 млрд теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жаңа 1000 жұмыс орны ашылады.

Жалпы жобалар құны 17 млрд 486 млн теңге.

2014 жылы үдемелі индустриалды инновациялық даму (ФИИР) мемлекеттік бағдарламасына ұсынуға төмендегі жобалар бойынша келіс сөздер жүргізілуде:

  1. «Муслим+К» ЖШС- 130,0 млн дана кірпіш ондіретін керамикалык завод және 2500 тн тамактык көмірқышқыл газын өндіруді ұйымдастыру жобасы. Жоба құны 700,0 млн теңге. Жаңа 200 жұмыс орны ашылады.

  2. «Атамекен корпорациясы» ЖШС- 2 000 басты мал бордақылау аланын және 35700 кв. м. жылыжай салу жобасы.

  3. «КК Азимут» ЖШС жылына 12,0 мың тонна газ тартатын газ толтыру стансасының құрылысын жобасы. Жоба құны 1,0 млрд теңгеден астам, жұмыспен 25 адам қамтылады.

  4. «Seikhun» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Төлеби ауданына қарасты Сайрамсу өзенінің аумағынан шағын су электр станциясының салу жобасы.

5 «Мөлдір тау бұлағы» ЖШС Алатау ауылдық округінде тауарлы сүт фермасын салу және жеміс шырыны мен асхана су шығаратын цехтарының құрылыстары бойынша құжаттарын әзірлеп, құрылыс жұмыстарын бастады. Жоба бойынша

- 1 кезеңде тәуілігіне 5 мың литр жеміс шырынын және асхана су шығаратын цехының құрылысы басталып, 2012 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

- 2 кезеңде 1000 бас сауынды сиыр алынып, сүт фермасын дамыту 2013 жылдың қазан айында іске қосылады. Тауарлы сүт фермасы толығымен механизацияланған болады.

- 3 кезеңде тәуілігіне 5 тонна сүт және 2 тонна ет өңдейтін цехтары 2014 жылдың қазан айында іске асырылады.

Жалпы жоба құны 797 млн теңгені құрап, 70 адам жұмыспен қамтылады. Толығымен жоба 2014 жылдың қараша айында іске қосылады.



  • -«Дулат Құрылыс» ЖШС құс өсіру және етін өңдеу фабрикасының құрылысы. Жоба құны 440 млн теңге. Жылына 1000 тонна құс еті өңделеді.

  • Медициналық вата шығару цехын ашу жобасы.

  • Күйдірілген қыш шығару зауыты Нақсыбаев.

  • «Алтын дән» ЖШС 5 га жер теліміне жаңа Голландтық технологиялар бойынша жылыжай салу жобасы. Жоба құны 5,0 млн АҚШ доллары.

  • Бүгінгі таңда жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр


Одан өзге

Іске асыру үшін шешімін табу қажет ететін жобалар.

5) «KZ» ЖШС тәуілігіне 22,0 мың дана бөтелке сусындар шығаратын зауытының құрылысы. Жоба құны 1826,0 млн теңге. Жоба іске асқан кезде 120 адам жұмыспен қамтылады. Қаржыландыру мәселесін шешуді талап етуде.

6) «Мунай Инвест групп» ЖШС 1Мвт/сағатына электр қуатын шығаратын кіші ГЭС салу жобасы. Жоба құны 368,0 млн теңге. 18 адам жұмыспен қамтылады. Қаржы мәселелері шешілген. Сайрам Өгем ұлттық паркімен жер мәселесін шешу қажет болуда. Жер мәселесі шешілген кезде құрылыс жұмыстары басталады.

7) «DISCOVERI» ЖШС Ақсу өзенінің бойында деривациялық әдіспен кіші ГЭС салу жобасы. Жоба 2012 жылы басталып 2014 жылға дейін құрылысы жүреді. Жоба құны 900,0 млн теңге болады деп жоспарлануда. Құрылыс кезінде 60 адам, іске қосылған кезде 25 адам жұмыс жасайды. Жобаға қажетті құжаттар әзірленуде.


«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы бойынша

Кәсіпкерлік субъектілері бағдарламаға сәйкес облыстық аймақтық кординациялық кеңесте мақұлданды. Атап айтқанда:

Бірінінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау бойынша «Төлеби автобус паркі» ЖШС, «Қасқасу Эко Виладж» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, ЖК А.Толыбаев және «Әсел» ӨК.

Инфрақұрылмды жеткізу бойынша «Рахат Бадам» ЖШС.

Олардан басқа, қосымша инфрақұрылымды жеткізу бойынша 5 жоба және өсімдік пайызын субсидиялауға 3 жоба ұсынуға дайындалып жатқан жобалар.
Инновациялар

2011-2012 жылдардың қорытындылары бойынша ауданның 8 мекемесінде инновациялық қызметтің статистикалық бақылауы жүргізілді. Есеп беру мерзімінде 8 шаруамен айналысатын субъект инновациялық технологияларға ие болған.

Инновациялық-белсенді мекемелер үлесі 2011 жылы 8%, 2012 жылы 8,5 % құрады, оны 2015 жылға қарай 11% жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Инновациялық өнімдер өндірісінің көлем өсімі 19,9%-дан 187,7% деін жетті.

Ауданда инновациялық технологияларды қолдана отырып, сүт өнімдерін «ФудМастер Шымкент» ЖШС шығаруда. 2011 жылы бұл мекеменің өнім көлемі 1212,0 млн теңгенің өнім көлемі шығарылған. 2012 жылы 1831,3 млн теңгенің өнім көлемі шығарылған. 2013 жылдың 1 тоқсандығында 500,0 мың теңгеден астам өнім шығарады. Мекеме тетрапакеттерді қолда отырып, сүт, айран биоайран шығарады.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып, «Битум» ЖШС іске қосылды. Бұл мекеме тәуілігіне 800 тоннаға жуық битум шығара алады. Мекемеде 76 адам жұмыспен қамтылды. Битумның 3 түрі өндіріледі. Зауыт 2011 жылдың шілде айында іске қосылды. 2011 жылы 15 100 тонна, 2012 жылы 19 700 тонна өнім өндірген, тапсырстар түспеуінен 21,8 пайыздық қуаттылықпен жұмыс жасады. 2013 жылы бұл мекемені «Газпромнефть» АҚ Ресей елінің компаниясы сатып алып, толық қуаттылыққа шағарамыз деп жоспарлауда. Биыл 10 айында 45 мың тонна өнім өндірілді.


Мекемелердің инновациялық белсенділігі

Инновациялық технологияларды қолдана отырып 2010 жылы «Битум» ЖШС іске қосылды. Бұл мекеме тәуілігіне 800 тоннаға жуық битум шығара алады. Мекемеде 120 адам жұмыспен қамтылды. Битумның 3 түрін шығыра алады. Бүгінгі таңда мекеме маусымдық жұмыс істегеніне байланысты, тоқтап тұр.

Одан басқа республика көлемінде танымалы «Балмұздақ» ЖШС 100,0 млн теңге несие алу жұмыстарын жүргізуде. 2012 жылға құрылысы аяқталып балмұздақтың түрін 35 тен 75 дейін жеткізуге жоспарлаған. Жоба іске асқан жағдайда жылына 1850 тонна балұздақ шығару жоспарлаған. Бүгінгі таңда жобасы Альянс банкіде келуге тапсырылған. Қаржыландыру мәселесі шешілген кезде облыстың индустриалзация картасына енгізіледі.

Одан басқа 2015 жылға «Итал Шымкент» ЖШС цемент шығару зауытының құрылысын жсопарлап отыр. Жоба құны 43500 млн теңгені құрап, 120 адам жұмыспен қамтылып, жылына 120,0 мың тонна цемент өндіруді жоспарлауда. Бұл мақсатта ЖШС-ке жер телімдері белгіленіп берілген.



Күтілетін нәтиже
Өнеркәсіп саласына 5 жылда 44,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, негізгі өсімі 2014 жылы 20,5 млрд теңге, 2015 жылы 23,5 млрд теңгеге жоспарлануда.

Жалпы аймақтық өнімдегі өнеркәсіп саласы үлесінің 2009 жылғы 17,4%-дан, 2015 жылы 26%-ға дейін, өнеркәсіптің жалпы өнімінің көлемін 4,6 млрд. теңгеден 5,8 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда



Төлеби ауданындағы кәсіпорындарда ИСО 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SA 8000, ХАССП талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйелерінің енгізілуі


р/с

Кәсіпорын атауы

(адрес, реквизиттері)

Өндіріс атауы

Кәсіпорын нысаны (ірі, орта, шағын), саны (адам)

Сала атауы

СМЖ бойынша сертификаттаушы органның атауы

Сертификаттың берілу датасы және №

Ескерту (қайта сертификаттау, күшін жою және т.б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

«Балмұздақ» ЖШС

Балмұздақ

орта.

77 адам


Қоғамдық тамақ

ИСО 9001-2001

№KZ 5110176.07.03.01510 - 04.07.2008 ж-04.07.2011ж




2

«Каз Hi Tech Euro Building» ЖШС

Құрылыс

Ірі

245 адам


Құрылыс

ИСО 9001-2001

№KZ 5110176.07.03.01167 -18.01.2008ж-18.01.2011ж




3

«Бейбарс Ойл» ЖШС

Мұнай өнімдері

Орта

58 адам


Мұнай өнімдері

ИСО 9001-2001

№7423 15.06.2007ж




4

«Компания Фуд-Мастер Шымкент» ЖШС


Сүт өнімдері

Орта

80 адам.


Қоғамдық тамақ

ИСО 9001-2001

№78.100.6766 02.09.2005ж

№10.09.2003ж

09.09.2007ж






Ауылшарушылығы

Азық- түлікпен қамтамасыз ету

Аудан халықын азық- түлікпен қамтамасыз ету басты мақсатымыз, оның 2012 жылы тұрғындарды күделікті 7 түрлі азық-түлікпен қамтамасыз етсек, 2015 жылға дейін бағдарлама нәтижесінде 14 түрлі өніммен қамтамасыз ету жоспарлануда атап айтсақ (ұн 1 сорт, нан, ет және ет өнімдері, кілегей май, сүт және сүт өнімдері, жұмытқа, өсімдік майы, макарон, жеміс, көкөніс, картоп, жүзім, бақша және қымыз) өнімдері.

Егін және мал шаруашылығы өнімдерімен аудан халқын негізінен жеке тұрғындар есебінен қамтамасыз етіледі. Тұтыну стандартына сәйкес аудан халқына қажетті азық-түлікке 2011-2015 жылдарға талдау жасалғанда маңызды тамақ өнімдерімен өзімізде өндірілетін өніммен толық қамтамасыз етіп және облыс орталығына да шығару бағдарламаға сәйкес жоспарлануда.

- Аудан тұрғындарын жыл сайын көкөніс және жеміспен қамтамасыз етілуі 2012 жылы 50 пайызды құраса, 2015 жылы 100 пайызға дейін жеткізілмек;

- Сүт өндіретін асыл тұқымды қара мал санын 2015 жылға дейін қосымша 5 бірлікке жеткізу жоспарлануда;

- Мал басын қолдан ұрықтандыру 2012 жылы 3500 бас болса, 2015 жылы 4500 басқа дейін жеткізу межеленген;

- Асыл тұқымды қой шаруашылығы 2012 жылы 2 шаруашылық жоспарланса, 2015 жылы 4 шаруашылыққа жеткізіледі;

- Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы 2012 жылы 2 құраса, 2015 жылы 4 шаруашылыққа жеткізу жоспарлануда;

- Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру үлесі 2012 жылы 89 пайызға, 2015 жылы 100 пайызға ірілендіріледі;

- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, және тасымалдау бойынша халықаралық сертификациядан өткен кәсіпорындар үлесін көбейту 2012 жылы 3 пайызға жоспарланып, 2015 жылы 7 пайызға көтеріледі;

- Мал шаруашылығы кәсіпорындары мен олардың өнімдерінің сертификациясы 2011 жылы 60 пайызға, 2015 жылы 100 пайызға орындалады;

- Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту 2012 жылы 15 пайызға, 2015 жылы 50 пайызға дейін жаңарту көзделуде;

- 2012 жылы ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар саны 1 жоспарланса, 2015 жылы 2 кәсіпорын іске қосылады;

- 2012 жылы сүт өнімдерін өңдейтін 2 кәсіпорын ашылып, 2015 жылы осы кезеңге қосымша тағыда 2 кәсіпорын ашылады.

- Ауылшаруашылығы саласында кәсіби мамандардың санын 2012 жылы 2 пайызға, 2015 жылы 6 пайға дейін жеткізу жоспарлануда;

Сондай-ақ Жоғарғы Ақсу ауыл округінде «Атамекен корпорациясы» ЖШС 2012 жылы қуаттылығы 5-7 тонналық мал сою бекетінің құрылысын бастап жыл соңына дейін іске қосылып 8-адам жұмыспен қамтылады. Көксәйек ауыл округінде «ОРС Энергетик» ӨК-де 70-100 басқа арналған сауын сиыр фермасы іске қосылады, сондай-ақ Қазығұрт ауыл округінде 1 мал сою алаңшасы, Киелітас ауыл округінде 50-80 бас ірі қара мал бордақылау алаңшасының құрылысы басталып жыл соңына дейін іске қосылады.





Атауы

Бүгінгі күні бары

2011-2015 жылдары егілетіні

Картоп, га


1403

1500-1700

Жеміс-жидек, га


2217

2400-2800

Жүзім, га


540

550-700

Көкөніс, га


1390

1500-1700

Бақша, га


-

-

Лизингіге техника алу

-

10-15

Өнімдерді сақтайтын қойма салу


1000

2000-4000

Асыл тұқымды мал

басын көбейту



1450

1500-1700


Аудандағы агроөнеркәсіптік дамудың өзекті мәселелері

1.Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ұсақ тауарлы өндірістің басылымдылығы байқалады. Сондықтан ауылшаруашылық саласында ірірлендіру механизмін жасап, тауар өндірушілерін ынталандыру қажет;

2.Мал шаруашылығындағы үрдістерді механикаландыру деңгейінің төмендігі, асылдандыру жұмысы мен мал өнімдерінің ветеринарлық және азықтық қауіпсіздігіне сақталмауы:

3.Жеңіл өнеркәсіптің дамымауы;



4.Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей мәселелер орын алған;

-Көп жылдан бері су атыздары мен каналдардың қоқыстанып ұйық басып тазаланбауы;

-Уақытылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмей, су шаруашылық жүйесі қанағаттанарлықсыз күйде болуы;

Осыған орай алдын ала жасалған болжам есеп бойынша жоғарыда айтылған кемшіліктердің барлығы қаражат құюды қажет етеді. Бұл мәселе шешімін тапса ауылшаруашылығы айналымына қолданылмай жүрген суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған есеп су шаруашылығы мекемесіне тапсырылды.

-қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмыс жасамауы және жоғары ірі продуктивті тұқыммен қамтамасыз етілмеуі;

-агроқұрылымдардағы ауыл шаруашылық техникалардың және моралдық және физикалық тозуы;

-көкөніс сақтау (картоп,пияз,алма т.б.) қоймаларының жоқтығы.

Ауылшарушылығы агро-өнеркәсіптік кешен дамуының негізгі мәселелері:


  • ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы инфрақұрылымының төменгі деңгейі;

  • суармалы судың жеткіліксіздігі;

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындардың және көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;

  • шаруа қожалықтарының ыдырап орналасуы, жер иеліктерінің мөлшерінің аз болуы, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;

  • шаруа қожалықтары территорияларында суғару инфрақұрылымының (тұнбалануы және қоқыстануы) істен шығуы;

  • тұрғындардың ауылдық жерлерден кетуі;

  • автобус парктерінің машиналарының тозуы 70% жоғары;

  • инженерлік инфрақұрылым мен коммуникацияның төменгі деңгейі;

  • жердің ауыспалы егін тәртібінің сақталмауы;

  • суармалы судың тиімсіз қолданылуы;

  • сүт шаруашылығындағы төменгі сатып алу бағасы, бұл шаруашылық түрінің рентабельділігін төмендетіп, егушілердің қалаларға кетуі;

  • агро-өнеркәсіптік кешен дамуының қолдау және дамытуға бюджеттік қаражаттарды шығындаудың төменгі тиімділігі;

  • агро-өнеркәсіптік кешен дамуының қолдау мен дамытуға бюджеттік қаражаттардың жеткіліксіз болуы.

Күтілетін нәтижелер:
- Ауылшаруашылығы мемлекеттік тиімділігі жақсарады;

- Аудандық малшаруашылығы мен егін мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қамтамасыз етіледі және құрамы жасақталады



- жылы жай құрылысының тиісінше 34 гектардан 11 гектарға дейін ұлғайту;

- тамшылатып суғару әдісінің 2245,1 гектардан 1500 гектарға дейін енгізілуін;

- қоймалардың сыйымдылығы 10700 тоннаға жетіп ауданның қажеттілігі толығымен қамтылған;

- халықтың жыл бойы азық-түлікпен 100% -ға дейін қамтамасыз етілуі;


Жалпы аймақтық өнімдегі ауыл шаруашылығы саласының үлесі:

2009 жылғы 12,8%-дан 2015 жылы 30%-ға дейін өсу жоспарлануда.



МАҚСАТ;


  • ауылшаруашылық саланы диверсификациялау арқасында ауылшаруашылығы дақылдарының көлемін ұлғайту, егін шаруашылығын арттыру, өндіріске заманауи ылғал үнемдеуші (тамшылатып суғару) техникаларды ендіру, кең химияландыру, айналымға жаңа және қолданылмай жатқан суармалы жерлерді қосу;

  • келешекте егін шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеуге экспорттық потенциялын кеңейту;

  • ішкі нарықта егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өзіндік қамтамасыз етуге қол жеткізу.


Шара:


  • тұқым шаруашылығын субсидиялау;

  • басымды дақылдарды өндіруді субсидиялау жолымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар май және басқа да тауар материалдық құндылықтарының құнын арзандату;

  • қорғалған топырақ жағдайында өндірілетін көкөністердің шығынын субсидиялау;

  • ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тыңайтқыштардың құнын арзандату. (органикалықтан басқасын)

  • тұқым шаруашылығында мемлекеттің сортты сараптау жүйесін жетілдіру;

  • жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді субсидиялау;

  • ылғалды үнемдеуші технологияларды ендіру, оның ішінде тамшылатып суғару жүйесін ендіруге жұмсалатын шығын көлемін субсидиялау;

  • инновациялық тәжірбиені тарату және ендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

  • Егін шаруашылығының инфроқұрылымын дамыту;

  • -өндірілетін ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігінің сапасын арттыруды қолдау;


Мал шаруашылығы
Өзекті мәселелер;

  • мал шаруашылығы өнімдерін өндіру негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырланған және сапасының төмен деңгейде болуы;

  • мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде ауылшаруышылығы құрылымдарының үлес салмағының төмендігі;

  • малдың генотивтік потенциялы төмен деңгейлігі салдарынан өнімділігінің де төмен болуы;

  • мал азығы түрлерімен қорының әлсіздігі;

  • ең негізгісі мал шаруашылығында, оның өнімдерін өндіру технологиясының ескіруі және өндірістік технологиялық құрал-жабдықтардың тозуы (жоқ болып кетуі);


Мақсат:

  • ауылшаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және ішкі нарықты қажетті сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету;

  • өндірісті жақсарту және оны өнеркәсіптік негізге бағыттау жолымен мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлері бойынша экспорттық потенциялын құру;

  • малдың генотивтік потенциялын жоғарлату асыл тұқымды шаруашылықтың дамуын субсидиялау;

  • мал шаруашылығы саласында қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмысын жандандырып, жоғарғы өнімді тұқымын пайдалануды ғылыми тұрғыда негіздеу жолымен және ірі масштабты селекцияны жүзеге асыру арқылы асыл тұқымды базаны дамыту және малдардың, құстардың генотивтік потенциялын арттыру;

  • мал шаруашылығы өнімділерінің өнімділігімен сапасын арттыруды субсидиялау;

  • тұрақты мал азығы қорын құру және мал азығы дақылдарының егістік көлемін ұлғайту жолымен ауылшаруашылық малдарына толық және үйлестірілген көлемде азық дайындау;

  • бір жылдық және көп жылдық шөптердің тұқымын өндіретін элиталық тұқым шаруашылығын кеңейтіп, ауыспалы егістіктің технологиясын сақтау, тұрақты мал азығы қорын құру және жайылымдылық жерлер мен шабындықты толық және жақсартылған тиімді түрде пайдалануды қамтамасыз ету;



Мал шаруашылығы инфрақұрлымын дамыту:

  • Заманауи технологияларға негізделген жаңа мал шаруашылығы өндірістерін құру және қолданыстағы шаруашылықтардың қуаттылығын арттыру;

  • Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің технологиялық үрдістерін модернизациялау;

  • Инновациялық тәжірбиені тарату және өндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

  • мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамсыз ету;



Ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу
Өзекті мәселелер;

  • тұрақты өткізу нарығының болмауы;

  • техникалық және технологиялық артта қалушылықтың салдарынан бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігі;

  • ұсақ агроқұрылымдарда өндірілген сапалы шикізаттың тапшылығынан қуаттылықтың толық көлемде пайдаланбауы;

  • шикізатты дайындау, сақтау және тасымалдау бойынша торабтардың дамымауы;


Мақсат;

  • отандық тауар өңдірушілер өндіретін азық –түлік тауарлармен ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыру және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқасында экспортқа бағытталған өнім өндіруді ұлғайту, қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық жағынан жаңару және халықаралық сапа стандартына өту;


Іс-шаралар:

  • қайта өнделген шикізаттың көлемін субсидиялау жолымен, отандық ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің үлесін арттыру;

  • қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық жағынан жаңғыру үшін жағдай жасау;

  • ауылшаруашылық өндірісін ірілендіру арқасында шикізаттың сапасын арттыру және заманауи агротехнологияларды өндіру, дайындау-өткізу және жабдықтау құрылымдарын құру және кеңейту;

  • қаржы институттарымен ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына құрал-жабдықтар лизингі бойынша негізгі және айналым қаражаттарын толықтыру үшін берілетін несиенің пайыздық жарнасын субсидиялау;


Ветеринарлық қауіпсіздік
Өзекті мәселелер:

  • ауданда мамандандырылған соғымдардың (бордақылардың) жетіспеушілігі (мал сою бекеттері, мал сою алаңдары);

  • ауылшаруашылығы малдарын бірыңғай сәйкестендіру жүйесі оларды етке орталықтандыру бекет алаңшаларда сою жұмыстарының жоқтығы;


Іс-шара:

  • ауылшаруашылығы малдардың бірыңғай сәйкестендіру жүйесі мен ветеринарлық-санитарлық бақылау объектілерін құру;

  • ауылдық, елді мекендердегі базалық шаруашылықтардан, бизнес құрылымдардан, сонымен қатар жергілікті бюджеттерден мүмкіндігінше қаражат тарту арқылы мамандандырылған мал сою объектілерін салу (мал сою бекеттері, мал сою алаңдары, етті қайта өңдеу кәсіпорындары);

  • ветеринарлық лобораторияларды халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестендіру (құрылыс және материалды техникалық жабдықтау);

  • елдің эпизоотиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік деңгейін халықаралық нормаларға жеткізу;


Мақсаты:

- ұсақ тауар өндірушілерді және жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру жолымен өндірісті ірілендіру, осының арқасында ауылдық жерлерде сервистік қызыметті дамыту үшін жағдай жасау, өндіріске заманауи технологияларды өндіру және өндірілген өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілетілігін арттыру.

Іс-шара:

-ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің іріленген жай серіктестіктерді шаруашылық жұмыстарды жүргізу жөнінде үйрету;

-жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар кооперативтер мен жай серіктестіктердің ондық тәжірибе жұмыстарын жариялық насихаттау;

-кооперативтер мен жай серіктестіктерді бюджеттен несиелендіру көлемін арттыру;


Мұның барлығы мынадай мүмкіншіліктерді береді:


  1. Ауылшаруашылығы саласын басқару мен нарықтағы өнімнің прогрессивтілігін реттеуде экономикалық әдістерді және инновациялық технологияларды құру;

  2. Жерді ұтымды пайдалану және жер ресуртарын пайдалана отырып өнім өндірудің проблемаларын шешудің жүйелігіне көшу;

  3. Малшаруашылығының типтік ассортиментін, олардың мелиоративтік жағдайын жақсарту;

Өнім түрлерін тиімді өндірудің экономикалық тетіктерін жетілдіру, шаруашылықты нарықтық айналымдағы көсеткішінің негізін қалау, бюджетке өндірілген өнім түрлерінен кірістің тұрақты түсіп тұруын, ауылшаруашлық нарығын дамыту;

  1. Ауданның жер қорын қорғау және пайдалануға, мемлекеттік қадағалау және басқару тиімділігін арттыру;

Төлеби ауданы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі облыстағы аграрлық экономикалық аймақтардың бірі.

Қазір жердің нақты қожайындары анықталып, ауыл шаруашылығын жүргізудің ең тиімді түрі-нарық қатынастары енгізілді. Демек, қазірден бастап, мемлекетіміздің Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына енуі алдында ауыл шаруашылығын өркендету, өнімдердің сапасын арттыру жолында жасап жатқан қаржылай қолдау шараларын ұтымды пайдалануымыз қажет.

Өйткені, біздің қайта өңдеу кәсіпорындарымыздың материалдық-техникалық базалары ескіріп, әбден шаршаған күйде, сол себепті бүгін Үкімет жасап отырған қолдау шараларын барынша тиімді пайдаланып, азық үлгідегі тізбектелген технология тәсілімен соңғы өнімді ендіру кластерлік жүйені тез арада өндіріске ендіру қажет.

Бұл жұмыс биылғы жылда жалғасын тауып, берілетін кредиттер бағдарламаларға сәйкес жеңілдікпен беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар ауданымыз бәсекеге қабілетті өнімдердің экологиялық таза және жоғары сапалы өндіріс орталығы, спорт туризм, діни табыну орталығы бар, өмір сапасын арттыру, адам әлеуметін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндігі өсіп келе жатқан аймақ болады.



Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерін шешу жолдары:

1.Ең төменгі 1 пайыздық несие алуға жұмыс жасау;

2.Шаруаларды біріктіріп үлкен шаруа қожалық немесе кооператив болып құрылып қажетті несие қаражатын алуды қарастыру;

3.Жердің құнарлылығын арттыру, суармалы жерлерді бос қалдырмай тиімді пайдалану;

4.Көкөніс өнімдерінің көлемін көбейтіп, кішігірім цехтар салып консервіленген көкөністі көбейту.

5.Жай серіктестіктер құрып ауыл шаруашылығының барлық салаларымен айналысуды ұйымдастыру (ірі қара, қой, тауық фермаларын) ашу;

6 .Жай серіктестікке бірігетін шаруа қожалықтар санын ұлғайту (50 және оданда көп адамнан кем болмау);

7.Қойдың жүнін қабылдап, оны өңдейтін цехтар ашуды ұйымдастыру;

8.Аудандық су шаруашылығы мекемесіне бюджет есебінен техникалар сатып алып беру.


Жер қатынастары

Мақсаты:


  • Нарықтық экономика жағдайында Төлеби ауданы жерлерін тиімді пайдалану және топырақ құнарлығын арттыру барысында мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.


Міндеттері:

  • Аудан жерлерін тиімді пайдалану және топырақ құнарлығын сақтап қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру.

  • Жерлерді пайдалануды қадағалаудың тиімділігін жер заңнамаларын сақтай отырып қамтамасыз ету.

  • Жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;

  • Жерлерді тиімді пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру, жерді нарықтық айналымдағы жылжымайтын мүлік ретінде тартудың негізін қалау, бюджетке жер төлемдерінің тұрақты түсіп тұруын, жер нарығын дамыту;

  • Жер кадастрын, есеп, мониторингтер жүргізетін, автоматтандырылған ақпараттық жүйе инфрақұрылымын құру;

  • Жерлерді картографиялау мен зерделеу, ақпарат алудың жаңа технологиялары мен әдістеріне көшу;


Проблемаларды шешу жолдары

Ауданның жер ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғау мүмкіншіліктері мына қажеттіліктерден туады:



  • жер кадастры құжаттарын жүргізу үлгісі, мазмұны мен тәртібін жетілдіру;

  • жерді тиімсіз пайдаланғаны үшін және ауылшаруашылық алқаптардың құнарлығын сақтап, оны көтеруде жауакершілік тетіктерін енгізу;

  • барлық ауылдық округтерде топырақ бонитировкасының бағалануы;

  • кредит тетіктері арқылы жерді және жер пайдалану құқығын кепілдікке салу;

  • құнарлығы тыңайған жерлерді айналымға енгізу;

Бағдарламаның мақсаты мен міндеті.

Осы бағдарламаның басты бағыты нарықтық экономика жағдайында ауданның жер қорын тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру жіне жер ресурстарын қорғау.

Бағдарламаның қойылған бағытына қол жеткізу үшін мына мақсаттарды шешу көзделіп отыр:


  • ауданның жер қорын ұтымды пайдалану және жер ресурстарын қорғауды басқа да табиғат қорғау іс- шаралар кешенінде топырақ құнарлығын қалпына келтіру;

  • жер қорын тиімді пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру;

  • жер пайдалану мен оны қорғау және заңнамаларының сақталуына мемлекеттік қадағалауын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  • ақпарат алудың жаңа технологиялары мен әдістеріне көшу, жерді зерттеу және картографияға түсіру;

  • ауылшаруашылық айналымға тыңайған және басқа жоғарғы өнімділігі бар жерлерді енгізу.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

Бағдарлама жерді тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жаңа сапалы ұйымдастыруына көшуге және мемлекеттің, барлық жер пайдаланушылардың экономикалық, техникалық, шаруашылық- ұйымадастырумен құқықтық шараларды бірлесе жетілдіру негізінде бағытталған.


Жер қадастрын жүргізуді жетілдіру үшін мыналар көзделеді:

  • барлық жерлерге түгендеу жүргізу;

  • аудан жерлерінің, оның ішінде пайдалану санаттары бойынша ауданды есеппен қамту;

  • жыл сайын жер учаскелерін пайдаланушы меншік иелері мен жер пайдаланушылар жөнінде мәліметтерді, қағаз жүзінде электронды түрде тиянақтау;

  • жер кадастрлық құжаттар нысанын және олардың мазмұн түрлерін жер кодексінің талаптарына сай және статистикалық есептерге сәйкес жетілдіру.


Жерге орналастыруды жетілдіру мақсатында:

  • жерге орналастырудың аудандық сызбаларын (жобаларын) әзірлеу, жерді аймақтарға бөлу жұмыстарын аяқтау;

  • пайдаланып жатқан жерлерді тиянақтау және реттеу бағытында шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жақсарту;

  • елді мекендердің жеке- шаруашылық орналастыру жобаларын жасақтау;

  • қосалқы жер, орман мен су қоры, өнеркәсіп, көлік пен өзге де ауыл шаруашылығы мақсатында айдалмаған жерлерді аймақтарға бөлу негізінде ауыл шаруашылық қажеттіліктер үшін ұсынылатын, елді мекендер аумағын өркендету үшін жасақтау, ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты емес мемлекеттік табиғи- қорық қоры және басқа да мақсатқа жер көлемдерін айқындау;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп орындарының санитарлық- қорғау аймақтары, магистралды құбырларды қорғау аймағы, электр беру жүйелері, байланыс су қорғау аймақтары мен су нысандары жолағын орнату және шекараларын анықтау.

Ауыл шаруашылық алқаптары құрылымын оңтайландыру ауыл шаруашылық өндірісі мен қоршаған ортаны қалыпты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық алқаптардың қалыпты құрамын жабдықтауға бағытталған болады.

Осы мәселелерді жүзеге асыру тетіктері

Ұйымдастырушылық:

- ауыл шаруашылық алқаптарды трансформациялау олардың мақсатты пайдалануына сай бір түрден екіншісіне аудару, өйткені, суармалы жерлер техникалық жүйелердің тозуына және суландыру көздерінің жойылуына байланысты суарылмайтын жерлер санатына ауыстыруды қажет етеді;

- ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жарайтын қосалқы және басқа да санаттағы жерлерді анықтау және игеру;

- жерлерді қоғау жөнінде, яғни ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелеріне төлқұжат толтыру, жыртылған және ауыл шаруашылығының айналымына тартылған жерлерге түгендеу жүргізу, айдауға жарамды жерлерде агротехникалық зерттеуді жалғастыру (егістік – тыңайған жер);

- тыңайған жерлерді айналымға тарту есебінен егістік көлемін қалыпты жағдайда ұстау, ауыл шаруашылық пайдаланысқа айдамалы жерлерді игеру үшін оған қосалқы және орман қоры жерлерін қолдану, бұдан тыс егістік құрамынан құнарлығы төмен жерлерді шығару.
Экономикалық:

- салық түсіру мақсаттары үшін жерді аймақтарға бөлу;

- жер учаскелері иелерін жердің экологиялық таза өнім өндіру барысында марапаттау;

Жер үшін төлемдердің экономикалық жүйелері арқылы жер ресурстарын тиімді пайдалану әлеуеті өңірдің әлеуметтік- экономикалық өркендеудің қалыпты өсуіне және ауданның индустриалдық- экономикалық дамуына ықпал етеді.

Жерді тиімді пайдалану және оны қорғауда мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында, әрі жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылардың топырақ құнарлығын сақтау міндеттерін орындауда;


  • ауданда жерді тиімді пайдалану мен оны қорғауды сараптау жөніндегі жобаларды, сызбаларды, шараларды өткізгенде талапты күшейту.

Топырақ құнарлығын қалпына келтіру, сақтау және жер жағдайына кері ықпал ететін негативтерді жою шаралары

Бағдарлама экономикалық, шаруашылық- ұйымдастыру, техникалық және сапалы құқықтық жаңғырту мен жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақ қыртысының құнарлығын арттыру, оны сақтау кешендерін жүзеге асыруды қарастырады.

Бағдарламаның мақсатында жер ресурстарының құрылымын жетілдіріп, ауыл шаруашылық айналымға тыңайған және жақсы сападағы жерлерді енгізу.

Соңғы жылдары мал басының қысқаруына қарамастан жайылымдардың жағдайының нашарлау тенденциясы сақталуда. Бұл азықтық алқаптарды жүйесіз пайдалану мен елді- мекендерге, су көздеріне жақын орналасқан мал жайылымдарының ұлғайуымен байланысты болады. Таза жайылымдар көлемі 42,785 мың га, шабындықтар 7,790 мың га, олардың жақсартылғандары 2,739 мың га. Жерлердің азғындау құбылысының алдын алу үшін төмендегідей ұсыныстар енгізіледі:

- құнарлығы нашарлаған жер учаскелерін анықтау және олардың сапа жағынан бағалануы;

- жел және су эрозиясымен күрес шараларын жабдықтау, аумақтар жобасын ұйымдастыру негізінде жайылымдық алқаптарды жақсарту;

- химиялық және биологиялық әдісті қалыпты пайдалана отырып топырақ қорғау мен ауыспалы жүйесін игеру;

Күтілетін нәтижелер:
1 Жер ресурстарын мемлекеттік тиімділігі жақсарады;

2 Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қамтамасыз етіледі және құрамы жасақталады;


3 Жерді ұтымды пайдалану мен жер ресурстарын қорғау мыналар есебінен көтеріледі:

А) жер мониторингі;

Б) 73,487 мың га егіс егілетін жерлер балл бонитетін анықтау;

В) 126,463 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлығын

тексеру;

Г) Киелітас, Қазығұрт, Кемеқалған ауыл округтер шекараларына өзгеріс енгізу және реттеу мақсатында шаруашылықаралық жерге орналастыру сонымен қатар қалған барлық ауылдық округтер бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жүргізіледі;

4. Топырақ бонитировкасының материалдары негізінде төмендегі ұсыныстар дайындалады:

А) өнімділігі төмен егістік алқаптарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басқа түріне ауыстыру жөнінде;

Б) егістік көлемін бірқалыпты ұстап тұру есебінен және танап ауыстыру жүйесін сақтай отырып егістіктің өнімділігін арттыру, қосалқы жер мен арнайы жер қоры жерлерінен ауыл шаруашылық пайдалануға айдамалы жерлерді тарту мен игеру жөнінде;

В) материалдық еңбек ресурстарынан аз көлемді шығындар шығарып, егістіктер өнімін көбейтіп және өсімдік өнімдерінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету жөнінде;


Мұның барлығы мынадай мүмкіншіліктерді береді:

Жер қорын басқару мен жер қатынастарын реттеуде экономикалық әдістерді және инновациялық технологияларды құру;

Жерді ұтымды пайдалану және жер ресуртарының әлеуетін қорғау проблемаларын шешудің жүйелігіне көшу;

Жер алқаптары құрылымдарын, олардың мелиоративтік жағдайын жақсарту;

Нарық айналымына жерді жылжымайтын мүлік ретінде тарту, бюджетке жер төлемдерінің қалыпты түсіп тұруын, жер нарығын дамыту үшін негіз қалыптастыру;

Ауданның жер қорын қорғау және пайдалануға, мемлекеттік қадағалау және басқару тиімділігін арттыру;

Ауданның барлық санаттағы жерлері туралы толық ақпарат алынады, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді жоспарлаудың нақты мүмкіндігі туындайды, жер кадастрын жүргізу үлгісі белгіленген талаптарға сәйкес болады, салық өндіру көздері туралы толыққанды мәліметтер алынады және аудан бойынша жер жөнінде бір үлгідегі мәліметтер базасын құру мүмкіндігіне қол жеткізіледі.
Құрылыс
Төлеби ауданы аумағындағы құрылыстың және құрылыс индустриясының жағдайы

және ондағы проблемалық мәселелер мен олардың шешілу жолдары
Аудан көлемінде құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс жұмыстарымен айналысатын түрлі деңгейдегі 29 кәсіпорын тіркелген. Олардың негізгі бөлігі құрылыс саласындағы сұранысқа сай күйдірілген қыш және иннерттік материалдар шығарумен айналысады. Атап көрсетсек: күйдірілген қыш шығаратын «Заңғар-2003» ЖШС-гі, «Карим Т» ЖШС-гі, ЖК «Абдуллаев И» және Көксәйек елді мекеніндегі қыш шығару кәсіпорны. Бұл кәсіпорындардың қуаттылығы орта есеппен жылына 4 млн 860 мың дана қыш шығаруға есептелген, 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Иннертік материалдар өңдеумен айналысатын «Құаныш Нұры» ЖШС-гі, «Тастық сай» ЖШС-гі, «Бурахан» ЖШС т.с.с. Аталған кәсіпорындарда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылып жылына 4500,0 мың теңгенің өнімін өндіреді. Қалған кәсіпорындар материалдық-техникалық базасының төмендігіне байланысты нарық көшіне ілесе алмауда.



Мәселелер:

  • Аталған кәсіпорындардан бөлек құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының төмендігі;

  • Шағын кәсіпорындар шығаратын өнімдер сапасының төмендігі;

  • Аудан көлемінде мемлекеттік және жеке тапсырыспен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелердің құрылыс материалдарына деген сұранысын аудан аумағынан тыс облыс орталығынан немесе басқа аудандардан өтеуінде;

  • Материалдық-техникалық базаның төмендігінен аудан көлеміндегі құрылыс фирмаларының мемлекеттік тапсырысқа ие бола алмауы;

  • 2011-2015 жылдар аралығында 56 елді мекенді табиғи газбен жабдықтап Төлеби ауданы елді мекендерін табиғи газбен жабдықтауды 100 пайызға жеткізу.

Шешу жолдары:

  • Саладағы проблемалық мәселелерді шешу жолы бұл ірі инвесторларды тартып, тоқтап тұрған және жаңа өндіріс ошақтарын іске қосу;

  • Іске асырылуы 2014-2015 жылдары жоспарланған жеке инвестор есебінен құрылысы жүзеге асырылатын қуаттылығы жылына 1,0 млн тонна цемент шығаратын зауытты іске қосу. Жобаның инвестициялық құны 45 млрд теңге;

  • 2012-2015 жылдары жеке инвестор тартып, 1990 жылдары өндірісі тоқтатылған Леңгер қаласындағы темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауытты іске қосу;

  • Мемлекеттік тапсырыс арқылы жергілікті құрылыс фирмаларының жұмысын жандандыру;

  • 2012 жылы құрылыс жұмыстарының атқарылу процедураларын заң аясында толық шоғырландыру. Бұл ретте құрылысқа қажетті алғашқы құжаттарды дайындау, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу, құрылыс барысында жұмыстардың сапасын қолданыстағы ГОСТ-қа және нормативтерге сәйкес техникалық қадағалау жұмыстарын жүргізу;

  • Ауданда металлопластика шығаратын зауыттар ашылу қажеттілігі;

  • Мемлекеттік талаптарға сай келетін метал жабдықтарын шығаратын зауыттарды ашу керектігі;

  • Елді мекендерді табиғи газбен қамтудың және сапалы ауыз сумен жабдықтау үшін нысаналы Республикалық және облыстық трансферттерді ауданға тарту арқылы

Күтілетін нәтижелер:

  • Инвесторлар тарту арқылы ауданның көлемінде құрылыс индустриясы мен инфрақұрылымы дамиды;

  • Мемлекеттік тапсырыспен жергілікті құрылыс фирмаларына заң аясында басымдық беріліп, олардың материалдық-техникалық базасы күшейтіліп бәсекелестік қабілеттері артады;

  • Жергілікті фирмалар мемлекеттік тапсырысқа ие болған жағдайда, олар арқылы құрылыс материалдарымен бұйымдарын шығаратын жергілікті шағын кәсіпорындарға тапсырыс беріліп, олардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі;

  • Жүзеге асырылатын жобалар есебінен жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен алымдардың көлемі артады;

  • Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады;

  • Жұмыс орындары көбейіп, аудан халқының әлауқаты жақсарады;

  • 62 елді мекеннің 2015 жылға дейін сапалы ауыз су құбырымен қамтамасыз етіп елді мекендердің ауыз сумен қамтамасыз етілуін 100 пайызға жеткізу.

  • 62 елді мекеннің 56 елді мекенін 2015 жылға дейін табиғи газбен жабдықтап елді мекендердің табиғи газбен қамтылуын 100 пайызға жеткізу


Аудан құрылысының негізгі мәселелері:

құрылыс материалдарын шығару бойынша өндірістің техникалық жабдықталу дәрежесінің төмендігі;

құрылыс кәсіпорындары үшін өндірісті техникалық қайта жабдықтау және модернизациялауда айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;өндіріс өнімдерінің өзіндік жоғары құны;нормативті-ақпараттық қамтамасыз етілудің баяу дамуы;инженерлік құрам мен жұмысшы кәсіптегі білікті кадрлардың жетіспеушілігі;құрылыс материалдарына сұраныстың маусымдылығы;саланың материалды-техникалық база деңгейі қазіргі кездегі талаптарға жауап бермейді, көптеген кәсіпорындардың негізгі қорларының тозуы 60-70% құрайды;

экологиялық талаптардың сақталынбауы, энергияны тұтынудың жоғарғы деңгейіндегі ескірген технологиялар;

құрылыс материалдары өндірісінің өнімдерінің жекелеген түрлерінің төменгі бәсеке қабілеттілігі;

импорттық тауарларға тәуелділік;

тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғызылған ғимараттардың сапасының төменгі

деңгейі;

Аталған кәсіпорындардан бөлек құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының төмендігі;

Шағын кәсіпорындар шығаратын өнімдер сапасының төмендігі;

Аудан көлемінде мемлекеттік және жеке тапсырыспен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелердің құрылыс материалдарына деген сұранысын аудан аумағынан тыс облыс орталығынан немесе басқа аудандардың өтеуінде;

Материалдық-техникалық базаның төмендігінен аудан көлеміндегі құрылыс фирмаларының мемлекеттік тапсырысқа ие бола алмауы;

Құрылыс» ЖШС-ін құрып, іске қосу;



Шешімін таппай отырған мәселелер:

- Жаңадан салынған тұрғын үйлердің азаматтарға жеткіліксіздігі (тұрғын үй саласын дамытудың негізгі көрсеткіші ретінде жан басына шаққанда жылына пайдалануға берілген тұрғын үйлер болып есептеледі.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2012-2015 жылдарда Ленгер қаласында 2 көп қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй құрылыс жұмысын жүргізу арқылы шешуге болады

- Отандық құрылыс материалдар өндірісінің жеткіліксіздігі;

- Қолданыстағы ғылыми-техникалық базаның халықаралық нормативтерге үйлесімсіздігі;

- Экономикалық салалар бойынша типтік жобалардың жоқтығы;

- Аудан аумағын ұйымдастыру Бас сұлбасының жоқтығы, қала мен елді мекендердің бас жоспармен толық қамтылмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет