Төлеби ауданының әкімдігі «21» маусым 2010 жыл №251 қаулысы



бет1/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#3790
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16





Төлеби ауданының әкімдігі

« 21 » маусым 2010 жыл

251 қаулысы









«ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТА МЕРЗІМДІ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ»


Леңгер 2014



ҚҰРЫЛЫМЫ



1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ (НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ) 3

2. КІРІСПЕ 8

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 10

4. АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ 44

5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНАЛЫ

ИНДИКАТОРЛАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ 151

6. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР 153 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 176

8. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 177

9. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 178

10. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ 187

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ (НЕГІЗГІ ПАРАМЕРЛЕРІ)

Бағдарламаның аталуы

Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы

Бағдарламаны жасау үшін

негіздеме

2009 жылдың 18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 2007 жылдың 26 желтоқсанындағы №1297 «Нәтижелерге бағытталған, мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу бойынша Концепция туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Аймақтың негізгі сипаттамалары

Төлеби ауданының территориясы 3,15 мың ш.км немесе облыс территориясының 2,7% құрайды, Қазақстанның оңтүстігінде, Алатау тауларынан басталып, оңтүстік-батыста Өгемтау, Қаржантау, Қазығұрт таулары сілемдерінің бөктерінде, батыста тегіс алқаптарында орналасқан.

Ауданда 1 қала және 14 ауылдық округ бар. Аудан тұрғындары 133,1 мың адам, орташа тұрғындардың тығыздығы 1 ш.км. территорияға 37 адамды құрайды.



Әкімшілік орталығы Ленгер қаласы болып табылады.

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің аппараты және Төлеби ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі.

Бағыттары

  • Аймақ экономикасының дамуы;

  • Әлеуметтік саланың дамуы;

  • Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы;

  • Территориялық (кеңістіктік) орналасудың дамуы;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйелерінің дамуы.

Бағдарлама мақсаттары

  • бәсекеге қабілетті, динамикалық дамушы, балансталған және әлеуметтік-бағытталған аймақтық экономиканы құру;

  • ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға көңіл бөлу;

  • тұрғындардың өмір сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

  • аудан дамуының инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;

  • негізгі ауылдардың динамикалық дамуы және депрессиялы территориялардың жылдам дамуы есебінен, облыстың әкімшілік-территориялық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;

-мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару тиімділіктерін арттыру.

Міндеттері

  • өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

  • құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

  • қолайлы кәсіпкерлік климатты қамтамасыз ету;

  • аумақтың туристік тартымдылығын арттыру;

  • ауданда қолайлы демографиялық жағдайлар қалыптастыру;

  • аумақтық еңбек нарығын дамыту, жұмыс күштерінің сапасын және еңбек нарығында азаматтарды бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • кедейлік деңгейін қысқарту және аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру;

  • тұрғындардың сапалы білімге кеңінен қол жеткізулерін, білім беру, ғылым және өндірістің өзара әрекеттерінің жаңа формаларының дамуын, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияны қамтамасыз ету;

  • денсаулық жағдайын жақсарту және ауыру деңгейін төмендету, тұрғындардың барлық санаттарына сапалы және тиімді медициналық-әлеуметтік көмекке қол жетімді болуын қамтамасыз ету;

  • мәдениет ұйымдары тармағын дамыту, аудан тұрғындарының барлық санаттарына отандық және шетелдік мәдени мұра мен мәдени құндылықтарға бірдей қол жетімді болуын қамтамасыз ету;

  • дене шынықтыру мен спортты дамыту;

  • көлік (транзиттік) дәліздерін тиімді қолдануды арттыру;

  • автокөлік жолдарының желілерін дамыту, жолдардың сапасы мен өткізу қабілеттілігін арттыру;

  • аумақтың энергия қуатына тапшылығын төмендету және негізінен су, жел және күн энергиялары сияқты, өзге энергия көздерін пайдалану;

  • жылу, газ және сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту және модернизациялау;

  • Леңгер қаласын дамыту;


  • ауыл шаруашылық аумақтарын дамыту, оларды тірек қалалар базасында құрылатын аймақтық кластерлерге тарту;

  • депрессиялы аумақтар мен еңбек басым келетін аумақтардың мәселелерін шешу;

  • жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру;

  • жергілікті бюджеттің фискалдық автономиясын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында қызметтердің негізгі бағыттарын айқындау.

Жүзеге асырылу кезеңдері

  • 1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алдыңғы қатарлы және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру

- 2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру және ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму негіздерін құру.

Нысаналы индикаторлары

  • ЖАӨ-нің аудандық ІЖӨ-дегі үлесі 2015 жылы – 8,5% (2012 жылы - 5,7%).

  • Ауданның негізгі капиталға инвестициялар үлесі 2015 жылы – 2 есе. (2012 жылы – 1,5 есе).

  • Аудан ЖАӨ-дегі өнеркәсіптің үлесі 2015 жылы - 26,2% (2012 жылы – 18,9%)

  • ЖАӨ-де ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 2015 жылы - 40,1 (2012 жылы – 38,2%)

  • қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен тұрғын үй құрылысының көлемі 2015 жылы – 25,6 мың ш.м. (2012 жылы – 20,7 мың ш.м)

  • ЖАӨ-дегі кіші кәсіпкерлік өнімдерінің үлесі 2015 жылы 30% (2012 жылы - 22%)

  • Аймақтың жалпы жұмыс бастыларының санында кіші кәсіпкерліктегі жұмыс бастылардың үлесі 2015 жылы – 7,33%. (2012 жылы -4,58%).

  • Қызмет (саудадан басқа) саласының үлесі 2015 жылы - 15% (2012 жылы – 9 %)

  • Шетелдік туристтердің саны 2015 жылы – 1,8 мың адам (2012 жылы – 1,5 мың адам), 2015 жылы қазақстандық туристтердің саны – 19,5 мың адам (2012 жылы – 15,8 мың адам).

  • Жасыл аймақ іс-шарасы бойынша егілетін көшеттер саны 2015 жылы – 210 мың дана (2012 жылы – 210 мың дана).

  • Тазартуға келетін, ағын сулардың жалпы көлемінде тазаланған ағын сулардың көлемін арттыру 2015 жылы – 281,8 текше/метр. (2012 жылы – 0 текше /метр)

  • Аудан тұрғындарының саны 2015 жылы 136,3 мың адам (2012 жылы – 131,2 мың адам)

  • Тұрғындардың жалпы санында өмір сүру деңгейінен төменгі табыстағы тұрғындар саны 2015 жылы – 9,4 % (2012 жылы – 7,9 %)

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының саны 2015 жылы – 44 бірлік (2012 жылы – 24 бірлік)

  • Кәсіби-техникалық (ПТШ-9, ПТШ-8) білім беру ұйымдарының бітірушілер саны 2015 жылы – 1350 адам (2012 жылы - 1107 адам)

  • Тұрғындардың өлім деңгейі 2015 жылы – 1000 тұрғынға 0,15% (2012 жылы - 1000 тұрғынға 0,2%)

  • Ауылдық клубтар, кітапханалар, мұра жайлар мен тарихи-мәдени объектілерге тұрғындардың бару санын арттыру 2015 жылы – тұрғындардың жалпы санынан 40% (2012 жылы - тұрғындардың жалпы санынан 15% )

  • Дене шынықтыру және спортпен айналысатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі 2015 жылы – 20,7 % (2012 жылы - 18 %)

  • Жолаушы айналымы 2015 жылы – 423,2 млн.ж/км (2012 жылы – 398,3 млн.ж/км) және жүк айналым 2015 жылы –150,8 млн.т/км (2012 жылы –147,5 млн.т/км).

  • Жөндеудің барлық түрлерімен қамтылған, жергілікті мәндегі жол ұзындықтары 2015 жылы – 72,5 % (2012 жылы – 72,5 %)

  • Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы, аудан жолдарының жалпы ұзындығындағы жөнделген аудандық жолдардың үлес салмағы 2015 жылы -30 % (2012 жылы – 46,3%)

  • Электроэнергиясының өндірісі 2015 жылы –9700 мың КВт.с (2012 жылы – 9088,8мың КВт.с)

  • Ауыз суға құбырымен жүйелі түрде қолы жеткен тұрғындар үлесі 2015 жылы – 100% (2012 жылы - 92%)

  • Тұрғын қорының жалпы ауданында, тұрғын қорын қамтамасыз етуде көркейту дәрежесі:

  • жылумен қамтамасыз ету 2015 жылы – 99 % (2012 жылы – 93%)

  • газбен қамтамасыз ету 2015 жылы -62 % (2012 жылы – 42 %)

  • Энергияның тұтынылуының жалпы көлемінде, аудан кәсіпорындарының энергия шығару үлесі 2015 жылы - 48% (2012 жылы - 32%)

  • Ауданның тірек ауылдарының негізгі капиталға инвестициялар үлесі: 2015 жылы Бірінші Мамыр, Көксәйек, Зертас -19% (2012 жылы – 12 %);

  • Өнеркәсіптің жалпы көлемінде Ленгер қ. өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 2015 жылы - 91%. (2012 жылы - 85,5%)

  • Ауданның тірек ауылдарының жұмыссыздық деңгейін төмендету: Бірінші Мамыр, Көксәйек, Зертас. 2015 жылы – 3,9 % (2012 жылы5,2%),

  • Әрбір ауыл округтері бойынша жұмыс бастылардың жалпы көлемінде еңбек басым ауылдардағы (Бірінші Мамыр, Ленгер қ, Киелі тас) кіші кәсіпкерліктегі жұмыс бастылар үлесінің артуы 2015 жылы – 7 % (2012 жылы – 3,5%)

  • Басқаруды орталықтандырмау (соңғысының үлесін арттыру мақсатында, мемлекеттік және жергілікті басқару құзыреттерінің пайыздық қатынасы)

  • Жергілікті бюджет автономиясы (жергілікті бюджет табыстарының мемлекеттік дотацияларға %-дық қатынасы)

  • мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби өсімі:



Қаржыландыру көздері мен көлемдері


Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық жергілікті, инвесторлардың өзіндік қаражаттары, қарыз қаражаттар.

Қаржыландыру көлемі:

2011жылы – 13577,0 млн. теңге

2012 жылы - 16412,0 млн. теңге

2013 жылы – 16962,0 млн. теңге

2014 жылы – 36543,0 млн. теңге



2015 жылы – 40456,0 млн. теңге

Барлығы 123950,0 млн. теңге




2. КІРІСПЕ

Төлеби ауданының 5 жылға даму жоспары ауданның алдағы уақыттағы даму бағытының негізгі айғағын көрсетіп ауданның тұрмысын әлеуметтік –экономикалық дамуының негізінің айғағы.

Қолдағы бар транзиттік басымдылық аудан территориясының облыс орталығы Шымкент қаласына жақын болғандықтан экономикалық тиімді орналасуымен оптималды байланыс жасауға мүмкіндік өте үлкен. Байланыс барысында автокөлік және теміржол транспорттары (Шымкент және Леңгер қалаларының аралығында 30 ш. км ) пайдаланылады. Туристтік әлеуметті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген үлкен мүмкіндіктер бар.

Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, ауданның аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфра құрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, аудан инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі облыс бойынша ең соңғы қатарды алады.

Аудан кәсіпорындары облыстық өнеркәсіп өнімдерінің 3 пайызын құрайды. Ауданда «ОңтүстікМұнайГаз» АҚ мен «Леңгер мұнай барлау және өңдеу» АҚ ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Содай-ақ 3 ірі және орта кәсіпорындары, 19 кіші кәсіпорындары, 9 қосалқы шаруашылықпен айналысатын кәсіпорындары бар. Соның ішінде «ОңтүстікМұнайГаз» АҚ саласы да дағдарыс жағдайында: кәсіпорындарда айналыс қаражаттары жеткіліксіз, энерготасымалдаушылар құны жоғары, бұл өз кезегінде мұнай өнімдердің негізгі түрлерінің өндірісінің құлдырауына әкеледі.

Сонымен қатар, аудан өнеркәсіптік өндірісінің төмендеуіне бірқатар жалпылама себептері бар: бұрынғы кеңестік кезеңде аудандар тарапынан (бірінші кезекте Леңгер) өнеркәсіптік өнімдерге сұраныстың төмендеуі, мұндай протекционизм жағдайда мәселенің дұрыс қойылмауынан аудандық (бірінші кезекте Леңгер) өнімдерді өндірушілермен бәсекелесу қабілетінің болмауы.

Тәжірибе-сынақ базасы бар конструкторлық бюроларды ұстау шығындарының қысқаруы сияқты мәселелер өнімді шығаруды тоқтатудың негізгі себептері болып отыр. Бұл аудан көптеген сүт өнімдері және мұнай өнімдері кәсіпорындарының облыс көрсеткіштерімен салыстырғанда, яғни жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгенімен, оң нәтижелер көрсеткіштері төмен.

Жоғарда айтылғандардың көрінісінде, тұрақты даму аудан тамақ өнеркәсібіне келеді, бұл көп жағдайда салаға инвестициялар көлемін арттыру және жаңа кәсіпорындар құру мүмкіндігін беретін, тамақ өнімдеріне қолайлы баға динамикасының болуымен түсіндіріледі.

Жалпы алғанда, аудан аймағының мұнай өнімі мен тамақ өнеркәсіптерінен басқа салаларында, өнеркәсіптік әлеуетті қолдану тиімділігінің төмендеуі байқалады деген қорытынды жасауға болады.

2012-2009 жылдардағы ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, егін алқаптарының 3,4% төмендеуімен, астық және астық дақылдарының жиынының 0,18%-ға төмендеуімен сипатталынады. Аудан ауыл шаруашылығының деградациясы бірқатар себептердің салдары болып табылады:



  • суармалы сулардың жеткіліксіздігі және тиімсіз қолданылуы, шаруа қожалықтарының территорияларында суғару инфрақұрылымдарының (тұнбаланып және қоқыстануы) істен шығуы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;

  • шаруа қожалықтарының ыдырап орналасуы, жер иеліктерінің кіші көлемі, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;

  • АӨК қолдау және дамытуға бюджеттік қаражаттарды шығындаудың төменгі тиімділігі көрінісінде, АӨК қолдау мен дамытуға бюджеттік қаражаттардың жеткіліксіз болуы;

  • автобус парктерінің машиналарының тозуы 70% жоғары;

  • бос қалған жерлердің тіркелуі мен мониторингінің жеткіліксіздігі және оларды екінші ретті шаруашылық айналымына қайтару дәрежесінің төмен болуы;

  • өсімдік шаруашылығындағы төменгі сатып алу бағасы, бұл шаруашылық түрінің рентабельділігін төмендетіп, өсімдік егушілердің қалаларға кетуін тудырып отыр.

Бұл қарастырылып отырған жағдайлардың барлығы қарапайым халықтың қалалардағы бұрынғы ауылдық тұрғындардың ең төменгі білімді, өнімділігі аз және кедей тұрғындардың қатарын түзіп, жалпы алғанда ауданның экономикалық кеңістігінің сапасының төмендеуіне әкеліп отыр.

Ленгер қаласы автомобиль көліктерінің пайдаланылған газдарымен ластанғанымен көрініс табады. Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты болып отыр.

Төлеби ауданының әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады. Өз кезегінде, соңғы жағдай аудан тұрғындарының өмірінің салыстырмалы жоғары деңгейде емес дәрежесін анықтайды, ауылдық тұрғындардың өмір деңгейінен төмен. Аудан ауылдық тұрғындардың қалаға ауысуы жүріп жатыр, бірақ қаладада ауылдық жерлерден келгендердің табысы төменгі деңгейде қалып, осы себептен орташа өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда. Аудан өзге де әлеуметтік мәселелері кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушылардың жеткіліксіз болуы; медициналық персоналдың біліктілік деңгейлерінің жеткіліксіздігі және медициналық мекемелердің құралдармен жеткіліксіз қамтамасыздандырылуы; әсіресе Ленгер қаласында, сәбилер өлімінің көрсеткішінің өсуі; ҚР өзге аймақтарымен салыстырмалы өлім көрсеткішінің жоғары болуы; тұрғындардың жеткіліксіз мәдени белсенділігі; әлеуметтік салада бюджеттік қаражаттарды қолданудың төменгі тиімділігі.

Аудан инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және территориялық шекте теңсіз және жеткіліксіз дамыған. Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электроэнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.

Ауданның тарихи қалыптасқан орнығуы, аймақтық диспропорциялармен, бір ауылдарда еңбектің басым келуімен және өзгелерінің депрессиялы болуымен көрінетін, бірқатар мәселерді туындатады.

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Төлеби ауданының құрылымдық төлқұжаты

Аймақ жағдайының оң және жағымсыз жақтарын, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау.

Төлеби ауданы 1932 жылы Ленгер ауданы болған. Содан 1991 жылы Төлеби ауданы болып ауыстырылған. Төлеби ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Алатау, Қазғұрт тауларының етегінде, сонымен қатар Бадам, Сайрамсу, Ақсу және Қасқасу сияқты өзендерінің арнасында орналасқан.

Аудан аумағы 3,15 мың.шаршы.км немесе облыс территориясының 2,7% қамтиды. Аудан климаты тез құбылмалы аймақта орналасқан. Егін шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға ыңғайлы мүмкіндік жасалған. Ауданның табиғи байлығы шикізат ресурстарына бай. Яғни бұл жерлерде ,көмір, гранит, мрамор, құнарлы топырақ және т.б табиғи ресурс көздері бар.

Төлеби ауданы шектеседі:

Солтүстігінде Сайрам және Түлкібас аудандарымен, шығысында Жамбыл облысы және Қырғызстан, батысында Қазғұрт ауданымен және оңтүстігінде Өзбекстанмен. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан халқының саны 131,2 мың адамды құрайды немесе облыстың тұрғындарының 3,7% құрайды. Ал ауыл округі бойынша саны 105 мың адам, қала бойынша 27 мың адам.

Соның ішінде еңбекке жарамды халық -58,1 мың адам немесе аудан бойынша 48% құрайды. Ауданда 35 түрлі ұлт өкілдері тұрады.

Төлеби ауданы 1 қалалық және 14 ауылдық округ болып бөлінеді:

Қазғұрт, Бірінші Мамыр, Алатау, Аққұм, Ақжар, Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы, Тасарық, Көксәек, Зертас, Киелітас, Жоғарғы Ақсу.

Аудан орталығы – Ленгер қаласы.


3.2 Территорияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

3.2.1 Экономикалық даму

Жалпы аймақтық өнім
Жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2012 жылы ағымдағы бағамен 42,3 млрд. теңгені құрады, адам басына шаққанда ЖАӨ мөлшері 320,6 мың теңгені құрады. ЖАӨ құрылымында өнеркәсіп өндірісінің үлесі –18,9 %.
Өнеркәсіптің дамуы
Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады.

Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

2012 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын және қосалқы кәсіпорындарын қоса) 11 млрд 472 млн теңгеге өнім өндірілді, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 107,8% құрады. (2011 жылы 6589,5 млн теңге, нақты көлем индексі 102,2. 2012 жылы 11472,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 107,8 пайызды құрады).

Аудан өнеркәсіп құрылымында өңдеу салаларының үлесі басым болып тұр.


Аудан өнеркәсібінің құрылымы


Көрсеткіш атауы


2012 жыл млн теңге

2012 жыл пайызбен

Өнеркәсіп – барлығы,

соның ішінде:




11472,2

100,0

Тау кен өнеркәсібі


75,8

0,7

Өңдеу өнеркәсібі


10643,0

92,7

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу


753,4

6,6

ОҚО статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, онеркәсіп саласында ауданымызда 27 кәсіпорын, оның ішінде 2 орта, 22 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда, оның ішінде тамақ өнеркәсібінде 5 кәсіпорын («Ақмаржан LTD» ЖШС, «Компания Фудмастер-Шымкент» ЖШС, «Аққұм Астық» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Бағдаулет 1» ЖШС, «Асель» ӨК), машина мен құрал жабдықтар шығару саласында 1 кәсіпорын («ЛМЗ» ЖШС), мұнай өңдеу саласында 1 кәсіпорын («Битум зауыты» ЖШС) электр қуатын жеткізу саласында «Оңтүстік жарық» және «Оңтүстік жарық трейд»» ЖШС, табиғи газды тұтынушыларға жеткізу бойынша ЮКУГХ Төлеби филиалы кәсіпорыны айналысады.

Аудан экономикасының өсу қарқыны тұрақталып қалыптасқанын соңғы жылдардағы қорытынды көрсеткіштері айғақтайды.

Өнеркәсіп өнімі бойынша 2013 жылдың қазан айында өнеркәсіп өнім көлемі 1 млрд 608 млн теңгені құрады. 2013 жылдың басынан өнеркәсіп саласында 11 млрд 552 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылдың осы кезенімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 106,4 пайызды құрады.

Оның ішінде қайта өңдеу саласында 10 млрд 080 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 105,9 пайызды құрады. (2011 жылы қайта өңдеу саласы 5 911,4 млн теңге, нақты көлем индексі 102,8 пайыз, 2012 жылы 10 643 млн теңге, нақты көлем индексі 107 пайыз).

Қайта өңдеу саласының өнеркәсіптегі үлесі 87,3 пайызын құрайды. (2011 жылы-89,7 пайыз, 2012 жылы-92,7 пайызын құрады).

2013 жылдың аяғына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 12905,8 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,8 пайызды құруы болжамданады.

2014 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15561,3 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109 пайызды құрады деп жоспарлануда.

2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 18863,1 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 110 пайызға дейін болуы болжамданады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі. Аудан өнеркәсібінің 0,7 пайызын құрайтын тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемінің өсімі байқалады. 2012 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 75,8 млн тенгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 82,2 % құрады. 2011 жылы осы саладағы кәсіпорындар 93,3 млн теңгенің өнімін өндірген. Негізгі тау кен өндіріс ауданда құмды қиыршық тастарды өндірумен шектелген.

Тау-кен өндірісінің 2012 жылы жалпы өнім көлеміндегі төмен пайыздығы: ауданда жұмыс атқарып жатқан 19 тау-кен өндірушілерінің төртеуі ғана ауданда тіркелген. Қалғаны облыстың басқа аудандары мен қалаларында тіркеліп, жұмыс атқаруда. Осыған байланысты, ауданда бұл салада өндірілген өнім көлемінің 80 пайызы облыстың басқа аудандары мен қалаларына кетуде. Бұл салада «Геостройюг», «МТС-Төлеген», «Қуаныш Нұры», «НУР-С» ЖШС жұмыс атақарып келді.

2013 жылдың 10 айында бұл саладағы өнім көлемі 695,4,0 млн теңге, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 10 есе құрап отыр. Бұл көрсеткіштің «ОңтүстікМұнайГаз» АҚ өндірілген өнімдері арқылы өскені.

2014 жылы өнім көлемі 813,0 млн теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 120 пайызды құрап отыр.

2015 жылы өнім көлемі 831,7 млн теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өнім көлемін арттыруды жоспарланып қойылды.

2014-2015 жылдары тау-кен өнеркәсібінің әрі қарай дамуы жоспарланады. Кен орындары, алаңдардың барлауының аяқталуы, кәсіпорындардың қазбалық жұмыстарының басталуы, ауданда қиыршық тас, құм, кварц құмы, құрылыс тасы, гипс, көмір және басқада пайдалы қазбаларды өндіру арқылы өндіріс көлемі ұлғаяды. 2014-2015 жылдар аралығында тау-кен өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 6,1%-ға өсуі көзделген. 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 41%-ға артады.

Ауданда жаңа кен орындарын табудың перспективасы бар. Аймақта жаңа кен орындарын барлап табу үшін геологиялық жұмыстарды қүшейту қажет болады.
Өңдеу өнеркәсібі. 2012 жылы осы салада кәсіпорындар 10 млрд 643 млн теңгенің өнімін өндірген (2011 жылы осы салада кәсіпорындар 5 млрд 911 млн теңгенің өнімін өндірген). Нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда – 107 пайызды құраған (2011 жылы нақты көлем индексі 2010 жылмен салыстырғанда – 102,8 пайызды құраған). Оның ішінде: тамақ өнімдерін өндіру 108,5 пайызды (2011 жылы-103,6 пайызды), тоқыма бұйымдарды өндіру 61,1 пайызды (2011 жылы-195,5 пайызды), былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 110 пайызды (2011 жылы-194,7 пайызды), жихаздан басқа ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру 105,8 пайызды (2011 жылы-111,5 пайызды), өзгеде металл емес минералды өнімдерді өндіру 81,9 (2011 жылы-3,2 есеге), қағаз және қағаздан жасалған өнімдер 4,1 пайызға артты (2011 жылы-111,0 пайызға) және жихаз жасау 98,0 пайыз құрады (2011 жылы-20,5 пайызға артты).

Сонымен қатар, 2012 жылы машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 11,1 пайыз артты (2011 жылы-64,2 пайызға төмендеген).

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 15,8 пайызға, сумен жабдықтау 2,6 пайызға артқан (2011 жылы-18,9 пайызға артқан).

Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істеушілер саны 106 адамды құрап, 2012 жылы 110 адам, 2013 жыл соңына дейін 140, ал 2015 жылы 200 адам болады деп жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспорттаушы кәсіпорындар бойынша ауданда «Ақмаржан ЛТД» ЖШС-гі жұмыс жасаған. Бұл мекеме 2010-2011 жылдары шет елге өнім шығармаған. Ал 2012 жылдан бастап өндірген ұн өнімдерін шығаруда. Одан басқа, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС-гі экспортқа битум өнімдерін шығаруды жоспарлауда.
Өңдеу өнеркәсібінде келесі салалардың дамуы күтілуде:


  • металллургия өндірісінің өсуі және металдарды өңдеу;

  • тоқыма және тігін өндірісін арттыру;

  • басқа да металл емес минералды өнімдерді шығару (құрылыс индустриясының өндірісі);

  • тамақ өнеркәсібі.


Азық-түлік өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады. 2013-2015 жылдар аралығында азық-түлік өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі жыл сайын орташа 22%-ға өсуі болжамданған.


Облыс бойынша сүт өнімдерін қайта өңдейтін ірі өндірушілерінің бірі - «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС, оның шығарып отырған сүт өнімдері жоғары тұтынушылық сапасы халықаралық көрмелерде алтын медальдармен аталған, «ФудМастер» сауда маркасы тұтынушылар арасында аса танымал болғандықтан, ерекше сұранысына ие. 2000 ж. сапаның ең жоғары эффективті методтары үшін құрмет дипломымен марапатталды.

«Food Экспо-1999» және «Астана Экспо-2000» көрмелерінде Ленгер ірімшігі алтын медальмен марапатталған. 2006-2008 ж.ж. «ФудМастер» айраны «Қазақстанның үздік тауары» халықаралық байқауында алтын медальмен марапатталды. Кәсіпорын «СТ-КZ» сертификатың алған.

Ауданда инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа сүт өнімдерін шығаруда. Мекеме тетрапакеттерді қолда отырып, сүт, айран, биоайран шығарады.

2011 жылы бұл мекеменің өнім көлемі 1212,0 млн теңгенің өнім көлемі шығарылған. 2012 жылы 1831,3 млн теңгенің өнім көлемі шығарылған. 2013 ж. 10 айында 1 607 047 теңгенің 15 614 тонна өнім өндірілді. Жұмыспен 112 адам қамтылған.

«Балмұздақ» ЖШС зауытты модернизациялау жобасымен ҮИИД бағдарламасы шеңберінде 220,0 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды.. Жоба іске асып, маусымында 2500 тоннаға дейін өнім өндіреді. Жұмыспен қосымша 20 адам қамтылды. «Балмұздақ» ЖШС зауытты 2012 жылы 950 тонна балмұздақ өнімдерін шығарған. 2013 жылы толық қуаттылыққа шығып, ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына 416 млн 705 мың теңгеге 1951 тонна балмұздақ өнімдерін шығарды.

2003 ж. ақпан айынан бастап компания сапа жөніндегі стандартты менеджментін ISO 9001:2000 іске қосты, компанияның барлық өнімдері сертификатталған. 2000 ж. Сапаның ең жоғары эффективті методтары үшін құрмет дипломымен марапатталды.

«Food Экспо-1999» және «Астана Экспо-2000» көрмелерінде Ленгер ірімшігі алтын медальмен марапатталған. 2006-2008 жылдары айраны «Қазақстанның үздік тауары» халықаралық байқауында алтын медальмен марапатталды.

2013 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсында «Балмұздақ» ЖШС үшінші орынға иеленіп, желтоқсан айында өтетін республикалық көрме-конкурсына қатысады. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына қатысу үшін құжаттарын өткізіді.

Төлеби ауданында тазартылған өсімдік майы өндірісімен «Леңгер май» жеке кәсіпкерлігі айналысады. Одан басқа, 2010 жылы «Бағдаулет-1» ЖШС ашылып өзінің бірінші өнімін бере бастады.

«Әсель» ӨК 2012 жыл бойында 687,2 млн.теңге сомасында өнім шығарған (2011 жылға қатысты өсу көрсеткіші 1,3% құрады). Мекеме үнемі шығарып отырған өнімінің ассортиментін үнемі жаңартып отырады, жаңа өнім түрлерін шығару бағытында жұмыс жүргізеді. Кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемі 2013 жыл басынан 50 тоннаны құрады. Шығарып отырған кондитерлік өнімдер ассортименті тұтынушылар сұранысына бағытталған.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импорттық өнімдерді табиғи жергілікті өндірістердің өнімдермен алмастыру есебінен тамақ өнімдерін өндіру көлемін арттыру жоспарлануда. Азық-түлік өнеркәсібінде 4 инвестициялық жобаларды және 1 тоқтап қалған мекемені қайта іске қосу есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда:

1) «ППР Қызыл Жар» ЖШС құс фабрикасын салу жобасы. Жоба құны 300 млн теңге. Қаржы өз қаражаттары есебінен шешілген. 8 га жер телімі берілген. 1 және 2 блокттардың құрылысы аяқталды. 3,4 блоктардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1 және 2 блоктарға құрал жабдықтар орнатылуда. 3 және 4 блоктардың құрал жабдықтары әкелінбеген. Әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Жоба 2013 жылдың қараша айына іске қосылады деп жоспарланған болатын. Алайда, жоба басшыларының берген уәделерін орындамауына байланысты, құрылыс биыл бітпейді. Жобалары бойынша ұңғыма (құдық) қазылып, су шығарылған. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында су құбырын жүргізуге әкімдік тарапынан бірнеше рет ұсыныс берілді. Ұңғымадағы су көлемі шілде айында азаятынына көздері жетіп, қазіргі таңда қайтадан сумен жабдықтау жобасы жасалынуда. Бүгінгі таңда құс фабрикасына қажетті су құбырын тарту мәселесі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.

2) «Мөлдір тау бұлағы» ЖШС Алатау ауылдық округінде тауарлы сүт фермасын салу және жеміс шырыны мен асхана су шығаратын цехтарының құрылыстары бойынша құрылыс жұмыстарын бастады. Асханалық су шығаратын цехының құрылысы аяқталып, өнім шығып жатыр. Бүгінге қосымша екінші желісі іске қосылды. 23 адам жұмыспен қамтылды.

Жоба бойынша

- 2 кезеңде 1000 бас сауынды сиыр алынып, сүт фермасын дамыту 2014 жылдың қазан айында іске қосылады. Тауарлы сүт фермасы толығымен механизацияланған болады.

- 3 кезеңде тәуілігіне 5 тонна сүт және 2 тонна ет өңдейтін цехтары 2015 жылдың қазан айында іске асырылады.

Жалпы жоба құны 797 млн теңгені құрап, 70 адам жұмыспен қамтылады. Кәзіргі таңға монтажды жұмыстар жүріп жатыр. Толығымен жоба 2014 жылдың қараша айында іске қосылады деп күтілуде.

3) «Алтын дән» ЖШС 5,0 га жер теліміне жаңа Голландтық технологиялар бойынша жылыжай салу жобасы. Жоба құны 5,0 млн АҚШ доллары.

4) «Атамекен корпорациясы» ЖШС- 2 000 басты мал бордақылау аланын және 35700 кв. м. жылыжай салу жобасы.

Ауданда тоқтап тұрған «Мария апа» ЖШС ет өнімдерін өңдейтін цехын іске қосу бойынша «Максимум» АИО» ЖШС –ның басшылары мен аудан әкімдігімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2009 жылы «Максимум» АИО» ЖШС арқылы 86,5 млн теңге несие алып, жұмысын бастаған «Мария апа» ЖШС тәуілігіне 5 тонна ет сою бекетін, тәуілігіне 3 тонна ет өңдеу цехын және 200 бас қара мал бордақылау алаңдарын іске қосып, 2010 жылы айналым қаражаттары жетіпсеуіне байланысты тоқтап қалған болатын. Бұл мекемені қайта іске қосу арқасында 25 адамды жұмысқа тарту мүмкіндігі туындайды.

«Максимум» АИО» ЖШС басшылары «Мария апа» ЖШС басшысын сотқа беріп, оң қортындысын алды. «Мария апа» ЖШС – ден «Максимум» АИО» ЖШС –ның алдындағы қарызын төлету және лизингкке алынған құрал-жабдықтарды қайтару жөнінде сот шешімі (28.12.2012 ж. №2э-5302/12) 2013 жылғы 18 наурызында күшіне енді. «Мария апа» ЖШС-нің ғимараттарын сату мақсатында сатып алушылар, инвесторлар іздестірілуде. «Мария апа» ЖШС-нің ғимараттарын сату мақсатында «Береке-А Корпорациясы» ЖШС басшыларына және басқа да кәсіпкерлерге ұсынылды.

Сондай-ақ, қайта іске қосу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан потенциалды инвестор ретінде қызығушылық танытқан «Береке-А Корпорациясы» ЖШС-гі анықталып, «Максимум» АИО» ЖШС-не ұсынылды. Бүгінгі таңда «Береке-А Корпорациясы» ЖШС басшыларынан жауабы күтілуде.

Аудандағы тамақ өнеркәсібінің потенциалы бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз етуге, ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім түрлерімен шығуға мүмкіндік береді.
Жеңіл өнеркәсібі бойынша жергілікті шикізатты (жүн мен тері) пайдаланатын өндірістерді дамыту көзделуде. Жаһандық экономикалық дағдарыс әсерімен және тоқыма өнімі нарығының тарылуымен өндірістің нағыз төмендеуін басынан кешіп отырған – ауданның жеңіл өнеркәсібі (тоқыма және тігін өнеркәсіп). 2012 жылы 29,6 млн теңгеге өнім өндірілген. Ауданның жеңіл өнеркәсібі келесі мекемелерінен құрылған: «УППКОС» ЖШС, «Снабди Казахстан» ЖШС.

2013-2015 жылдар аралығында жүн мен тері өндірісінде өнім өндіру көлемі жыл сайын орташа 6,7%-ға өсуі болжамдануда. Бұл салада бір инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда - «Бірлік» ЖШС тері өңдейтін цехы. Жылына 2 000 данаға дейін елтірі терісін өндейді.

Өндірістің төмендеуі бірқатар бұйымдар өндірісін азайту есебінен орын алды. 2000 жылға дейін жұмыс істеген «Үміт» және «Шұғыла» АҚ –ның құрал жабдықтарының ескіруінен, шыққан өнімінің өзіндік құны жоғары болуынан және айналым қорларын жетіспеушіліген банкротқа ұшыраған.
Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру саласында 2012 жылы 54,4 млн теңгеге өнім өндірілді, 2011 жылы - 44,4 млн теңгенің өнімі өндірілді.

2013-2015 жылдар аралығында қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру көлемі жыл сайын орташа 20,8 пайызға өсуі көзделген. Жалпы 2015 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 46 пайызға өседі деп күтілуде. Бұл өнім көлемі баспа және терілген материалдарды қайта өңдеп шығару. Осы салада «Баспахана» ЖШС, «Полиграф-206» ЖШС жұмыс атқарады.


Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру. 2013-2015 жылдар аралығында өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 8,4%-ға өсуі болжамданған. Салада 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

  1. «Леңгер қыш» ЖШС күйдірілген қыш шығару зауытының құрылысы. Жоба құны 95,0 млн теңге, қосымша 20 адам жұмыспен қамтылады. Тәуілігіне 10 мың күйдірілген қыш шығарылады. Құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2013 жылдың қараша айына дейін іске қосылады деп жоспарланған. Аудан әкімдігінің 2013 ж. 06 қыркүйектегі №506 қаулысымен Момынай елді мекеніндегі арнайы жер қоры құрамынан жалпы көлемі 2,0 га жер учаскесі берілді. Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегіне қыш зауытың салу жобасы бойынша қоғамдық экологиялық тындаулардың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда қыш зауыт құрылысының қабылдау құжаттары рәсімделуде.

  2. «Муслим+К» ЖШС 130,0 млн дана кірпіш ондіретін керамикалык зауыт және 2500 тн тамактык көмірқышқыл газын өндіруді ұйымдастыру жобасы. Жоба құны 700,0 млн теңге. Жаңа 200 жұмыс орны ашылады.

Металлургия өнімдерін өндіру саласында 2012 жылы 143,9 млн. теңгеге өнім шығарған, 2013-2015 жылдар аралығында металлургия өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 21-25%-ға өсуі болжамданған.
Машина құрылысының саласында 2012 жылы 41,9 млн. теңгеге өнім шығарған, оның нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 58,9% құрайды.

Машина жасау саласы 2013-2015 жылдар аралығында өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 15%-ға өсуі болжамданған.

Қазіргі әлемде дамыған көп салалы машина құрылысының кешендері экономикалық түгелдей дерлік салаларын қайта қаруландырудың техникалық базасы болып табылады.

Ауданда машина құрылысымен «ЛМЗ» ЖШС ауылшаруашылығы өндірушілеріне және мұнай саласындағы бұрғылау қондырғыларының құрал-жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысатын мекеме.

Салада бір инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

- «ЛМЗ» ЖШС вагондар шығару цехтарын іске қосу бойынша ұсынып отырған жобасын әрі қарай жылжытып, «Самұрық қазына» АҚ бірлесе жұмыс жүгізу.

Технологиялық саябақтың бірыңғай мүмкіндіктері аудан және облыс экономикасының көптеген өнімдерге және қосалқы бөлшектрге сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар.

Мекеменің негізгі шешімін таппай отырған мәселелердің бірі, өнімдерінің шығару барысында ұзақ мерзімді келісім шарттардың болмауы, тапсырыстардың азаюы.


Жиһаз өндіру. 2013-2015 жылдар аралығында жиһаз өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 8,7%-ға өсуі болжамданған.
Электр энергиясы 2013-2015 жылдар аралығында электр энергиясының өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 11,8%-ға өсуі болжамданған.

Ауданындағы индустриалық аймаққа (ИА) бөлінген 30,0 га жер теліміне «ДСТО-Solar» ЖШС қуаттылығы 10 мВт күн көзінен алынатын электростанция орналастыру бойынша әкімшілікпен 30.10.2013 жылы келісім шарт жасалынды. Жоба құны 4,5 млрд теңге, 2015 жылы іске асырылады. Жұмыспен 20 адам қамтылады. Бүгінге «ДСТО-Solar» ЖШС-нің басшылары құрылыс бойынша жобаларды әзірлеуді бастады.

Одан басқа жобалар:


  • «Мұнайинвестминт групп» ЖШС 400 млн теңгеге қуаттылығы сағатына кіші 2 Мвт ГЭС салу жобасын іске асыру;

- Қасқасу елдімекеніндегі Сайрам су өзенінің бойынан кіші «Төлеби ГЭС» салу жобасы.

- «Seikhun» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Төлеби ауданына қарасты Сайрамсу өзенінің аумағынан шағын су электр станциясының салу жобасы.


Индустрияландыру бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістерді жүзеге асыру есебінен нақты сектордағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылы 41,1 пайызды құрайтын болады. Индустрияландыру картасына сәйкес 2014-2015 жылдары жалпы инвестиция көлемі 1192,0 млн теңгені құрайтын 3 жаңа жобалар іске қосылуы көзделіп отыр.

1) «Леңгер қыш» ЖШС күйдірілген қыш шығару зауытының құрылысы. Жоба құны 95,0 млн теңге, қосымша 20 адам жұмыспен қамтылады. Тәуілігіне 10 мың күйдірілген қыш шығарылады.

2) «ППР Қызыл Жар» ЖШС құс фабрикасын салу жобасы. Жоба құны 300 млн теңге.

3) «Мөлдір тау бұлағы» ЖШС асханалық су шығаратын цехының және тауарлы сүт фермасын салу жобасы. Жалпы жоба құны 797 млн теңгені құрап, 70 адам жұмыспен қамтылады.


Агроөнеркәсіп кешендерін (АӨК), тамақ өнімдерін дамыту, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсіптерін және құрылыс индустриясын дамыту аудан экономикасын үдемелі диверсификациялауда даму басымдықтары болып қалыптасады.

Болжамдық мәліметтерге сәйкес, 2013-2015 жылдарда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 22%-ға өсуі көзделген. 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 55%-ға артады.


Агро-өнеркәсіп кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет