Төлеген Көңілжан. Оқыту үдерісі кезеңі. 3-күннің тапсырмасы



Дата12.09.2022
өлшемі26.28 Kb.
#460576
Төлеген Көңілжан 3- күн Саралап оқыту 19.08.20ж


Төлеген Көңілжан. Оқыту үдерісі кезеңі. 3-күннің тапсырмасы. 19.08.20ж.
«1.2.Оқыту үдерісінің әртүрлі кезеңінде саралап оқытуды қолдану ерекшеліктері» ресурсын оқып шығып, оқыту кезеңдерін сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз:
1.Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
1.b) түрлі анализиторларға ( көруі, есту, қозғалу) сүйену;
2.с) оқушылардың алдыңғы білімдеріндегі ерекшеліктерге мән беру;
2.Соңғы нәтижеге бағдар жасау кезеңі.
1. а) әлсіз оқушыларға жеткілікті көлемде уақыт бөлу;
2. d) оқушының жеке мүмкіндігі мен қабілетін ескеру;

«1.3.Мазмұн, үдеріс, бағалау және оқу нәтижелері бойынша саралап оқыту» ресурсын оқып шығып, нәтиже бойынша саралаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін берілген кестеге толтырыңыз.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Жоспарлауға жеңіл;

Тиімді жоспарланған жиынтық бағалау сыныптағы оқушылардың түрлі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

  • Өз оқуларында қолдауды қажет етпейтін оқушылар мүмкіндіктерінің шектелгенің байқайды;

  • Диагностикалық бағалауға уақыт аз бөлінеді;

  • Оқушылар өз жұмысын сыныптағы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырмалы түрде қойғандықтан сәтсіздіктен қашу мүмкін емес;

  • Кейбір нәтижелер мінез-құлыққа да әсер етеді;


«1.5.Саралап оқыту стратегиялары» ресурсымен танысып шығып, Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Берілген стратегиялардың ішінде қайсысын тиімді деп ойлайсыз және неліктен?
Ойлан Жұптас Бөліс Оқушыларға алдымен тапсырманы орындау үшін мәтінді жеке оқу немесе мәселе төңірегінде ойлану тапсырылады. Олпрға ойланып, рефлексия жасауға мүмкіндік беріледі. Сосын әрбір оқушыны жұптастырып, ойланған мәселе бойынша өз ойын бөлісуі сұралады. Жұптар өзара талқылап болған соң, өздерінің ойын басқа жұптармен бөлісіп, үйренгенін ортаға салады.
Екінші бір тәсіл ол Көпірше карталар . Кейбір заттарға анықтама беру үшін бұл әдіс өте тиімді әдіс болып табылады.
Себебі бұл әдістер студенттердің ой өрісін тілдік жиынтықтарын өорларын, түсіну, ойлау, қабылдау әдістеріне көптен көмегін игізеді.
Ек әдістің де студенттер ересек топ болған соң, қатарлас жұптар бір-бірімен ойын анық айтып үйренуге, жұмыстарын алансыз, батыл қорғауға көмектесетін нағыз көмекші құралдар деп білемін.
2. Өз тәжірибеңізде қолданып жүрген саралап оқыту стратегияларына мысал келтіріңіз. Олардың тиімділігін қалай өлшейсіз?
Менің өз тәжірибемде қолданылатын саралап оқыту стратегияларының бірі –орыс топтарында «Бір минуттық эссенің» бір түрін шағын мәтін ретінде қолданамын. Себебі олардың ойлануына аударма жасауына,, терминдік сөздіктер, орфография бойынша жұмыс жасату, жақсы көмегін береді. Мысалы дұрыс сауатты жазуға, есте сақтау қабілетінің дамуына, тез қабылдап алуына жақсы көмекші құрал деп білемін.Әрі өзара диалогтік қатынас құрып, артынан қорытынды жауабына жақсы көмектеседі.100 пайыз нақты толық болмаса да, студенттер қткізіліп отырған тақырыптың, қандай мағынада өткенін, не үшін бұл шағын мәтіннің қажетін қолданатынын түсінеді. Шағын мәтінді айту барысында да акценттері де байқалады, сонда да аударма жұмысы арқылы өздерінің қызығушылықтарын оятады.
Тағы бір әдістің түрін саралап оқытуда қолданамын.Ол «Көңілді караоке» әдісі. Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында қазақ вальс өнерінің каролі Шәмші Қалдаяқовтің әндерін бүкіл экранмен жаңа технологияны қолдану арқылы ән айтамыз, қайталаймыз, мағынасын танумен , сұрақ-жауап, «Екі жұлдыз бір тілек» әдісін қолданып, қызықты өткіземіз. Бұл мен сабақ беретін топқа қатты ұнайтын қызығушылықты оятатын әдістің бір түрі. Себебі тілдерінің тез жаттығуына, сөз тіркестер,і бірігу, арқылы жасалған күрделі сөздер мен ауыспалы мағынадағы сөздер, аударма сөздік арқылы жұмыс жасатып, есте сақтау қабілеттерін жақсы көмегін береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет