Төлепбай Балнұр Асанқызы «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі



Дата08.01.2024
өлшемі2.34 Mb.
#488632
Төлепбай Балнұр Асанқызы

Төлепбай Балнұр Асанқызы

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі

Өмірбаян

Мен Төлепбай Балнұр Асанқызы 16.04.2001 жылы Жамбыл обл.Қаратау қаласында дүниеге келдім. Ана тілім-қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін. 2006-2018 жылдар аралығында №53 мектеп- гимназиясында оқып, аяқтадым. 2018-2022 аралығында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын оқып, тәмамдадым. Қазірде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша магистратура бөлімінің 1-ші курс студентімін.

Оқытуда қолданатын әдістерім:

  • «Айна»
  • Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
  • «Айналмалы бекеттер»
  • Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.
  • «Айырмашылығы неде?»
  • Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
  • «Аквариум» әдісі
  • «Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
  • Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.

«БББ»

«БББ»

  • Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
  • Олар нені білгісі келеді?
  • Олар нені білді?
  • Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
  • Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
  • Бастапқы танысу

  • Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.
  • Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.

Ашық сабақтан кейінгі сурет

№13 Мектепте практикада болған кездегі ашық сабағымның үлгісі:

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет