Томар селолық округінің әкімі С.С.Ильяшевтің 2015 жылы атқарылған
жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі
Мен, ауыл әкімі ретінде өткен бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде өз есебімді назарларыңызға ұсынамын.Есепті кезең өзіне тән ерекшеліктері мол,қызығы мен қиындықтары да бірге,тартымды жыл болды. Көктемгі Республиканы әуреге салған су тасқыны бізді де айналып өтпеді,ауылдың бірігіп әрекетенуінің арқасында бұл апаттан аман қалдық,қайта апат болған ауылдарға көмек қолын создық.Жаздың аптап ыстығындағы дала өрті талай шұрайлы жерімізді күл қылып кетті,осы апатта да ауыл бірлігін көрсетті. Жылдың бітуіне 5-6 күн қалған да мектебіміздің жылыту пеші жарылып ат құлағы көрінбейтін боранда,жол ауыр кезеңде тағы да сынаққа алды.Осы кезде аудан басшысынан бастап,мекемелер ауылдың ер мұғалімдері,ауылдың ер азаматтары,әкімшілік мамандары табиғаттың асау мінезіне қарсы тұрып 3 күн ішінде пешті орнатып іске қосты.Бірліктің алмайтын қамалы жоқ екеніне көз жеткіздік.Осы жұмыстары үшін бізге тілектес болған,бірге жұмыс атқарған азаматтарға алғыс айтамын.
Өздеріңізге белгілі ауыл әкімдігі өз жұмысын ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАХАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР,ДАМУ атты Қазақстан халқына
Жолдауын басшылыққа ала отырып,ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламасымен аудан әкімі Х.М.Мақсұтовтың елді мекендерді аралау кезінде берген тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп отырады. Ауыл әкімдігі өзінің жұмыс бағдарламасында төмендегі мәселелерге баса назар аударып, олардың орындалысын қатаң бақылауға алып отырады. Олар – халықты мүмкіндігінше жұмыспен қамту, білім беру,мәдениет және денсаулық ошақтарының қалыпты жұмыс атқаруына жағдай жасау, кедейшілік деңгейін азайту,шағын бизнес субъектілерінің жұмысын кеңейту және жаңадан ашу, бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау, ауылға инвестиция тарту болып табылады.
Томар селолық округі бойынша 729 адам тұрады. Олардың 399 экономикалық белсенді топтар санатына жатады. Округте – 1 орта мектеп, 1-ОДА, 1-кітапхана, 1 - пошта,
1-мешіт,1 – Қазақтелеком 1 - «Билайн» ұялы байланыс жүйесі бөлімшесі жұмыс жасайды.
Томар селолық округі аумағында 18 қыстақта 65 адам жеке негізде мал өсіруімен шұғылданады.
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 13 шаруақожалығы,8 кәсіпкер жұмыс жасайды.Өткен жылы жаңадан 1 шаруақожалығы құрылды.Бұларда 170 адам еңбек етеді. Екі шаруашылық егін салады,биылғы жылы
1037 га жерге егін егіліп ,әр гектарынан 2,6 цн айналып 153 тн өнім алынды, 453 га егін ауа райының қолайсыздығынан шықпай есептен шығарылған.
Мал басының өсуі жылдан –жылға артып келеді, 2016 жылдың 01 қаңтарына ірі қара – 2065 басқа, жылқы – 1953 басқа өссе, қой мен ешкі – 6359 басқа жетіп отыр.Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара – 98 басқа, жылқы – 93 басқа көбейіп , қой мен ешкі – 683 басқа азайған.Мал тұқымын асылдандыру мақсатында екі шаруақожалығы асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етілген,олар «Бөрке», «Айыртас» шаруақожалықтары.Мал ауруларының алдын алуға байланысты эпизотияға қарсы бағдарламалармен,ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп отырады.Бұл салада 3 ветеринар жұмыс жасайды автокөлікпен қаматамасыз етілген.Мал басын бірдейлендіру жұмыстары толығымен орындалып,компьютерлік базаға енгізілді.
Мал шаруашылығы саласына қазіргі заманға сай мал өсіру технологиясын енгізе алмай келеміз. Оған кедергі мал шаруашылығына берілетін несиелер мен субсидиялардың қол жетімсіздігі, екінші бөгет мал қораларының ескілігі жем шөбінің жетіспеушілігінің әсері бар. Жалпы селолық округ бойынша мал басының көбі жеке секторда екенін атап өткім келеді. Ауыл шаруашылығын дамытудағы жұмыстардың көзге көрінбеуі мал басының жеке секторға тиесілі болуынан, үкімет тарапынан беріліп жатқан несиелер мен субсидиялар жеке секторға берілмеуінен. Біздің жерде негізінен қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Егер осы саланы дамытсақ, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, ауылдың кіріс көзіне айналады, үшіншіден малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді. Біздің негізгі бағытымыз мал шаруашылығы болғандықтан, осы саланы индустрияландыру өңірдегі жұмыстың жаңа келбетін қалыптастырар еді.
2015 жылы ауылда тіркелген шаруақожалықтарының ешқайсы мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан жоқ. «Сыбаға»,«Құлан», «Алтын асық», бағдарламаларымен несиеге ұмтылған шаруақожалықтары болмады.Экспортқа ет тапсыруда шаруақожлықтары мен тұрғындар сенімсіздік білдірді.Лизингка техника алу жоспары да орындалмады. Сол себепті де ауылда шаруақожалықтарының дамымай қалуының бір факторы болып тұр.
Шағын және орта бизнес өкілдерін, шаруа қожалықтарын үкімет тарапынан беріліп жатқан несие, субсидия сияқты көмекті алуға ұмтылып шаруаны осы заманға сай дамытуға шақырамын. Сонда біз даму әлеуметі жоғары елді мекенге айналамыз.
Бізге аудан деңгейінде азық-түлік нарығының ортасында болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін мынандай жұмыстар атқару керек:
-
Егістік алаңын ұлғайту керек,мұндай мүмкіндік бар,мол өнім алу үшін ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен көтеруге болады.
Ауылда мал бағымын ұйымдастыру әсіресе жылқы малын,жеке мал иелері бірігуі керек.
-
Мал шаруашылығында фермерлік шаруалар мал тұқымын асылдандыруға жұмыс жасау керек.
Бұған да үкімет көп көңіл бөліп отыр.Мал шаруашылығында жем-шөп базасын құру үшін мүмкіндік мол.
Ауыл шаруашылығы өніміне жақсы сұраныс,ол сапалы болғада ғана туындайды.
Шара көрмесек ескі мал өсіру тәсілімен артта қалып қоямыз.Ағымдағы жылы ауылшаруашылық саласы бойынша белгіленген жұмыстар толығымен орындалды,оған дәлел жоспарлы диагностикалық зерттеу,мал басын бірдейлендірудің барлық түрінен,
эпизотияға қарсы шараларды уақытында жүргізгеннің арқасында бруцеллез,туберкулез,
жұқпалы аурулар селолық округ бойынша тіркелген жоқ.
Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың саны азайды.Әр түрлі сала бойынша 6 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. Ауылда малы жоқ 10 отбасы бар.
Жалпы округ бойынша 2 дүкенмен негізгі азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға ауыл әкімдігімен меморандум жасалған.
Балалар жәрдемақысы жыл бойы ,орташа есеппен 13 отбасына төленіп келді.Атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасына төленді.Әлеуметтік салада кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы, әйтпесе атаулы әлеуметтік көмек есебінен шешуге бойды үйрету дұрыс емес. Ол үшін мемлекет 2011-2020 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын ұсынып отыр. Жұмыссыз жүрген ауылдастарды осы бағдарламаның төртінші кезеңі 2016 -2020 жылдарға арналған кезеңіне қатысуға шақырамын. Бұл бағдарлама жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант береді сонысымен құнды. Осы бағдарламалардың барлығының түпкі мақсаты, талай жылдан бері жұмыстан қол үзген адамдарды еңбекке тарту, масылдықты еңсеру. Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырғандар біздің экономикамыздың тұрақтылығын ұстап отырғандар.
Білім беру саласында 1 орта мектеп жұмыс жасайды.2010 жылғы оқу жылынан шағын орталық жұмыс жасайды.Бұнда 3 адам жұмысқа тартылған.Бастауыш сыныпта оқитындар мен аз қамтылған отбасыларының балаларына тегін тамақ берумен 1 кәсіпкер жұмыс жасайды,балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектепті интерактивті тақталармен,
компьютерлермен тағы да басқа жабдықтармен жаңалап қамтамасыз етуде аудандық оқу бөлімінен көмек керек.
Оқу тәрбие жұмыстарының деңгейі жалпы мектеп бойынша орташа,2015 жылғы ҰБТ қортындысы төмен 69 %,бұл бағытта әлі де болса атқаратын жұмыстарымыз баршылық. Көптеген жұмыстарды ұйымдастыруда әсіресе жастармен ауылдағы мәдени ошағының болмауы кері әсерін тигізуде.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуде ОДА жұмыс жасайды.Типтік ғимаратта орналасқан. Биылғы жылы 7 сәби дүниеге келді.Ана мен баланың денсаулығы басты назарда.
Ауылда 1 кітапхана жұмыс істейді.Кітапханада - 15818 кітап қоры бар.Оқырман саны 440 адам,жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады.
Ауылдағы ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.Пошта байланысы қалыпты жұмыс жасап тұр.
2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 720 мың теңгені балалар ойын алаңын салуға жұмсалды.Бүгінгі күні мектеп жанында балалар ойын алаңы жұмыс істеп тұр.
2015жылы күл-қоқыс тазалау жақсы жүрді, жеке кәсіпкер Бекайдаров С. келісу арқылы ауылдан 2040 тонна күл-қоқыс шығарылды.Бұл жұмыстарды биылда атқарамыз.
Ауылда негізінен тұтастай жергілікті ұлт өкілдері тұратындығынан діни тұрақтылық орныққан,қазіргі уақытта ауылымызда дұрыс моралдық-психологиялық ахуал қалыптасып отыр.
Елбасы халыққа арналған жолдауында «мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс, мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға» - тиіс делінген.
Осыған орай мемлекеттік мекеме біршама жұмыстарды қолға алып жатыр.
Жергілікті басқару тұжырымдамасын қарап қоғамдық бақылау,жергілікті басқару органдарын құруға,осы кісілер арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру жағы қарастырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ерекше назар аударамыз.
Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастарды болдырмауға,азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуде нақты жұмыстар жасалуда.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның талаптары мен Ар-намыс кодексін сақтауды мемлекеттік қызметшілер басты назарда ұстайды. «Нұр Отан » партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы біздің негізгі құралымыз болады.
Мемлекеттік мекеменің жұмысын жүргізу үшін 2015 жылға бөлінген қаржылар программалар көлемінде заңға сәйкес толық игерілді.
Ауыл бойынша есептелген жер және мүлік салығы ,ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-де толық салынып жоспар орындалды.Баспасөзге жазылу селолық округ бойынша бақылаудағы басылымдар мен мерзімдік басылымдармен жоспар толығымен орындалды.
Құрметті ауылдастар, біз 2016 жылдың бірінші тоқсанына аяқ басып тұрмыз. Біздің басты міндеттіміз қысқы маусымды жақсы көрсеткішпен аяқтау. Қысқы отын толық түсірілді,мекемелер көмірмен толық қамтамасыз етілді,алдағы қыс маусымына толықтай дайын.Жем-шөп қыстақ басына толық тасылып, маяланды.
2016 жылға Томар ауылы бойынша төмендегі аталған жұмыстарды жүргізу
міндеті тұр:
-
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 694 (алты жүз тоқсан төрт) мың теңгеге көше жарықтандыру.
-
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуды қолға алу,шаруа қожалықтарына үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен субсидияларды алуға көмек жасау.
-
Ауылшаруашылық саласы бойынша асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының санын көбейту.
-
«Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша несиелер мен лизинг
техникалар алу жолдарын түсіндіру.
5. «Сыбаға», «Құлан» , «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал сатып
алуды ұйымдастыру.
6. Пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтарту.
7. Абаттандыру аясында күл-қоқыс шығаруды ұйымлдастыру.
Алдағы уақытта шешімін табатын мәселелерге мыналар жатады.
-
Елді мекен ауыз сумен толық қамтамасыз етілмеген,жер асты құбырлары әбден тозған,келешекте осы су құбырларын айырбастауға қаржы қарастырылса.
Ауыл әкім ретінде жұмысымның басты мақсаты ол ауыл тұрғындарын ауызбірлікте,
ұйымшылдықта ұстап,өз мәселемізді өзіміз шешуге жұмылдыру болып табылады.
Бүгінгі есебімде ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталдым. Есепті кезеңде, қандай да бір іс атқарайық, аудан басшылығының дұрыс қолдауы мен жанды көмегін сезініп отырдық. Алда атқарылар істер баршылық. Ол шаруаларды іске асыруда ауыз бірлікпен жауапты жұмыс атқаруымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |