Топ: 402 Орындаған: Беркимбаева Қамажай Сынып


-тапсырма. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, кітап- хананы жаңа кітаптармен толықтыру туралы қаулы жазыңдар. 7-тапсырма



бет3/3
Дата04.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#461936
түріОқулық
1   2   3
Беркимбаева Қамажай 402 (копия)

6-тапсырма. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, кітап- хананы жаңа кітаптармен толықтыру туралы қаулы жазыңдар.
7-тапсырма. Екі топқа бөлініңдер. Төмендегі Абайдың өмірбаянын үлгі ретінде алып, Абылай хан мен Құрманғазының өмірбаянын жазыңдар.

(6-сынып, 84-бет)
8-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды қатыстырып, ауызекі стильде диалог құрыңдар. Тілдік ерекшеліктерін салыстырыңдар.

Қазақстан аумағында ірілі-уақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сыр- дария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына Ертіс өзені жатады.


Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сарыөзен, Қараөзен т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Тор- ғай, Ырғыз, Талас өзендері кіреді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б. өзендер кіреді.
(«Қазақстанның физикалық географиясынан»)
(6-сынып, 107-бет)


9-тапсырма. Мәтіндегі ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін ажыратыңдар.

Аққұл атамыздың немере інісі Дембай ұлды болды. Көп уақыт бала көтермей, нәресте сүймей, әбден қайғырып жүре- ді екен. Түн ұйқысын төрт бөліп, тілек тілеген кездері болып- ты. Содан әйелі толғатып, босанар күні Дембай бүріскен тор- ғайдай үй сыртында бір уыс болып, үнсіз отырып алыпты. Іш- тегі әйелдердің бірі жүгіріп шығып, «ұлды болдың, сүйінші!» дегенде, Дембай әлгі әйелді құшақтай алып, егіліп жылапты.


Біздің ауылға да сүйінші сұрап, елбе-делбесі шығып, бір бала жүгіріп келді.
– Сү-йінші, сүйінші! Де-ем-б-ай кө-ке-ем ұлды болды, – деп, әрең айтты. Содан соң ол Айша әпкеме тілегін білдірді.
– Аққұл атам сізге сәлем жолдады.
Біздің үй тайлы-таяғымен кө- терілді де, Жантөре мен Айша әпкеме еріп, Аққұлдың ауылына бет алды. Ауылдың ошағынан бу- дақтаған түтін молайыпты. Ша- масы, шілдехана тойын бүгіннен бастамақ сияқты.Тұс-тұстан құтты болсын айтуға келген адамдар мол жиналды. Әйелдер дастарқан көтеріп,мәре-сәре болысып жатыр. Олар жұртқа бауырсақтан шашу шашып, ерекше қуанысады.


10-сынып. Ресми сөздер мен дайын тіркестерді, терминдерді орынды қол- данып, «Бүкіләлемдік көрмелердің адамзат тарихындағы рөлі қандай?» деген тақырыпқа сұхбаттасыңдар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет