Төтенше жағдайлар департаменті Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп



бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.51 Mb.
#7202
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП

Өскемен қаласы

желтоқсан, 2012 жыл

  1. Міндеттер

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі 2012 жылы азаматтық қорғаныс, қауіп-қатерлерді азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің денгейін жоғарлату бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты орындауға бағытталды.

Алға қойылған міндеттерді кезеңмен орындау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі алқасының қаулыларынан шығатын, сондай-ақ ҚР ТЖМ Операциялық жоспарын, ҚР ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарын, ШҚО ТЖД бастығының жанындағы Кеңес шешімдерін, Қызмет туралы ереже орындау іс-шараларына негізділген. Сонымен қатар, өткізілетін шаралардың басымдылығы қалыптасқан жедел жағдайға байланысты анықталды.


  1. Төтенше жағдайлардың қысқаша салыстырма талдауы

2012 жыл басынан бастап облыс бойынша 2049 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2011 жылғы осы мерзімге қарағанда 11,3 пайызға аз, 2310 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға), ірі жол-көлік оқиғасын қоса алғанда, соның ішінде ТЖ 170 оқиға, өткен жылдың есептілік мерзімінен 16,3 пайыз аз, 203 оқиға. Бұл ретте 396 адам зардап шекті (2011 жылмен салыстырғанда 7 пайыз аз, 426 адам), оның 137 мерт болды (2011 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға аз, 148 адам). Алдын ала деректерге қарағанда толық материалдық шығын 2011 жылға қарағанда 496,6 млн. теңгеге көп, 493,6 млн. теңге

Число чрезвычайных ситуаций техногенного характера составляет 1604 случаев (78,3 % от общего числа ЧС).

Табиғи және техногенгдік сипаттағы ТЖ саны 1604 оқиғаны (ТЖ жалпы санынан 78,3 пайыз) құрайды. ТЖ басым бөлігі 89,1 пайыз өндірістік және тұрмыстық өрттерге келеді.

2012 жылы 1553 өндірістік және тұрмыстық өрттер орын алды. Онда 109 адам зардап шекті, 69 адам мерт болды. Толық матеиалдық шығын 470,2 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өрттер саны 5,8 пайызға азайды, 1649 өндірістік және тұрмыстық өрт, зардап шеккендер саны 21,1 пайызға, 86 адам өсті, мерт болғандарсаны 24,6 пайызға өсті, 52 адам, материалдық шығын 32,4 пайызға өсті,317,8 млн.теңге.

Есеп беру кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде 6 төтенше жағдай тіркелді (2011 жылдағы есептілік мерзімінен 50 пайыз көп, 3 оқиға), зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Есеп беру кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде 13 төтенше жағдайлар оқиғасы тіркелді (2011 жылдағы есептілік мерзімінен 7,1 пайыз аз, 14 оқиға), зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Барлық оқиғалар Өскемен қаласындағы су берумен байланысты болды.

15 қаңтарда Өскемен қаласында диаметрі 400 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде шамамен 35-40 абонент сусыз қалды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 2 тәуліктен кейін 17 қаңтарда аяқталды. ТЖ жоюға қатысқаны: «Өскемен-Водоканал» ЖШС 53 адамы және 23 бірлік техника. Сумен қамту толығымен қалпына келтірілді.

3 ақпанда Өскемен қаласында диаметрі 100 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде Защита кентінің 166 абоненті, №22 ОМ, теміржол вокзалы сусыз қалды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 7 адамы және 3 техникасы қатыстырылды.

4 ақпанда Өскемен қаласында тозуына байланысты диаметрі 400 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде Сәтпаев көшесінің 9 көпқабатты тұрғын үйлері, №34 ОМ, бөбектер үйі сусыз қалды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 10 адамы және 4 техникасы қатыстырылды.

5 ақпанда Өскемен қласында диаметрі 300 мм су құбыры жарылды. Аварияны жою үшін сумен қамтудан 24 көпқабатты үй ажыратылды (барлығы 2000 тұтынушы). Су тасу қамтамасыз етілді. Авариялық-қалыпқа келтіру жұмыстары бәр тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамту толығымен қалыпқа келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 13 адамы және 6 техникасы қатыстырылды.

7 наурызда Өскемен қласында диаметрі 400 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде 1654 абонемент сусыз қалды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 34 адамы және 16 техникасы қатыстырылды.

15 наурызда Өскемен қаласында диаметрі 150 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде 1654 абонемент сусыз қалды. Суды тасымалдау ұйымдастырылды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 14 сағаттан кейін аяқталды, сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 8 адамы және 4 техникасы қатыстырылды.

7 наурызда Өскемен қаласында диаметрі 400 мм су құбыры жарылды. Нәтижесінде 8600 абонемент сусыз қалды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 1 тәуліктен кейін аяқталды, сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді. ТЖ жоюға «Өскемен Водоканал» МКК авария бригадасының 34 адамы және 16 техникасы қатыстырылды.

9 қарашада Риддер қ. Айдарханов № 6 көшесінде «Водоканал» МКҚК 13 су тартқыш трассасында диаметрі 600 мм резеңке гидрокомпресатор технологиялық бүлінді. Нәтижесінде 5764 абонемент (1, 6, 7 аудандары, ДОСААФ ауданы, қаланың орталық бөлімі – жоғарғы қабаттар, 1 емхана, 1 балалар бақшасы, 1 колледж) сусыз қалды. Су жеткізу 4 су тасушылармен ұйымдастырылды. Жөндеу-қайта қалыпқа келтіру жұмыстары 1 тәуліктен кейін аяқталды, тұрғындар үшін суық су беру мен толтыру жүргізілді. ТЖ жоюға «Востокшахтострой» ЖШС авария бригадасы (15 адам және 5 бірлік техника) қатыстырылды.

2012 жылдың 17 желтоқсан айында Риддер қаласында Буров, 5 мекенжайы бойынша шаруашылық магистралдық ауыз су тартқыштың диаметрі 300 мм шойын құбырдың бүлінуі жөнделді. Зақымдану топырақтың маусымдық деформациялауынан және желілерді пайдалану мерзімінен бірнеше есе асып кету салдарынан орын алды. Ажырату туралы Буров, Перспективная, Дрейман көшесі бойынша 200 аса абонементтер алдын ала ескертілді, су жеткізу ұйымдастырылды. Зақымдану 2012 жылдың 18 желтоқсан айында жойылды.

Желтоқсанның 17 бастап 21 дейінгі аралықта жылу беру қазандығында тесіктің пайда болуына және Риддерлік ЖЭС жағармай беретін таспаның істен шығуына байланысты Риддер қаласының тұрғын үйлеріне жылу беру азайтылды. Жылу беру жүйелері ғимараттарда мұздатылған жоқ. Жылу беру қалпына келтірілді.

Жалпы техногендік сипаттағы төтенше жағдай 92 оқиғаға немесе 5,4 пайыз, 1696 оқиғаға азайды. Зардап шеккендер саны 195 адам (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 2,7 пайызға көп, 143 адам), оның ішінде 99 адам мерт болды (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 9,1 пайызға көп, 90 адам).

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай 445 оқиға тіркелді (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 27,5 пайызға аз, 614 оқиға). Зардап шеккендер саны 201 адам (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 29 пайызға аз, 283 адам), 38 адам мерт болды (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 34,5 пайызға көп, 58 адам).

Қаңтар, ақпан және желтоқсан айларында қатты боранның соғуына байланысты Шемонаиха, Семей, Үржар, Зырян, Зайсан бағыттарындағы қозғалыстағы жолдар жабылды.

1 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 149690 м3 көлеміндегі 27 қар көшкіні өздігінен түсті.

Есеп беру кезеңінде облыс аумағында 255 ірі табиғи өрт тіркелді (2011 жылға қарағанда 27,6 пайызға немесе 97 өртке аз, 352 ірі табиғи өрттер). Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ (2011 жылы 3 адам зардап шекті, мерт болғандар тіркелген жоқ). Материалдық шығын 26,4 млн. теңгені құрады. (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 85 пайызға аз, 176,1 млн. теңге)

Жалпы орман өрттер саны 218 оқиғаны құрайды (2011 жылға қарағанда 62 орман өрттеріне немесе 21,1 пайызға аз, 280 ірі орман өрттер, келтірілген зардаптың жалпы құны 25,9 млн. теңгені құрайды (2011 жылдың осы мерзіміне қарағанда 85 пайызға аз, 172,6 млн. теңге).

Есеп беру кезеңінде облыс су қоймаларында зардап шеккен туралы 35 хабарлама түсті ( 2011 жылға қарағанда 15 оқиғаға немесе 30 пайызға аз, 50 оқиға), зардап шеккендер 37 адам (2011 жылға қарағанда 21 адамға немесе 36,2 пайызға аз, 58 адам), соның ішінде мерт болғандар 37 адам (2011 жылға қарағанда 21 адамға немесе 36,2 пайызға аз, 58 адам)
1-бөлім. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-шаралары
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату.

Департамент табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату мәселелерінде қызметтің барлық бағыттары бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.



2012-2013 жж. қысқа дайындық.

Мына жоспарлар пысықталып, бекітілді: қолайсыз ауа-райы жағдайы және облыс жолдарындағы ТЖ кезіндегі жол ұйымдарының, ШҚО ішкі істер департаменті, ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің, ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы жеке құрамы, қалалар мен аудан әкімдерінің іс-әрекеттері; республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы бекеттер мен бағдарлардың орналасуы, ӨЖУ және ЖПУ бойынша ШҚО автомобиль жолдарын бекіту тізімі, «Облшығысжол» КМК ӨЖУ, «Қазавтодор» РМК ЖПУ, ШҚО республикалық маңызы бар жолдардағы жылыту бекеттерінің орналасуы туралы мәліметтер, ШҚО республикалық маңызы бар автожолдардағы ЖПУ, ЖПП және жылыту бекеттерінің орналасу сұлбасы.



2012 жылдың 24 қазанында облыстың ТЖ бойынша комиссиясының отырысында бірінші мына мәселе қарастырылды: «Қысқы кезеңде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, сонымен қатар автожолдарды дайындау».

МТЖ басқармалары мен ТЖ бөлімдеріне, энергетика мен ТКШ-ға 2012-2013 жж. қысқы кезеңге дайындық іс-шараларын өткізу туралы ақпаратты әр жұма сайын ұсыну туралы хат-сауал дайындалды. Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, қысқа дайындық бойынша іс-шаралардың кешені 100%-ға орындалды.

2012 жылы жоспарға сәйкес жөнделді:

- қазандық агрегаттар (100 Гкал астам) - 33 (85%);

- құбыр агрегаттары - 11 (78%);

- казандықтар (100 Гкал дейін) - 288 (100%);

- жылу жүйелер (км) - 699,7(100%);

- суқұбырлар мен канализация желілері  (км) - 755,5(100%);

- электр желілері - 3235(100%);

Жергілікті бюджеттен қаржыны бөлумен ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- білім беру нысандары (бірлік) - 729(100%);

-денсаулық сақтау нысандары (бірлік) -729(100%);

- әлеуметттік мәдени тұрмыстық нысандары (бірлік) - 15(100%);

-орталық жылу жүйесімен тұрғын үйлер (бірлік) - 4205(100%).

Есеп беру кезеңдегі қатты жанармай қоры құрайды:

-ЖЭС бойынша -182%;

- коммуналдық кәсіпорындар бойынша - 122%;

- бюджеттік мекемелер бойынша - 176%.

«ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ филиалы ШҚО ПБ қар көшкіні қауіпті кезеңнің келуіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін жоғарлату, қар көшкіні түсуінен ықтимал шығындарды төмендету және оларды алдын алу мақсатында келесі шараларды қабылдады:

1) Көшкiндер жиналыстарында қар жамылғыларының жағдайын бақылау үшін ТЖ алдын алу бойынша қар көшкіні болуы мүмкiн және дер кезiнде хабарлауға тиiстi шаралардың қабылдануы үшiн 24 қар өлшегiш - көшкiн бағыттар жасалып, 207 дистанциялық қар өлшегiш тақтайшалар орнатылатын;

2) 2012-2013 жылдарға қар көшкiн жұмыстарын iстегенде жұмысты ұйымдастыру және техника қауiпсiздiгiне арналған ережелер жасалып, тиiстi ұйымдармен келiскен;

3) Көшкiн қаупi мерзiмнiң басталар алдында Зырян ауданының Зубовск, Катон-Қарағай ауданының Собачья тауларында 60 дана қар тоқтату қалқандары жөндеуден өткізілген;

4) Көшкiн қаупi мерзiмі басталған кезде ТЖД-і қызметкерлерімен бірлесіп ТЖ аймаққа шығу үшін техниканың 6 бiрлiгі, 5 авария бригадалары дайындалған. 15 м3 отын дайындалды және 50 тонна тас көмiрi жеткізіліп алынды;

5) Кенеттен өз еркімен қар көшкiнiнiң түсу қаупін жою бойынша профилактикалық алдын алу жұмыстарын өткiзуi мақсаттарында 2012 жылдың 23 ақпаннен бастап 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін ЖШС Укатрансвзрывпроммен № 3 шарт жасалған;


6) Көшкiн қаупi мерзiмнiң басталуы алдында аудан әкімдеріне, ұйым басшыларына және жеке үй иесiне ТЖ аймағында орналасқан объектілерге және құрылыстарға ескертулер берілген. 25.11.2012 жылдан тұлғаларға аудандардың әкiмдерiне 10 ескертулерi және 266 жеке адамдарға жолданған;

7) Көшкiн қаупi бар бөлiмшелерге «АБАЙЛА КӨШКІН ҚАУПІ АЙМАҚ» жинағы - 50 дана ескертетiн қалқандар және плакаттар орнатылған;

8) көшкін қауіпті кезеңдегі техникалық қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқама өткізілді.

ҚР ТЖМ алқасының 2011 жылғы 08 шілдедегі № 7 қаулысының тармақтарына сәйкес 2012 жылдың 4 желтоқсанынан 7 желтоқсанға дейінгі кезеңде ШҚО ПБ филиалы қызметкерлерімен бірлесіп спортсмендердің және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Алтай Альпы», Глубокое ауданының «Изумрудный» демалыс орны, Зырян ауданының «Орел» шаңғы базасы, «СтарДаст» және «Эдельвейс» тау шаңғы базалары және Риддер қаласының «Вертикаль» демалыс орны тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Тексеру актілері жасалды.

«Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» автожолындағы 30-37 км демалыс аймақтарында, «Лениногорский» шипажайында және Риддер қаласының шаңғы тебу базасында қар жабынының жағдайы және жауын-шашыннан, боран және температуралық режімнің өзгерістерінен кейін күн сайын тексеріледі.

Алдын ала түсірулер үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен 9 млн.теңге бөлінді. 2011 жылдың желтоқсанына бастап 2012 жылдың наурызына дейін өздігінен қар көшкіні жүрмес үшін барлығы 43930 текше метр қар массасы түсірілді.

Есеп беру кезеңінде 145790 текше мерт көлеміндегі өздігінен 16 қар көшкіні түсті.

Көшкін қауіпті кезең бойынша ақпарат ай сайын 25-не дейін ҚР ТЖМ-ға және ТЖЖД-ға ұсынылды.

ШҚО ТЖД 2012 жылға арналған Жұмыс жоспарның 4 тармағын орындау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыс аумағындағы мұз өткеліндегі жағдайға бақылау ұйымдастырылған (Бұқтырма су қоймасы – Казнаковка өткелі, Ертіс өзені – Курчатов қаласы). ТЖАБ мұз өткелдеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша ТЖММ, ТЖБ және қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне хаттар дайындап және жолдады. 2011 жылдың 20-нан 22-желтоқсанына дейін Бұқтырма су қоймасындағы Казнаковка өткеліне комиссиялық тексеру жүргізілді.

Комиссиялық тексеру қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары – ТЖ облыстық комиссиясының төрағасының атына жергілікті атқарушы органдардың мұз өткелінде мұздың қатуына дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша қосымша шаралар өткізуі туралы хат дайындалды. Есеп беру мерзімінде аудандық комиссияның өткелдегі мұзды өлшеу нәтижелері бойынша салмағы 1,5 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысын шектеу туралы шешім қабылдады. 2012 жылғы 3 сәуірден бастап көлік құралдарының қозғалысы үшін мұз өткелдері жабылған.



Су тасқыны.

ТЖАБ 2012 жылғы тасқын қауіпті кезеңге дайындық туралы ақпаратты ұсыну туралы қалалық, аудандық басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына 2011 жылғы 24 қазанда № IН-3136/23-15-11 сауал дайындады.

2011 жылғы 18 қазанда ОТЖК төрағасы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша облыстық комиссия басшыларымен және мүшелерімен, және шақырылғандармен келесі мәселелер бойынша селекторлық кеңес өткізілді:

2012 жылғы тасқын қауіпті кезеңде ТЖ туындауының әлеуетті-қауіпті орындарын тексеру қорытындысы туралы;

2011-2012 жылдардың қыс кезеңіне энергиямен жабдықтау және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін және автокөлік жолдарын дайындау туралы. Осыған ұқсас кеңестер облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінде өткізілді.

Жергілікті артқарушы органдармен бірге 2012 жылдың көктемгі маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шығынды төмендетуге бағытталған су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын дайындау және жүзеге асыру бойынша мына жұмыстар жүргізілді:

1)АҚ ЖДБ бірлесіп әзірленген Облыстық әкімдік 2012 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген 2012 жылғы 17 ақпандағы №31 қаулы қабылдады. Осы қаулының орындалуына бақылау облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасына жүктелді.

2) Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға шұғыл ден қою үшін облыс аумағындағы қардың, мұздың және қардың еру қорына 2012 жылдың 29 ақпаннан бастап сәуірге дейін ғарыштық мониторинг жүргізілді, ал 1 сәуірден бастап тасқынға қарсы қатарлас облыстың аумағындағы жану ошағына мониторинг жүргізілді.

3) Гидротехникалық құрылыстар, өзендер мен су айдындарындағы мұз жүру жағдайына, сондай-ақ «Қазгидромет» гидробекеттер мен «Қазселденқорғау» ММ бақылаушыларынан ақпараттарды жинау арқылы негізгі өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейіне мониторинг жүргізіледі, ТЖД-ға күн сайын гидроболжам ұсынылады.

4) «Шығыс Қазақстан гидрометеорологиямен» 37 гидробекет және 29 метеобекет қою арқылы су басу қаупі кезінде жағдайды болжау және мониторинг жүргізу ұйымдастырылған. Метеобекеттер байланыс құралдары және автокөлікпен жасақталған. Барлық гидробекеттермен байланыс телефон, радиостанция немесе электронды почта арқылы байланысады. Ертіс өзені мен оның сағаларында 12 қабылдау бекеттері жұмыс істейді. Наурыздың үшінші онкүндігінен бастап облыс су қоймаларында тәулік бойғы кезекшілігі бар бақылау бекеттері қойылған. Онкүндік сайын 1 наурыздан бастап ТЖД-ға ШҚ Метрология орталығынан облыстың жазықтықтағы қар қорлары туралы және ай сайын – таулы аймақтағы қар қорлары туралы ақпарат келіп түседі.



Облыс әкімінің 2012 жылғы 10 қазандағы №242 өкіміне сәйкес облыстық және аумақтық ұйымдардың мамандарынан құрылған су шаруашылығы объектілерін тексеру бойынша 4 жұмыс тобы құрылған (полковник С.М. Садықов 2-ші топты басқарды). № 2 топпен 2012 жылғы 17 қазаннан бастап 20 қазанға дейінгі мерзімде Бородулиха мен Шемонаиха аудандарының гидротехникалық құрылыстарын көзбен қарау жүргізілді. Қарау бойынша акт пен анықтама дайындалды. Төрт топпен барлық облыс аумағындағы су шаруашылығы объектілерін тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер дайындалды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша әкімдіктер мен баланста ұстаушыларға ұсыныстар берілді. Тексерудің жиынтық актісі облыс әкіміне жіберілді.

2. ҚР Үкіметінің қорынан тасқын қауіпті өзендердің жағасын нығайту жұмыстарына 2012 жылы қаржы бөлінген жоқ.

2012 жылдың жаз маусымы бойы облыстың қалалары мен аудандарына өзендердің арналарын және арықтарды қоқыстан, өсімдіктерден тазалау, қажет болған жағдайда суды өткізетін құрылыстардың түбін тереңдету және тазалау, жағаларды нығайту жұмыстары бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы хаттар жолданды.

Қалалар мен аудандардан келіп түскен ақпараттардан келесі іс-шаралар өткізілді:

Глубокое ауданы бойынша өткізілді:

Глубочанка өзенінің арнасы тексерілді, арналарды бұтақтардан, қоқыстан тазарту; Белоусовка, Кожохово, Опытное поле, Глубокое кенттеріндегі арналарды бұтақтардан және ұсақ бұтақшалардан тазарту; қысқы кезеңде мұз болып қатуға шалдыққыш өзендер мен арықтарды есепке алу.

Өскемен қаласы бойынша өзекті мәселелер болып Махавка өзеніндегі бөгет ағаштарында пайда болған шұңқырлар табылады. Арнайы ұйымдардың бөгет ағаштарына жүргізген зерттеулерінің қорытындысында диаментрі 1,5 метрге дейін және тереңдігі 2 метрге дейін жететін шұңқырлар Согра кентінің тұрғындары мен бөгеттердің қауіпсіз жұмыс істеуіне қауіп-қатер тудыратыны анықталды. Ағымдағы жылдың шілде айында бөгет

Семей қаласы бойынша Семей қ. Затонский бөлігінің су бұрғыш жыралары арналарының түбін тереңдету мен бекіту жіне тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді және жыралар арналарындағы су өткізгіш іргетастардың ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, жоспарға сәйкес жұмыстар 2012 жылдың қазан айында аяқталады.

Бесқарағай ауданы мен Курчатов қаласы бойынша жыл сайын су тасқыны жағдайы тұрақты. Су тасқының алдын алу бойынша іс-шаралар ғимараттардың шатыры мен нөсер канализацияны тазалаумен ғана шектеледі.

Зырян ауданы бойынша:

Соловьев ауылының республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінің (16 км) қайтадан су басуын алдын алу үшін Беревовка өзенінің және арықтардың арналары тазаланды, ұзындығы 70 метрлік қорғаныс бөгеті салынды; Жаңа Бұқтырма кентіндегі арықтарға тереңдету және тазалау жүргізілді;

Зубовска кентінің ауданындағы Бұқтырма өзенінің сол жақ жағасы бойынша өзендегі судың негізгі ағынын реттеу және бағыттау үшін ірі тасты блоктан ағынды бағыттайтын үш тістер салынды, ал оң жақ жағалауда ауылдың су басуын алдын алу үшін қосымша шеңбер салынды; жағаны нығайту бөгеттерін салумен Быкова ауылындағы атаусыз жылғалардың және Северное ауылындағы Смолянка өзенінің арналарын тазалау және түзету жүргізулуде

Аягөз ауданы бойынша қоқыстар мен өсімдіктерден жыралар мен каналдарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізулуде. 

Ұлан ауданы бойынша 2012 жылы Үнірді, Сағыр, Шібіке, Төлеген өзендерінің арналарының жағасын бекітуге, тазалауға, түзетуге арналған ЖСҚ дайындалды.

Бородулиха ауданы бойынша өзекті мәселелер болып Красноярск ауылдық округінің Уба өзеніндегі бөгеттердің жағасын нығайту табылады. Аудандық әкімшілік бірнеше рет 6,5 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім тапсырды, бірақ сол қаржы бөлінген жоқ. Жағаны бекіту бөгеттерін салуға қажет толық сома 130 млн. теңгені құрайды.

Күршім ауданы бойынша 2012 жылы 6 млн. 420 мың. теңге көлемінде аудандық бюджет қоры қаражатынан Маралды, Қайынды, Қалжыр, Күршім, Теректі өзендер арналарын түзету мен жағаны бекіту жұмыстары жүргізілді.

Жарма ауданы бойынша 2012 жылы 7 млн.545 мың. 689 теңге сомасына Шар және Ханым өзендердің арналарын тереңдету, түзету жүргізілді.

Риддер қаласы бойынша Филипповка өзенінде арналарды тереңдету мен түзету жүргізілді, жалпы сомасы 3179,7 мың. теңгеге ұзақтығы 300 метрлік жағалық сызық ұзартылды.

Зайсан ауданы бойынша 4239,6 мың теңге сомасына:

Жеменей өзенінің арнасын тазалау жүргізілді, Шілікті ауылдық округінің Какенталды ауылында жағаны нығайту жұмыстары жүргізілді: Зайсан қаласындағы тұрғын үйлерді су басудан қорғау үшін суды бағыттайтын каналдарды тазалау және тереңдету бойынша жұмыстары жүргізілді.



Үржар ауданы бойынша техникасы бар шаруа қожалықтарымен келісілген шарт бойынша каналдарды және арықтарды тазалаумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

Шемонаиха ауданы бойынша:

2011 жылы 3 млн. теңге сомасына Большая речка ауылындағы өзендердің арналарын түзету бойынша жұмыстар жүргізілді;

2012 жылы 300 мың. теңге сомасына Красная Шемонаиха ауылындағы

өзендердің арналарын түзету жүргізілді.

Жағаны бекіту бойынша жұмыстар жүргізу Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында жоспарланған: 31,6 млн. теңге сомасына Вех-Уба ауылында; 10 млн. Теңгеге Выдрих ауылында. 2013-2014 жылдарға арналған Шемонаиха қаласының кіші өзендердің жағасын нығайтуға 12 млн. теңге жоспарлануда.

Көктемгі су тасқын қауіпті маусымда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалар мен аудандарда ЖЖМ қоры құрылды: 20 тонна дизельді отын, 10 тонна жанармай және 1 тонна мотор майы.

- қалқалау құрылымдары мен бөгеттер салу үшін қалалар мен аудандарда 50 мың дана қапшық (полиэтилен), 39 мың текше метр орман, 70 тонна цемент, 863 тонна ұсақ тас кесек қоры бар;

- зардап шеккен халықты уақытша көшіру үшін 1650 адамға арналған шатыр лагері бар.

Қалалық және аудандық жедел ден қою жасақтары, АҚ және ТЖ аумақтық құрамалары дайындыққа келтірілді. Адамдарды жетуі қиын жерлерден көшіру үшін 10 бірлік шынжыр табанды көлік сүйреткіштері дайындықта тұрды.

Зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 150 койко-орын, жеке құрамы 2433 адам 211 медициналық құрама, саны 375 бірлік техника санитарлық автокөлік дайындалды.

Өзендер сағаларын әуеден барлау, жарылыс, көшіру және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 5 бірлік тікұшақ (МИ-8 – 2 бірлік, МИ-2 – 3 бірлік) ұдайы дайындықта тұр.

«ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ филиалы ШҚО ПБ қызметкерлері ШҚО ТЖД мен «Шығыс Қазақстан гидрометеорология» қызметкерлірімен бірлесіп облыстың сел, көшкін, сырғыма жүру қауіпті учаскелерге жердегі тексеру жүргізілді, был басынан бастап барлығы: 255 көшкін қауіпті, 21 құлама, 78 су тасқыны қауіпті аймақтар тексерілді. Сонымен қатар Әкімдігі мен облыстың ТЖД 3 аэровизуалдық тексерулер өткізді. 2012 жылдың 18 маусымнан бастап 22 маусымға дейінгі кезеңде «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ филиалы ШҚО ПБ қызметкерлері ШҚО ТЖД өкілдерімен Катонқарағай ауданындағы 27 мұздақты көлдер тексерулер жүргізілді. Тексеру актілері рәсімделді, оларды құжаттандыру үшін құжаттамалар дайындалуда.

Коммуналдық меншікте тұрған су шаруашылығы құрылыстарын басқару бойынша «Шығыс су қоймалары» кәсіпорыны ГТҚ мен СШҚ тұрақтылығын жоғарылату үшін мына іс-шараларды жүргізеді:

- коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын көп факторлы тексеру;

- су шаруашылығы объектілерін паспорттау;

- су шаруашылығы объектілерін пайдалану ережелерін әзірлеу.



Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу ережесін және паспорт нысанын бекіту туралы» ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің 2009 жылғы 04 маусымдағы №326 бұйрығын орындау үшін, су шаруашылығы құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс су қоймалары» КМК 2012-2014 жылдары 129 СШО паспорттауды және ары қарай республикалық меншікке тапсыру үшін қосымша 15 иесіз магистралды арналарды тұрақты жер пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актіні алуды жоспарлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет