Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы
№31/209 шешімі
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№ 2759 болып тіркелген)
Түпқараған аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№27/189 «2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015–2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы №26/403 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2752 болып тіркелген), Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №27/189 «2015–2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2573 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2015–2017 жылға арналған аудандық бюджет қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 421 015 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 009 280 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 933 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 92 740 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 2 310 062 мың теңге;
2) шығындар – 6 660 211 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 680 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 14 670 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 990 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) –249 876 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 249 876 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 14 670 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 990 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 239 196 мың теңге.».
2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы:
А.Берішбаева А.Досанова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы:
Ж.Төлеген
29 маусым 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |