Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары


ОПТЖ бойынша трафиктің өткізілуін реттеу тәртібі



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі179.5 Kb.
#131188
1   2   3   4

ОПТЖ бойынша трафиктің өткізілуін реттеу тәртібі


70. Байланыс операторлары өздерінің желілеріндегі трафиктерінің өткізілуін осы Қағидаларға, берілген лицензияларға және байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

71. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын әрбір байланыс операторы (желі иесі) өз желісінің шегінде тұйықталатын телефон трафигінің өткізілуін басқаруды өз бетінше жүзеге асыруға құқылы, және байланыс саласындағы уәкілетті органның және ОПТЖ магистральдық операторының олардың құзыреті шегіндегі төмендегілерді қамтитын нұсқауларын орындауға тиісті, оның ішінде:

1) ұлттық желінің шегінде тұйықталатын трафикті маршруттау бойынша;

2) халықаралық шығыс, кіріс және транзиттік трафикті маршруттау бойынша;

3) өз желісінің техникалық жағдайы мен жұмысы туралы толық ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну бойынша.

72. Жергілікті, қалааралық, халықаралық трафикті ОПТЖ-ға және ІP-телефония (Интернет–телефония) операторларының трафигін босату және қосылу нәтижесінде желілердің техникалық құралдары бойынша деректерді тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосатын және қосылатын желілердің байланыс операторлары арасында жасасқан шарттар негізінде ғана рұқсат етіледі.

Қосатын байланыс операторлары тиісті трафик түрін өткізуге шарт жасаспаған қосылатын байланыс операторларының жоғарыда аталған трафик түрлерін өткізуді жүзеге асырмайды.

73. ОПТЖ қосылатын байланыс желілерінің және ОПТЖ шығатын және кіретін халықаралық телефон трафигін өткізу Қазақстан Республикасының ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының ХЖО коммутация алаңы арқылы жүзеге асырылады.

74. Заңда белгіленген жағдайларда байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілеріндегі телефон трафигін өткізудің тікелей орталықтандырылған басқаруын жүзеге асырады.

75. Нөмірді теру кезінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдауға арналған префикстер байланыс саласындағы уәкілетті орган тарапынан тағайындалады және тек шығатын байланыс кезінде ғана пайдаланылады.

Кіретін байланыс кезінде кіретін халықаралық (қалааралық) станциядан байланыс операторын таңдап алу операторлар арасындағы кіретін трафиктің жергілікті телекоммуникация желісінің абоненттеріне баратын бағыты бойынша жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

76. Желіде зақымдар, шамадан тыс жүктемелер немесе штаттан тыс жағдайлар болған кезде байланыс операторлары тез арада байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, трафиктің бағытталған пунктіне қарай маршруттау үшін айналмажол ұйымдастыру жөніндегі келісілген шаралар қабылдануы тиіс.

Трафикті айналма жолдар бойынша маршруттау схемасы, айналма жолдарды қалыптастыру тәртібі қалааралық және халықаралық байланыс операторларының бірлескен шешімімен белгіленеді.

Байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жедел басқаруды байланыс саласындағы уәкілетті орган ЖПТЖ басқарудың бас орталығына құзыретін жүктейтін қалааралық және халықаралық байланыс операторларының біреуі іске асырады.


5. Желілік ресурстардың пайдаланылуына және трафиктің өткізілуіне өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі

77. Телекоммуникация желілерін қосу нәтижесінде өзара іс-қимылдағы байланыс операторларының өзара іс-қимылы өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде мынадай жалпы ережелерге негізделеді:

1) телекоммуникация желілерінің ресурстарын (коммутациялық станциялардың, арналардың және желілердің өткізу қабілетін) мейлінше көп пайдалану;

2) шақыруларға қызмет көрсету және пайдаланушыларға қызметтер ұсыну сапасының көрсеткіштерін арттыруға дем беру;

3) тең құқылы әріптестік;

4) әрбір жақтың телекоммуникация желісінің станциялық және желілік құрылыстарын салуға және пайдалануға салған салымдарын ескеру.

78. Байланыс операторлары арасындағы ұсынылатын желілік ресурстар үшін өзара есеп айырысу тәртібі мыналарды ескере отырып анықталады:

1) техникалық құралдар мен ОПТЖ-ға енуді қамтамасыз ететін телекоммуникация құрылыстар меншігіне қатыстылығы;

2) ОПТЖ-ға қосылу деңгейі;

3) трафикті ОПТЖ арқылы өткізудің есепке алыну қажеттілігі.

79. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосудың (қосылудың) стандартты нүктелерін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен табыстарды өтеуден (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш есе көлемінен аспайтын) қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын білдіреді.

Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеген уақытта алаңдар мен үй-жайларды жалға алу бойынша шығындар енбейді.


      Қолданыстағы қосылу қуаттылығын кеңейту шарттық негізде екі тараптың да мүдделерін есептеумен жүргізіледі.

80. Өзара іс-қимылдағы байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрлерін босатуға өзара есеп айырысу абоненттермен байланыс қызметтеріне, сондай-ақ қосылыстың ұзақтығын уақытқа қарай есептеу аппаратурасына есеп айырысудың сертификатталған және тексерілген автоматты жүйелерінің енгізілген әрбір өзара әрекет етуші байланыс операторынан алынған биллингтік деректер негізінде жүргізіледі.

81. Операторлардың өзара іс-қимылы қосатын және қосылатын кезінде олардың арасындағы өзара есеп айырысу өткізілген кіріс, шығыс және транзиттік трафиктер, қосылу қызметтері үшін және жалданатын телекоммуникация құралдары мен құрылыстары үшін жүзеге асырылады.

Өткізілген трафик үшін өзара есеп айырысу кезінде пайдаланушыдан төлем алатын шығыс бағыттың байланыс операторы өткізілетін трафиктің бағыт кіріс немесе транзиттік болып табылатын байланыс операторымен есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде есеп айырысады.

Егер бір оператормен телекоммуникация қызметтерін ұсыну басқа оператордың абонеттеріне алдын ала төлем карталары бойынша немесе олардың арасындағы тікелей шартпен жүргізілсе, операторлар арасындағы өзара есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде операторға төлем қарастыратын, шығыс қосу кезінде абоненттік жалғауды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер арқылы жүргізіледі.

82. Қосатын және қосылатын операторлардың арасындағы өткізілген трафик үшін есеп айырысу былай жүргізілуі тиіс:

1) трафиктерді өткізу қызметтері:

жергіліктіге (кіріс, шығыс, транзит);

қалааралыққа (аймақішілік) (кіріс, шығыс, транзитті);

халықаралыққа (кіріс, шығыс, транзитті);

ұтқыр операторлар желісіне(нен);

IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының;

байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттар трафигінің енуі;

2) көліктік желі арналарына қол жеткізу қызметтері:

байланыс арнасын ұсыну жалға алу (баламалы, немесе цифрлы) және (немесе) басқа байланыс операторларының желілерімен қосылудың әр түрлі нүктелері арасындағы жалғау желісі;

3) байланыс операторының желісіне қол жетізуді ұйымдастыру қызметтері:

арналарды ұйымдастыру және қосу бойынша және (немесе) жалғасатын желілер арасындағы жалғау желісіндегі жұмыстар (қосу нүктесінің географиялық орналасуына қарай әрбір жалғанатын оператор желісінен қосу желісіне дейін);

4) қосатын байланыс операторының қызметтеріне қол жеткізу:

биллинг өткізу және абонеттерден төлемдерді жинау;

жалға ұсыну немесе кабельді кәрізді және қосу мақсатындағы технологиялық мүлікті пайдалану;

техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және жабдықты қарау;

5) қосу қызметтері.

83. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары шетелдік халықаралық операторлармен халықаралық трафик үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

84. Байланыс операторларының халықаралық трафикті өткізгені үшін өзара есеп айырысу шарттық негізде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополиялар және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.

85. Төлем шақыратын оператордың байланыс қызметтеріне жүзеге асырылатын қызметтерге байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара іс-қимылдағы операторлар арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.

86. Аймақішілік немесе жергілікті деңгейде қосылатын өзара іс-қимылдағы желілердің арасындағы өзара есеп айырысулардың ішіне есеп айырысу ставкасы негізінде трафик бірлігі үшін төлем әдісімен осы Қағидалардың ұсыныстары мен ХЕО ұсыныстары (D сериясы), сондай-ақ қажет болған жағдайларда және қосымша шарттар негізінде қосу желісі, байланыс арналары мен телекоммуникация құрылыстарын пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем үшін есеп айырысу кіреді.

87. Бір қосылу желісіне операторлар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүргізу кезінде 64 кбит/с стандартты цифрлы арна, ені 3,1 кГц үнді жиіліктегі баламалы арна, 50 Бод тарату жылдамдығымен бір төртсымдық арна алынады. Е1 ағыны G.704 п. 5.2 «n*64 кбит/с арналары әкелетін, 2048 кбит/с-қа түйіс» ұсынысына сәйкес 30 стандартты цифрлық арнаға алынды.

N*64 арналарының ағынында кіріс және шығысқа бөліну қосылатын арнаның байланыс операторы ұсынған қызмет көрсету түріне байланысты болады және қосуға техникалық мүмкіндіктер беру және орындау кезеңінде анықталады.

Жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі дауысты тарату үшін 30 цифрлы арнаны қамтамасыз ететін, Е1 цифрлық портымен қалыптасады, синхрондау үшін жеке арна және басқару сигналдарын тарату үшін жеке арна, барлығы 64 кбит/с жылдамдылығы 2 Мбит/с бойынша барлығы 32 арна.

88. Байланыс операторлары арасында трафикті босатқаны үшін өзара есеп айырысу қосылу шарттары негізінде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополияларға және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.

89. Байланыс операторларының арасындағы есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу трафикті өлшеу шығатын, сондай-ақ кіретін бағыттарда жүргізілуі тиіс. Бұл кезде байланыс операторларының әрқайсысы басқа операторлармен үш жылға жасалған шарттардың талаптарына сәйкес салыстыруды жүргізу үшін барлық пайдаланылатын жүктемелерді өткізу жолдары бойынша өткізілген трафик туралы бірінші деректерді сақтайды және деректердің сенімділігі үшін жауап береді.

90. Әр түрлі бағыттар бойынша өткізілетін трафиктің көлемдері туралы сенімді деректер алу мақсатында байланыс операторлары оның көлемдерін анықтау мүмкіндігі мен тура және айналып өтетін арналарды қоса отырып, жалғануларды орнатудың барлық пайдаланылатын бағыттары бойынша шақыруларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.

91. Байланыс операторлары арасындағы уағдаластық бойынша трафик туралы деректерді жинақтау және өңдеу өзара іс-қимылдағы операторлардың біреуіне тиесілі ортақ есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асырыла алады.

92. Есеп айырысу мезгілі ретінде бір күнтізбелік айды алу ұсынылады. Операторлар арасындағы келісім бойынша өзге де есеп айырысу мезгілін пайдалануға болады.

93. Жүктемені есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдарға қарамастан, коммутациялық станциялардың барлық түрлеріндегі трафикті өлшеу үшін және қосылуды орнату бағыттары мен шығатын халықаралық трафиктің құрылымы (құрамы) туралы барынша толық ақпарат алу үшін оның шамасының есебі АҚТС тарифтеу аппаратурасының, жергілікті телефон қосылыстарының құнын уақыт бойынша есептеу аппаратураларының (немесе электронды АТС-ларды тиісті бағдарламалық қамту) деректері және шығатын қалааралық және халықаралық сөйлесуге берілген тапсырыстардың бланкілерінің (МТФ-4, МТФ-5 қатаң есептілік нысаны) негізінде жүргізілуі тиіс.

94. Трафиктерді есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификаты болуы тиіс (өз бетінше немесе сертификатталған телефон станциясының құрамында).

95. Операторлардың байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ұсынған қызметтік байланысы тегін ұсынылады және өзара есеп айырысу кезінде есепке алынбайды. Қызметтік байланыстың көлемі өткізілген трафиктің көлемінің 2%-дан аспауы тиіс немесе қол жеткізілген келісім көлемінде болуға тиіс.

___________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет