Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы


Заңымен 29-бап өзгертілді 29-бап



бет4/10
Дата25.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#21532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Заңымен 29-бап өзгертілді

29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:

1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;

2) реквизициялау;

3) тәркiлеу;

4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығару;

5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:

1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;

2) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;

3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды



4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтатқан кезде меншік иесіне осы Заңның 67-бабына сәйкес тұрғын үй беріледі.

 

ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен. 30-бап толықтырылды



30-бап. Меншiк иесiнiң отбасы мүшелерiн және басқа да тұрғындарды тұрғын үйден шығару

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 29-бабының 1-тармағындағы 2), 4) және 5) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) тұрғын үйден шығарылады және бұрынғы тұрғын үйдiң өтемi ретiнде алынған тұрғын үйде тұру құқығын алады.

Бұрынғы тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Меншiк иесiнiң еркi бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда, егер тұрғын үйдi сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi, меншiк иесi отбасының бұрынғы мүшелерi және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.

Меншiк құқығы тоқтатылуы, тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерiне қатысты болса, ол осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормалармен реттеледi.

3 БӨЛIМ



6-тарау. Кондоминиум

 

31-бап. Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде - кондоминиум құрылады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне дара (бөлек) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі.

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға дара (бөлек) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер үй-жай тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.

5. Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Үй-жай (пәтер) меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне дара (бөлек) меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан (пәтерден) жеке бөлiп алуға құқығы жоқ.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.

Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашуға міндетті.

Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай жүзеге асырылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрмай кондоминиум объектісін басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және (немесе) өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы тармақта белгіленген мақсаттарда ғана ашады.

Кондоминиум объектісін басқару органы, уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

 

ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 32-бап өзгертілді



32-бап. Кондоминиум объектiсiн тiркеу

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2-2. Кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргiзуге тиiс.

2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 

33-бап. Дара (бөлек) үй-жай иелерiнiң ортақ мүлiктегi үлестерi



1. Бiрнеше меншiк иелерiне тиесiлi дара (бөлек) үй-жайға меншiк иелерiнiң ортақ мiндеттемелеріндегі ынтымақтастық жауапкершiлiгiмен ортақ мүлiктегi бiр үлес сәйкес келедi. Мұндай меншiк иелерiнiң арасындағы өзара қатынастар олардың арасындағы келісімiмен реттеледi.

2. Ауызша немесе жазбаша келісім болмаған жағдайда әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiкте көрсетiлген үлеске меншiгiне байланысты бөлiнбейтiн құқықтары мен мiндеттерi тең болады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

34-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар.

3. Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөніндегі меншiк иелерiнiң келісімiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтіліп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң келісімiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы.

Үй-жай (пәтер) иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.

 

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



35-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.

36-бап. Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi (өзге де құқық иеленушілері) немесе олардың өкілдері емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi.

2. 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi

1. Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес.

2. Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды.

Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді.

 

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



38-бап. Үй-жайларға кіру

Егер меншiк иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi.

Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кіруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



39-бап. Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға келтiрiлген залалды өтеу

1. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.

2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi.

40-бап. Кондоминиум объектiсіндегі үй-жайдың iшiн өзгерту

Меншiк иесiнiң үй-жайды ортақ мүлiкке қауiп төндiретiн немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргiзумен байланысты өзгертуiне, соның iшiнде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.

41-бап. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi

1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.

2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту осы үй-жайлар иелерiнiң өзара келісімi бойынша жасалуы мүмкiн.

2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Үй-жайлар мен ортақ мүлiктiң арасындағы шекараларды өзгерту басқа меншiк иелерiнiң және кондоминиум объектiсiн басқару органының келiсуiмен ғана жасалуы мүмкiн.



 

2009.08.06. № 163-III ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет