Тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижесі



Дата23.02.2016
өлшемі84.34 Kb.
#2494
Тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижесі
Рақымғалиев Б.К. – аға оқытушы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі- адам капиталын дамыту, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы бағытта жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар халықты жұмыспен қамтуға, әлжуас топтардың материалдық кірісін өсіруге бағытталған. Бұл мақсатта «Батыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған» Бағдарламасы мен Жол картасы жүзеге асырылып келеді.

Батыс Қазақстан облысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттары: еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, зейнетақы тағайындау, жәрдемақы тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптаулар жүргізу.

Қазіргі уақытта, 2007 жылдың 12 желтоқсанында № 4-14 облыстық мәслихаттың сессияның шешімімен бекітілген, Батыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты - өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымды теңестіру, жұмыс күшінің сапасын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:


  • Халықты жұымспен қамту деңгейін өсіруге ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;

  • Халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау;

  • Аймақ халқын жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау.

2008-2010 жылдары Бағдарламаны іске асыру мақсатында қаралды:

  • 23328 адамды, оның ішінде 2008 жылы – 7580 адам, 2009 жылы - 7787 адам, 2010 жылы – 7961 адамды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

  • 20869 адам, оның ішінде 2008 жылы – 7079 адам, 2009 жылы – 6956 адам, 2010 – 6837 адам үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру;

  • 3778 адамды, оның ішінде 2008 жылы – 1225 адам, 2009 жылы – 1271 адам, 2010 жылы – 1282 адамды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу;

  • нысаналы топтар үшін 3235 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде 2008 жылы – 1069, 2009 жылы – 1078, 2010 жылы – 1088;

  • 17700 жаңа жұмыс орнын ашу, оның ішінде 2008 жылы – 5719, 2009 жылы – 5866, 2010 жылы – 6115.

Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқаратын қызметінің негізгі тарауларының бірі ол жұмыссыздықпен күресу. Жұмыссыздықты азайту мақсатында атқарылар шаралардың бірі жаңа жұмыс орындарын ашу немесе құру болып табылады. Бұл бағытта басқарма қызметінің нәтижесі айтарлықтай оң көрсеткішті көрсетіп отыр.


Кесте 1. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың көрсеткіштері, адам




Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

Жұмысқа орналастыру:

7200


10862

7300


11146

5719


10758

2

Кәсіби оқыту:

  • бағдарлама бойынша

- нақты оқытылғандары

1400


1449

1350


1642

1200


1362

3

Қоғамдық жұмыстар:

  • бағдарлама бойынша

- нақты тартылғандар

8000


8175

7000


7390

7000


7561

Жоғарыдағы кесте көрсеткіштерінен жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар бағдарламада жоспарланған шаралардан едәуір жоғары деңгейде орындалған көруге болады. Мысалы, 2008 жылы жұмысқа орналастыру бағдарламада жоспарланғанға қарағанда нақтысында 52,7 %-ке, ал 2009 жылы 88,1 %-ке артық орындалған. Сондай-ақ кәсіби оқыту 2008 жылы бағдарламаға қарағанда 21,6 %-ке, 2009 жылы 13,5%-ке, ал қоғамдық жұмысқа тартылғандар тиісінше 5,6 %-ке және 8 %-ке жоғары орындалған.

Жұмысқа орналастырылған адамдар санының артуына жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы себеп болып отыр. 2009 жылғы жаңадан ашылған жұмыс орындарының басым бөлігі шағын және орта бизнеске және ауыл шаруашылығына тиесілі. 2009 жылы жаңадан жұмыс орындарының көптеп ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен дайындалған «Жол картасы – 2009» бағдарламасының белсенді жүргізілуімен байланыстыруға болады. Республика көлемінде 400 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл бағдарлама шеңберінде 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жұмысқа орналасу делдалдығымен жолыққан адамдардың саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 23990 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 53,7 пайызға жоғары. 2010 жылдың 1 қаңтарына ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген адамның саны 2043, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 қаңтарының көрсеткішінен 969 адамға кем.






  • 2010 жылдың 1


Сурет 1. Жаңадан құрылған жұмыс орындарының құрылымы
2010 жылдың 1 қаңтарына 18516 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (01.01.2009 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе жоғары).

2010 жылдың 1 қаңтарына экономиканың әр түрлі саласында 18384 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішінен 1,7 есе жоғары. 9097 жұмыс орыны (49,5%) ауылдық жерде құрылды.

Мемлекет басшысының мемлекеттік жұмыспен қамту органдары мен облыстық әкімдіктерге қойып отырған басты талаптарының бірі – ол шетелдік мамандарды отандық мамандармен алмастыру жұмыстарын жандандыру.

Жұмыспен қамту саясаты шетел компанияларына жұмысқа орналастыру арқылы да жүргізіледі. Шетел жұмыс күшін тартумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қазақстандық қызметкерлердің саны көбеюде. Оларда 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 15186 ҚР-ның азаматтары жұмыс жасайды, бұл 2009 жылдың 1 қаңтарынан 15,9%-ға артық.

Сонымен қатар, шетел жұмыс күшін тартатын компанияларда 2010 жылдың 1 қаңтарына 1746 жұмыс орны ашылды. 260 қазақстандық мамандар шетелдік қызметкерлерді алмастырды, бұл көрсеткіш өткен жылмен саластырғанда 85 адамға көп.

2009 жылы шетел жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдардағы шетелдіктер мен қазақстандықтардың арақатынасы және оларды алмастыру динамикасы



Қазақстандық мамандарының саны

Шетел мамандарының саны

Қазақстандық мамандарымен алмастырылған шетел

мамандарының саны
Сурет 2. Шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен алмастыру динамикасы
2010 жылдың 1 қаңтарына 4714 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 қаңтарынан 3,9 есеге жоғары. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғандардың ішінен 3009-ы ауыл тұрғындары. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар мемлекеттік мекемелерден басқа, меншік нысанына қарамастан әрбір кәсіпорындар мен ұйымдарға жолданды.

2009 жылы облыс бойынша жастар тәжірибесіне 2471 адам жіберілді. Кейбір қатысушылар жастар тәжірибесінен мерзімінен бұрын кетіп, босаған орындарына басқа азаматтар жіберілді. Жастар тәжірибесі нәтижесінде 235 түлек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін мақсатты жұмыстар ұйымдастырылды. 2010 жылдың 1 қаңтарына кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 5447 адам жіберілді, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 қаңтарынан 4 есеге жоғары. Бюджеттік қаржы есебінен бөлек еңбек нарығында сұраныс артып отырған мамандықтар бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары жұмыс берушілердің қаражаты арқылы да жүргізілді. Шетелдік компаниялардың қаржысы есебінен 739 жұмыссыздар даярлау және қайта даярлаудан өтті.

Ірі компанияларды кадрларды даярлау үшін тарту жұмыстары жалғасуда. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау нәтижелі болу үшін 18 компаниямен оқу орындар арасында тығыз қарым қатынас орнатылды. Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті (БҚАТУ) және 10 компания арасында, жоғары білімді мамандар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және компанияларға қажетті мамандықтар бойынша бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде 10 Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде 1,5 жыл уақыт ішінде шетел компанияларында тәжірибеден 267 студент, сынақтан 79 студент өтіп, 232 түлек жұмысқа орналасты. Студенттерді даярлау мақсатында (АМЕК) ЖШС мен ЖОО-ы арасында байланыс орнатылып, «АМЕК – Қазақстан студенттері» (АҚС) бағдарламасы бойынша 60 студент іріктелініп, компания оларға ең төменгі еңбекақы көлемінде шәкіртақы төлейді.

Жұмыспен қамтудың белсенді түрінің бірі қоғамдық жұмыстарға жіберіп, уақытша жұмыспен қамтамасыз ету. 2010 жылдың 1 қаңтарына қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны 8566 адам құрады, ол 2009 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштен 13,2% жоғары.

Халықты әлеуметтік қолдаудың қосымша түрі бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу. 2009 жыл бойына өткізілген жәрмеңкелердің жалпы саны – 16, соның ішінде 7-і Орал қаласында өткізілді.

Облыста оралмандармен жұмыс жалғасуда және оларға әлеуметтік қорғаудың барлық түрлері көрсетіледі. 2010 жылдың 1 қаңтарына 24 оралман жолығып, 16-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2-і – қоғамдық жұмыстарға, 5-і – кәсіби оқуға жіберілді.

2008 жылдың 24 қаңтарында Жезқазған қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі форум өткізілген болатын. Бұл форумда Елбасының берген тапсырмаларына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған бизнес құрылымдары арасында әлеуметтік еңбек қатынастар саласында БҰҰ-ның Ғаламдық шарт қағидаларын алға жылжыту жөнінде облыстың 65 кәсіпорнымен келісім жасалды.

Өндірістік процесстерді тұрақтандыру және еңбек құқығын, қызметкерлер кепілдігін қамтамасыз ету жөнінде облыстың 474 кәсіпорындарымен меморандумдар жасалды. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында 1148 ұжымдық шарттар жасалды.

Әлеуметтік еңбек қатынасын реттеу және әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық үш жақты комиссия жұмыс жасайды. 2009 жылы комиссияның төрт отырысы өткізілді. Жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:



    1. еңбекақы бойынша қарызы бар кәсіпорындар саны 8-ден 4-ке дейін азайды;

    2. қарыздың жалпы сомасы 83,5 млн.теңгеден 28,5 млн.теңгеге түсті;

    3. толық емес жұмыс күнімен жұмыс жасайтын кәсіпорындар саны 17-ден 3-ке дейін азайды;

    4. өндірісті толықтай тоқтатқан кәсіпорындар саны 3-тен 1-ге азайды;

    5. қысқартылған жұмысшылар саны 83-тен 0-ге дейін азайса, амалсыздан демалыста отырушылар саны 849-дан 116 адамға дейін азайды, толық емес жұмыс күнімен жасаушы жұмысшылар саны 450-ден 12 адамға дейін азайды, өндірістің құрал-жабдықтар жетіспеуіне байланысты уақытша тоқтап тұруынан еңбекақысыз демалыстағы жұмысшылар саны 307-ден 3 адамға дейін азайды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2009 жылдың 1 қаңтарының көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,3 пайызға төмендеп, 0,6 пайызды құрады.

Жұмыссыздарды тіркеу бойынша уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 2005 жылы 4509 адам немесе еңбекке қабілетті жастағы адамдардың 1,4 %, 2006 жылы 3724 адам немесе 1,2 %, 2007 жылы 3277 адам немесе 1,0 %, 2008 жылы 3012 адам немесе 0,9 %-ті, ал 2009 жылы 2043 адамды немесе 0,8 %-ті құраған. Бұл көрсеткіштерден тіркелген жұмыссыздық деңгейінің 2009 жылы 2005 жылға қарағанда 2466 адамға немесе 0,6 %-ке төмендегенін көруімізге болады.



Дегенмен де жоғарыда аталған көрсеткіштер облыс көлеміндегі жұмыссыздықтың нақты деңгейін сипаттамайды. Себебі уақытша жұмыссыз қалған адамдар уәкілетті органға келіп тіркелмей, өз бетінше жұмыс іздеуді жалғастырады. Сонымен қатар, облысымыз аграрлық салаға маманданғандықтан жаз және күз айларында жұмыс қызу қарқынды жүргізіліп, ал қыс айларында жұмыстың бәсеңдейтіні белгілі. Сондай-ақ соңғы жылдары құрылыстың қарқынды жүргізілуі де жұмыссыздықтың төмендеуіне елеулі әсер етті. Облыс көлеміндегі ірі жобалардың (Қарашығанақ кен орнына байланысты және т.б.) іске асырылуы көптеген облыс тұрғындарының жұмыспен қамтылып, табыс табуына зор мүмкіндік берді.
Мақалада Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтудың жай-күйі баяндалған. Қол жеткізілген жетістіктер мен нәтижелерге кеңінен талдау жасалынған.
The condition and problems of maintenance of population employment in West Kazakhstan Region is considered in the article. Main conclusions and results of employment policy are analysed.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет