«Түркі халықтарының жалпы тарихы»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
M054 Түркітану
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны мен жоспары.
Тестіге «Түркі халықтарының жалпы тарихы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсыр
малар
саны
|
Қиынд
ық
деңгейі
|
1
|
Түркі қағанаттарының тарихы
|
5
|
ААВВС
|
2
|
Түркі халықтарының Алтын Орда дәуіріндегі тарихы
|
5
|
АВВСС
|
3
|
Түркі халықтарының әдебиеті және фольклоры
|
5
|
ААВВС
|
4
|
Түркі халықтарының мәдениеті
|
5
|
АВВСС
|
Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны
|
20
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының мазмұнында «Түркі халықтарының жалпы тарихы» пәні бойынша осы саланың хронологиялық кезеңдері, Түркі қағанаттарының және Түркі халықтарының Алтын Орда дәуіріндегі тарихы, Түркі халықтарының мәдениеті, оның ішінде Түркі халықтарының әдебиеті мен фольклоры және жалпы мәдениеті туралы сұрақтар қамтылып, осы пән бойынша тарихи-танымдық тұрғыдағы сұрақтар қарастырылады.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Бартольд В. В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии (печатается по изданию: академик В. В. Бартольд, «Сочинения», т. V. Издательство «Наука», Главная редакция Восточной литературы, М., 1968)
2.Гумилев Л.Н. Көне түріктер – Алматы, 1994.
3. Кляшторный С. Г. История Центральной Азии и памятники рунического письма / С. Г. Кляшторный; Филологический факультет СПбГУ. — СПб., 2003, С. 153.
4.Сыздықов С.М. Қарлық – Қарахан мемлекеті: саси тарихы және мәдени мұралары. – Астана: Фолиант, 2014. – 320 б.
5.Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: қазақ әдебиеті бастаулары / Н. Келімбетов. – Алматы : Атамұра, 2005. – 334 б.
6.Қазақ фольклорының тарихилығы / Жауапты редактор Р. Бердібай. – Алматы, 1993
7.Қасқабасов, С.А., Айтмұхамбет, Ж.Ә. Қазақ фольклоры: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / С.А. Қасқабасов, Ж.Ә. Айтмұхамбет. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2017. – 299 б.
8.Қоңыратбаев, Ә. Қазақ эпосы және түркология / Ә. Қоңыратбаев. – Алматы, 1987. –192 б.
9. Келімбетов Н.. Көп томдық шығармалар жинағы / Алматы; Раритет,2014
10. Ш. Нематова, А. Нематов Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері, 4-том – 448 б.
Достарыңызбен бөлісу: |